//

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа ЖЕДЕЛ ХАТ

1938 рет қаралды
31

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Назарбаевқа ЖЕДЕЛ ХАТ

Біздер, төменде қол қоюшылар Жаңаөзенде, Шетпеде және Батыстағы басқа жерлерде бейбіт халыққа қарсы қару қолданып қантөгіске жол берген жауыздықты айыптаймыз! Ондай әрекеттерді дереу тоқтатуды талап етеміз!

Темірхан Медетбек, Рысбек Сәрсенбайұлы, Жанұзақ Әкім, Болат Әбілев, Жармахан Тұябай, Ермұрат Бапи, Гүлжан Ерғалиева, Әміржан Қосанов, Болат Әбішев, Ғазиз Алдамжаров, Маржан Аспандиярова, Қажымұқан Ғабдолла, Айтмырза Құрманғазы, Кенжебай Мұханбет .

Бұл талапты Маңғыстау өңірінен келіп Алматыда оқып жүрген студенттердің 18 желтоқсанда, Жазушылар одағында өткен бас қосуына қатысқан екі жүзден астам жастар қолдады.

Сурет: caspionet.kz

Парақшамызға жазылыңыз

31 Comments

  1. Сәлеметсізбе мен өзбекістаннан көшіп келіп едім маңғыстау облысы бинеу ауданына келдім оралман қазақпын мен өзім аператор камера түсірем адове премер пакетін білемін жанеде баска програмаларды білемін маған видио студия ашуға көмек тесе аласыз ба +77058199223

  2. Құрметті Нұрсұлтан аға мен Жамбыл облысы Сарысу ауданынан хат жолдап отырмын Менің әкем Сарыбаев Боранқұл Сарыбайұлы 2004 жыл өзіңіздің қабылдауыңызда болған біздің әкей Сарысу ауданында ен алғаш 1954 жылы тылды ен алғаш көтерген еді Еңбек жолында қаншама нограттары бар көп жыл еңбек еткен қазіргі зейнет ақысы мардымсыз соған көмек беруіңізді сұранамын құзырлы орындарға барғанымызда тек сіздің бұйрығыңызбен болады деп қайтарды осыған көмек беруіңізді аса құрметпен сұранамыз мекен жайымыз Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ұ.Сыздықбайұлы ауылы Жарылғап көшесі №20 тел. 872634-5-00-01 87057972792

  3. Бауырым, “Канша халва-халва десен де аузында татты дам болмайды”- деген макалды есине салгым келеди ! Биздин елде баринен – баринен Европалык стадарттарга сай келуге тырысады , яни свет,су, бензин т.б.,тек жалакы мен зейнетакыдан емес !

    • Аса Мәртебелі Елбасы! Мен, Айнұр Жамалбекқызы қарапайым мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Менің жасым 23те. Мен қазіргі таңда денсаулығыма байланысты еңбек демалысындамын, менің диагнозым – полиартрит (буын ауруы). Менің белім ауырады, таңертең мүлдем тұра алмаймын, маған жақсы клиникада ем алуға көмектесуіңізді сұранамын.Мекен-жайым Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Интернациональная көшесі №7 үй. 872637-5-02-02 87011304870 87072715464 87774231913

  4. Құрметті Президент! Сізден маған пәтер беруіңізді сұранамын. 87774231913 87263750202

  5. Құрметті Н.Ә.Назарбаев мен Жакупова Құрал Дүйсен қызы.Мен төрт балалы анамын,күйеуім жоқ.2006 жылы Уразбекова Айгүл деген әйелден пәтер сатып алғанмын, жарты ақшасын беріп,сосын жарты ақшасын бергенде құжат беремін деп мені алдап ақшамды алып қашып кетті.сосын Қарағандыдағы сотқа, әкімге бардым ешқандай көмек бермеді.Тексерсем бұл пәтер үкіметтікі болып шықты.Бір күні Алдангурова Айгүл деген әйел келіп мына үй менікі деп жалған құжат жасап алып маған үйден шық деп 26,03,2013ж дейін үйді босатпасан есікті бұзып кіреміз деп қорытады.бармаған жерім қалмады еш жерден көмек бермеді.сізден көмек беруінізді өтініп сұраймын.мекен жайым:Қарағанды қаласы Октябрь ауданы Магнитогорская үй 6, пәтер 16.тел:87752608881

  6. Аса құрметті Елбасы! Отбасында 2 ағайынды жігіттерміз.Ағам Ерекеев Дамир Берикович(1987 ж ) денсаулығының жоқтығына байланысты ІІ – топ мүгедегі.Осыған байланысты оны өмірлік зейнетақыға шығарған.Өзім 23 жастамын,жанұям бар,кішкентай Нұрислам атты 4 – айлық ұлым бар.
    Қазіргі таңда Алматы қаласында келіншегімнің ЖОО(мемлекеттік грант игері)білім алуына байланысты пәтер жалдап тұрамыз.Өзімнің тұрақты жұмысымның жоқтығына байланысты “Оптовка “базарында жүк тасып, арба итеремін.Тапқан табысым пек пәтеріме ғана жетеді, кейде ішерге су, жеуге нан таппай қалатын кездерде болады. 2010 -2011 жылдары Ішкі әскерде Отан алдындағы борышымды атқардым.Тұрмыс жағдайымыздың төмендігіне байланысты мектептен кейін ЖОО білім ала алмадым.Қолымда дипломым мен қаражатымның жоқтығына байланысты мемлекеттік жұмысқа да алмайды,оның үстіне әскери билетпен өрт сөндіру мекемесіне (бала кезгі арманым еді…) барсам,5000 $ сұрап жатыр.Менде ондай қаражат қайдан болсын… Анам аспазшы болып жұмыс жасайды,ал туған әкемді ес білгелі көрген емеспін. Оның үстіне ол адам бізге ешқандай қаржылай көмек (алимент) көрсеткен емес.қазіргі таңда анам,ағам мен өгей әкем (анамның екінші жолдасы)Тараз қаласында тұрады.Сізге хат жолдауымның басты себебі жоғарыдағы жазылған жағдайларды ескеріп, Алматы қаласына не өрт сөндіруші болып жұмысқа орналасуыма, не пәтер алуыма көмектессеңіз деймін.ҚАЗІР ҚАТТЫ ҚИНАЛЫП ЖҮРМІН, КӨМЕКТЕСІҢІЗШІ!Бар үмітіміз сізде, сіздің қолыңыздан келмейтін іс жоқ қой, мен оған сенімдімін!Өзіңізге деген сеніммен: Данияр Ерекеев. 87783379090

  7. Аса құрметті Елбасы!Менің Сізге өтінішім :Мен 800000 теңге көлемінде несием бар еді,ай сайын 48000 теңге төлеймін.Бір ғана айлыққа қарап отырмыз,басқа да қарыздарым бастан асады.ӘБДЕН ҚИНАЛЫП КЕТТІМ!Жолдасым ІІ-топтағы мүгедек,оның алатын көмек ақшасы тамағымыздан артылмайды,2-баламыз бар,өзім сырттай оқитын студентпін.Маған көмек берсеніз!Менің соңғы үмітім Сізде.87051166462 Камшат Мұратқызы

  8. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев мырзаға
    Кентау қаласы, Абай көшесі 6 «а»
    36 пәтер тұрғыны
    Мухтарова Амина Абдукаримовнадан
    ИИН 571223402194,
    жеке куәлік нөмірі 016058608,
    байланыс телефоны 87783238857

    Шағым арыз
    Менің ең соңғы үмітім әділетті шешім қабылдайтын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев мырза екеніне кәміл сенемін
    Мен ОҚО Кентау қаласынан хат жазып отырмын, Мен Мухтарова Амина Абдукаримовна ОҚО, Кентау қаласында тұрамын, Мен 1997 жылы 2 қаңтарда Кентау қаласы Абай даңғылы № 6 “а” үй, 36 пәтерді 45000 теңгеге сатып алған болатынмын. Сатып алу кезінде пәтердің иелері А.Алексеева пәтерге қатысты құжаттардың түп нұсқасы мен, үйдің кілтін маған берген. Бірақ маған пәтерді 1997 жылы 7 қаңтарда аударып берем деп алдап қашып кеткен. Олар Алексеева Антонина Ивановна, Мельникова Нина Николаевна, Алексеева Анатолий Данилович, Алексеева Оксана Анатолевна сол кезде Кентау қаласының есебінен шығып, Рессей мемлекетіне көшіп тамды аударып бермей қашып кеткен. Сол кезде мен 1997 жылы заңгерлерге жол сұрап барғанымда пәтерге қатысты барлық комуналдық (свет, су, жылу, налог) төлем ақылырының бәрін өз атыңыздан төлеп отыра беріңіз, 15 жыл өткен соң заңды түрде, атыңызға аударылады деп маған кеңес берген. Мен 15 жылды күттім. А.Алексеевалар сол 15 жылдын ішінде Қазақстанға бірде бір рет келген де емес. Мен мұны әділет басқармасынан алған анықтамалар арқылы дәлелдей аламын. Сол заңгердің кеңесі бойынша мен 15 жыл бойы осы пәтерімнің барлық төлемдерің төлеп осы өз пәтерімде тұрып 15 жыл уақыттын өтуін күттім. 2012 жылы қыркүйек айында мен сотқа өз пәтерімді меншік иесі етіп алуға арыз тастадым. Сол арыз Кентау қалалық сотының төрағасы Е.Оспанов мырзаға түскен. Кентау қалалық сотының төрағасы Е.Оспанов 2012 жыл 19 қазанда сот процесі болып Мухтарова Амина Абдукаримовнаға Кентау қаласы, Абай даңғылы № 6 “а” үй, 36 пәтер иелену мерзіміне байланысты меншік құқығы деп танылсын деп шешім шығарған. Сол сот шешімі 2012 жылы 3 қарашада күшіне енген. Мен шешімді алуға барғанымда, сот төрағасы Е.Оспанов мырза кезекті еңбек демалысына кеткенін айтты. Мен ол шешімді 22 қараша 2012 жылы алдым. Сонан соң мен әділет басқармасына барғанымда, маған сол әділет басқармасындағы тіркеу бөлімінде отыратын Набишева Диля, ол пәтерді Кентау қалалық сотының судьясы А.Касенова арестке қойғанын айтты. Сот төрағасы Е.Оспановтың 19.10.2012 жылғы шығарылған шешімінің біреуі Кентау қалалық әділет басқармасына бармаған. Менің адвокатым Н.Жунусова қайта Кентау қалалық сотының концеляриясынан сұрастырғанда, 2012 жыл 21 қараша күні Кентау қалалық сотының судьясы А.Касенова қазіргі шыққан мән жай бойынша деп, сот төрағасы Е.Оспанов мырзаның шешімін бұзып менім пәтерімді яғни жоғарыда көрсетілген мекен жайды, Кентау қаласы әкім апаратының қаржы бөлімінің бастығы Усманбетова Алия қызметтік лауазымын пайдалана отырып, А.Алексеевалардан сенім хатым бар деп, өз пайдасына сот шешім шығартқан. Мен Кентау қалалық сотының судьясы А.Касенованың бұл іс әрекетіне Обылыс сотына шағамданғанмын. Обылыс сотының төрағасы Н.Шәріпов мырза, сіздің шағымыңыз ділелін тапты, Кентау қалалық сотының судьясы А.Касенова тиісті жазасын алады деп жауап қайтарды. Алайда Кентау қалалық сотының судьясы А.Касеноваға ешқандай шара қолданылған жоқ. Сонан соң 2013 жылы 16 қаңтарда апелляциялық сот болып, Облыстық сотының судясы С.Мамираимов 21 қараша 2012 жылғы шыққан шешім жойылып, бірінші сот төрағасы Е.Оспанов 2012 жылы 19 қазанда менім пайдама шығарған шешімі қанағаттандырылсын деп шешім шығарған. Қайтадан Кентау қаласында 3-ші наурыз 2013 жылы қайтадан сот болды. Сол сот процесінен бастап А.Алексеевалардың сенімді өкілімін, маған сенім хат берген деп Морозов Денис деген адвокат пайда болды. Не сонда 17 жыл бұрын Рессейге кеткен, яғни Рессей федерациясының адамы Қазақстанның бір емес екі адамына қалай сенім хат бере алады. Сот болмастан бұрын Кентау қалалық сотының судьясы Г.Жолбарыс қарайтын болып, мені 11 ақпан 2013 жылы адвокатым Н.Жунусова арқылы қайта қайта түсте 13-00 де шақыртып, келмесеңіз сот процесі болмайды деп қорқытып, Кентау қалалық сотының судьясы Г.Жолбарыстың хатшысы Айтбай Гулжан өзі маған диктовать етип, мән жайға қарсы емеспін деп жазғызып, тағы бір таза бір тіл параққа қол қойдырып алды. Сот болатын күні яғни 2013 ждылдың 3-ші наурызынан, 15-ші наурызына дейін Заңсыз болсада менің ісімді қайтадан Кентау қалалық сотының судьясы А.Касенова 4 рет қарап, сот процесі болды. Сол сот процесінде маған судья А.Касенова сіздің пайдаңызға шығарып берген Сот төрағасы Е.Оспановтың 19.10.2012 жылғы шығарылған шешімін Кентау сотының судьясы Г.Жолбарыстың бұзғанын айтты. Кентау сотының судьясы Г.Жолбарыс процесті өткізген жоқ. Керек десеңіз мен ол судья Г.Жолбарыстын түрінде көрген емеспін. Кентау қалалық сотының судьясы Г.Жолбарыстың сот процесін откізбегеніне менің екі адвокатым, Н.Жунусова мен И.Сулешов және соттағы бейне таспалар арқылы тексеруіңізге болады. Мен осы уақытқа дейін судья Г.Жолбарыстың шешімін алғанда, көргенде емеспін. Кентау қалалық сотының судьясы Г.Жолбарыстың қандай шешім шығарғанын мен және адвокаттарымда білмейді. Мен Кентау қалалық сотының судьясы Г.Жолбарыс туралы Облыстық сот төрағасы Н.Шәріпов мырзаға шағым арыз түсірдім, алайда Кентау сотының судьясы Г.Жолбарысқа, Н.Шәріпов мырза ешқандай шара қолданбады, жазған арызыма жауапта жазған жоқ. Осы бойынша Кентау қалалық сотының судьясы Г.Жолбарысқа қызметтік тексеру жүргізуіңізді сұранамын. Сонымен Кентау сотының судьясы А.Касенова 19.10.2012 жылғы шығарылған шешімді қанағаттандырусыз қалдырылсын, және Мухтарова Аминаны, және оның қызы Иманходжаева Салтанатты, және оның кәмілеттік жасқа толмаган балалары М.Оразханды, А.Оразханды Кентау қаласы, Абай даңғылы № 6 “а” үй, 36 пәтерден басқа тұрғын үй-жай берілмей, еріксіз түрде шығарылсын деп шешім шығарды. Сонан соң мен 22 сәуір 2013 жылы қайтадан апелляциялық сот алқасына шағындандым. Ол сот процесінде апелляциялық сот алқасының судьясы Ғ.Ж.Бекпатша Кентау қалалық сотының судьясы А.Касенованың 15 наурыз 2013 жылғы шығарылған шешімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым арыз қанағаттандырусыз қалдырылсын деп шешім шығарды. Сонан соң кассациялық сотқа шағымдандым. Кассациялық сот 4 шілде 2013 жылы болды. Ол соттада Кентау қалалық сотының судьясы А.Касенованың 15 наурыз 2013 жылғы шешімі өзгеріссіз, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын деп судья Н.Шәріпов шешім шығарды. Сонан соң мен 7 наурыз 2014 жылы жоғарғы сотқа шағымдандым. Мен жоғарғы сотта әділдік болады деп үміттендім. Алайда әділдік жоқ екен. Менім қатысуымсыз, адвокатым И.Сулешовтын қатысуынсыз 17 сәуір 2014 жылы А.Алексеевалардың пайдасына шешім шығарыпты. Бұл недеген масқара, не сонда қарапайым халық адам емеспа не? Сот төрағасының шығарған шешімін жай судьялар бұзуға қандай қақысы бар. Ол А.Алексеевалар Қазақстанға 15 жыл, міне қазіргі таңда 17 жыл болды бірде бір рет келген емес, я болмаса бірде бір рет сот процесіне қатысқан емес. Қазір ҚР Конституциясының 240 бабында 7 жыл отырсан пәтер меншік иесі болуға толық қақын бар деген заң қайда сонда. Ол қаржы бөлімінің бастығы Усманбетова Алияның 3 бөлмелі пәтері бар, тағыда Кентау қаласы бойынша пәтер кезегінде 2-ші болып тұр. Ендігі бар үмітім сіздерде. маған көмектесіңіздерші өтінемін. Мен қазіргі таңда өз адал еңбегіммен алған пәтерімнен айрылғалы отырмын. Мен өз үйіме сеніп ешқашан пәтер кезегінде тұрғанда емеспін. Мен өзім жесір әйелмін. «Ачполиметалл» комбинатында, техникалық бақылау бөлімінде бақылаушы болып (ОТК) 38 жыл еңбек еттім. Ал қазір комбинат жабылып жұмыссызбын. Морозов Денис күннің суығына қарамастан мен жокта Кентау қаласының аға сот орындаушысы Жұмаханов Бағдаулет пен сот орындаушы Алиманов Галымжанды ертип келіп есігімді бұзып кіріп пәтеріме басқа құлып салып, мөр басылған қағаздарды бүкіл дүние мүлкіме жапыстырып кеткен. Бұл судьялар, сот орындаушылар Кентау қаласы қаржы бөлімінің бастығы А.Усманбетова өз қызметтік лауазымдарын асыра пайдалана отырып менің әбден құқығымды аяққа таптап, қорлап бітті. Біз қатыспаған соттада сыртымыздан өздері шешім шығарып, үйді босатыңдар деп қоқан лоққы көрсетуде. Ұялы телефонымада тыныштық жоқ. Сот орындаушылар жүргізбей жатыр. Сонда қалай 17 жыл бұрын алаяқтық жасап кеткен А.Алексеевалар Усманбетова Алиямен, Морозов Денистің арқасында менің пәтерімді қайтадан тартып алып, екінші рет сатпақшы. Мен Кентау қалалық Ішкі Істер Бөліміне Алексеевалардың алаяқтық істеріне қатысты 177 бап бойынша іс қозғауларын өтініп арыз жаздым. Арызыма әлі жауап жоқ. Мен 17 жыл бұрын Ресейге көшіп кеткен Алеексеевалардың Усманбетова Алияға және Морозов Дениске берген сенімхатында мөрінде Козырова Светлана Александрова, ал қол қойған нотариустың уақытша қызметін атқарушы Н.Н.Позолотина. Сонда қалай мөрінде басқа нотариустың аты-жөні қол қойған басқа нотариус бұл заңға қайша емес пе? А.Алеексеевалардың Морозов Дениске 24.01.2013ж берген сенімхатының уақыты өтіп кеткен. Ал Морозов қазіргі таңда сенімхатының уақыты өтіп кетсе де мені жоғарыда көрсетілген мекен-жайдан еріксіз түрде босатуымды талап етіп отыр. А.Алеексеевалардың Усманбетова Алияға және Морозов Дениске берген сенімхаты жасанды екені анық көрініп тұр емес пе? Осы істі қолға алып тексеру жүргізуіңізді сұранамын. Мен 57 жасқа келіп далада қаламын ба? Ал балаларым ше? Бар үмітім сізде. Өтінем арызым қараусыз қалдырмауыңызды сұранамын.

    Мұхтарова Амина Абдукаримовна

  9. Ғаламторға кіріп өзімнің бір қиын мәселем бойынша «Назарбаевқа қалай хат жолдауға болады» – деп іздедім. Сонда шыққан қаншама халықтың, қаншама әр түрлі жағдайлардағы мәселелері бойынша жазған хаттарын оқып жылап жібересің. Кішкене болса да көмек көрсетуге болады ғой. Әділетсіздік, халықты қанау, бәрі тас жүрек болып кеткен бе деп қаласың? Қазақ халқының президентіне жолдауын Нұрсұлтан аға неге оқымайды екен? Әрине, белгілі жайт,, өйткені жетпейді ол кісіге,, қасында отырғандар ылғи ешқандай проблемасы жоқ,, астында бірнеше машинасы,, үстінде ақшасы бар шенеуніктер,, өздерін ғана ойлаған…Сол екі жүзді халықты қанаушылар президенттің халыққа жолдауын ғана жеткізуді біледі (соны орындауды білсе ғой солар)… ал халықтың президентке жолдауын жеткіздірмейді. Әділдік болса ғой жоғарғы орындықта отырғандарда,, қандай салада болсын,, қандай мекеме де болсын қара бастарының қамын ойлаған шибөрілер. Президенттен сескенбейді де,, өйткені олар бет перделерін жақсы таңдап алғандар. Қарапайым халықтың өмірін олар көрмеген, түсініп болмайды, қайдан жүректері ауырады олардың, бірақ осы өмірде бәрі уақытша екенін түсініп, халықты ренжітпей өзіндей санаса екен деп тілеймін. Сол өздерін ғана ойлайтын басшылардың жүрегі президентіміздің жүрегінен сабақ алса ғой шіркін!. Жалғыз жүректі бәріне бірдей бөліп бере алмайсың!!!……………

    Егер де ғаламтордағы халықтың (жасырын, жасырын емес) хаттарын оқысаңыз, халықтың елу пайызы президентке өкпелі, елу пайызы риза! Осы елу пайыз да президентке емес, президенттің орындаушыларына, қатыгез, әділетсіздерге өкпелі екенін айтып, түсіну еш қиындық тудырмайды, өйткені іс жүзінде солай!.

  10. Аса құрметті Елбасы бугінгі күнде Қазақстаның Пресзиденті болған күніңізбен құтықтаймын , Алла деніңізді сау етіп өмір жасыңыз ұзақ етсін , міне сіздің арқанызда Қазақстанымыз осы дәрежеге жетті сізді біз арқашан мақтаныш тұтамыз . Мен сізді жаңалықтарда көріп айтқан сөздеріңізді әрқашан қолдап отырамын, Сіз Қазақстанын Президенті боламын деп ниетіңізге жеттіңіз және Қазақстанымызды жетілдірдіңіз, сізге үлкен рахмет құтықтаушы Тілепбаев Берік Абсаттарович.

  11. Ассалаумагаалейкум курметти Н.Назарбаев елбасы мырза! Мен Б.Арыкбаев Тараз каласынын тургынымын. АСТАНА ЭКСПА-2017 жобасына оз ой пикиримди калдырсам деп едим.Алемнин ен кушти мемлекеттеринде согылган Сагат гимараты биздин елге неге согылмаска? Менин пикирим Астана каласынын орталык аланына Куннин формасында кунди сагат кылып сол сагатка ушинши тил косып ол тилди куннин жан-жагындагы нурынын ишине жыл андарынын мусинин енгизип осы ушинши тилди жыл тизбелик кылып багыттап койып согылса? Гимараттын астынгы жагына Улкен кылып Буркиттин формасын салып сол буркиттин козин тугель улкен Экран кылып салсак барша Казакстаннын козине айналары созсиз. Курметти Н.Назарбаев елбасы мырза! Осы жобаны сиз колдайды деп сизге улкен сениммен караймын. Пикир калдырушы: Арыкбаев Байжан Тенелбайулы Тараз каласын Р.Жолаева кошеси №41 А Уй тел-52-24-02. Уялы тел:87774667121.

  12. Сәлеметсізбе құрметті Елбасы!!!! Сіздің бастамаңыздың арқасында елімізде елеулі өркендеулер болып жатыр. Ол бізге тек қуаныш алып келуде. Бастамаларыңызда әлем мемлекеттері арасында жоғары бағалануда, ол да сіздің салихалы саясатыңыздың арқасы. Сізге арналған бірсауалым бар еді. Ол сұрақ мені көптен бері мазалайды. Мен оқу орынын бастауыш сыныптағы информатика пәнінің мұғалімі мамандығымен тәмәмдадым. Оқу орнын аяқтағаныма, міне 3 жыл, сол мамандық бойынша мамандарды даярлады, бірақ қазір ондай мамандықты ешжерде қажет етпейді. Соның әсерінен жұмыс істеуге құштарлы жас мамандар үйде жұмыссыз отыр. Ол мамандық қашан заңға еніп, өз күшіне енеді. Қашан жұмысқа алынамыз? Егер ондай мамандықты мемлекет қажет етпесе, неге оқу орнында даярлап шығарады екен? Жауабын күтемін.

  13. Нұрсұлтан Әбішұлы!

    Сәлеметсізбе Нұрсұлтан Әбішұлы. Сізге хат жолдап отырған Алматы қаласындағы С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің 1- ші курс студенті Салима боламын. Мен Оңтүстік Қазақстан облысында туылғанмын. Ауылымдағы «Дарын» мектеп интернатын 2012 жылы «Алтын белгі» белгісіне бітірдім. Сол жылы мектептегі алтын белгіні қорғаған жалғыз оқушы мен болдым. Анам мұғалім. Осы «Алтын белгі» белгісін алғаныма қуанарымды да, өкінерімді де білмеймін. Себебі осы белгіні алу үшін, балабақшада жүрген кезімде дәрігер болам деп армандағанмын, сол арманыма жету үшін, анамды қуанту үшін бойымда қанша күш – жігерім болса бәрін сабақ оқуға жұмсадым. Бала болып ойын қумадым, қыз болып бой жетіп қызық қумадым. Өзімнің денсаулығым өте әлсіз болатын, соған қарамай ҰБТ- ға дайындық кезінде өзімді керегінен көп қинап жібердім. Міне осы қиналу менің әлсіз денсаулығыма өзінің кері әсерін тигізбей қоймапты. Арман қуып Алматы қаласына келіп, өзімнің арманымдағы оқуыма түскен ең бақытты жан мен едім.
    Алайда, тамыз айында медициналық тексеруден өткізген кезде менің өкпемде дақ бар деп көрсетті. Бүкіл арманым, бүкіл қуанышым, осы жолға жету үшін күрескен барлық ұйқысыз түндерім бір сәтте күл – паршасы шықты. Анам екеуміз Алматының көшесін 1 апта бойы емхана мен универдің арасында жылаумен өткіздік. Алматыда таныс жоқ, қаланы білмейміз, мынадай аурумен квартира жалдауға болмайды деген соң вокзалда түнеп қиналдық.Соңында дәрігерлер қатты қиналудан, имунитетінің әлсіздігінен өкпедегі туберкулез клеткалары ашылып кеткен деп қорытынды жасады. Неге жанымды осынша қинадым екен, бұндай «Алтын белгінің» маған керегі бар ма еді, одан да ел қатарлы оқысам өзімді денсаулығыма қарамай мұнша қинамасам ауырмас едім ғой деп жылаудан шаршадым. Оқуымды бастамай жатып 1 жылға академ демалысқа шықтым. 2 – ай Алматыдағы туберкулезды зерттеу ғылыми институтының ауруханасында емделдім. 3 – ай Шымкентте қалалық тубдиспансерде ем қабылдадым. 1 жылдан соң дәрігерлік комиссияның шешімімен оқуға жіберілдім. 1- ші курсты өте жақсы, жоғары шәкіртақымен оқыдым. Өзімнің универдегі дәрігерім: « Салима бұлай сабақты қатты оқуға болмайды саған, сен тамақты жақсылап жеп, өзіңді сақтауың керексің абайлашы »- деп ескертумен болды. Менің табиғатыма жалқаулық, сабақты мәнсіз оқу, көлгірсу, алдау жат нәрсе. Барлық оқытушыларым маған көп сенім артып, дәрігер сен сияқты болу керек, «3» – ке оқыған дәрігер дәрігер емес деп ризашылықтарын білдіретін. Медицинаның оқуы оның ішінде жалпы медицинаның оқуы өте – өте қиын екен. Емханаға барып әр 3 айда тексеруден өтіп, өкпемді рентгеннен өткізіп тұрдым. 1- ші курсты бітіргеннен соң мамыр айында барып енді есептен шығам деп қуанышым қойныма сыймай дәрігеріме барып едім, «қаралы» хабар тағы естідім. Сессия кезінде өкпемдегі былтырғы жазылған жер тағы ашылып кетіпті. Енді міне жап – жас жалындап тұрған шағымда тағы да тубдиспансердің палатасында отқа оранып жатырмын. 2 – ші курсқа жібере алмаймын, тағы да академ демалыс аласың Салима деп дәрігерім рұқсат бермей отыр. Дәрімді ішіп жүріп оқи берем десем, болмайды екен. Бұл аурумен екінші рет қайталап ауыру өте – өте қауіпті екен. Міне Нұрсұлтан аға «Алтын белгі» маған қанша қасірет әкелді!
    Нұрсұлтан аға мені әкем дүниеге келе салып тастап кеткен екен. Анам институтты бітіріп келгенде Шымкенттің «алып қашу» құрбаны болған. Менде туған нағашы жұрт та жоқ. Өз жұртым болса хабарсыз, ешкімді танымаймын. Сол үшін анамды жарыққа алып шықсам, дұрыс азамат болсам деген ниетпен кіп – кішкентай кезімнен күресумен тек алға ұмтылумен өстім. Әкемнен бір де бір көмек көрген емеспін. Анам алимент іздегенде еш ала алмағанын білемін. Тек маған білдірмей жылайтын да қоятын. Бала жүрегіммен осы көз жасыңызды әлі – ақ жуамын деп отырушы едім ішімнен. Сол үшін ызамды оқудан алатынмын.
    Туберкулез – деген аты жаман ауру екен. Саған ешкім жолағысы келмейді, пәтер жалдауға болмайды, мен осылай ауырамын деп айта алмаймын, таныстардың үйіне бара алмаймын. Былтыр бір құданың үйінде анам екеуміз үш күн тұрғанымыз үшін, бүкіл отбасын рентгеннен өткізіп оқушы ұлдарын ТБ контакт болған деп мектептен тексеріп әуреледі. Осыдан кейін қалай біреудің үйіне жатасың. Қазір екінші рет қайталап ауырғандықтан 24 ай дәрі ішеді екенмін. Әр күні 20 таблетка дәрі ішемін. Бұл дәрінің күштілігін, жанымды азапқа салып қинайтынын жан баласына тілемес едім. 20 түйір көмірдің қып – қызыл шоғын жұтып алғандай жан дүниеңді өртейді. Амалым жоқ көнем де.! Кейде тағатым таусылып өлгім келеді, анам үшін өмір сүруім керек. Мектеп директоры – Салима мен сенен үлкен үміт күтемін, сенің болашағың зор деп еді. Аудан әкімі алтын белгіні таққанда ауданымыздың мақтанышысың, ауданның болашағы сендей жастардың қолында, мен сенен үлкен үміт күтемін деген еді, универдегі оқытушыларым сенен болашақта мықты ғалым шығады осы бетіңнен тайма дейді – сол кісілердің үмітін ақтау үшін мен ауруды жеңуім керек! Бірақ мына ішіп жатқан дәрілерім мыйымды кептіріп тастағандай әсердемін. Мен жазылу керекпін себебі қазіргі менің ішіп жатқан дәрілерім туберкулездің соңғы дәрісі бұдан кейін басқа дәрі жоқ. Үшінші рет ауыруға жол жоқ. Үшінші рет ауырмас үшін мен мықты болуым керек. Нұрсұлтан аға мен жазылып шыққан соң АЛЛА қаласа оқуымды қайта жалғастырамын.
    Бірақ мені қинайтыны тұратын жер. Жатақханада арнайы бөлмеде тұрып көрдім, бүкіл жатақхана сенен өзін аулақ ұстайды. Сені көргенде бір вирус көргендей бәрі мүсіркеп қарайды күнде – күнде осы жайттардан кейін өзіңді психологиялық жағынан жеп бітесің. Бұлай күйіне беру өкпеге тез әсер етеді екен.
    Ал қыздармен бірге пәтер жалдасаң бүкіл бірге тұрған қыздарды және сол пәтер иесін ТБ контакт деп әуреге салады сол үшін ешкім пәтерге кіргізбейді. Жақын туысым жоқ. Шіркін – ай Алматыда бір бөлмелі пәтерім болса ғой! – деп армандаймын. Туберкулез болғаным үшін елге жалтақтап қараудан, кінәлі болудан шаршадым. Елдің менен жиіркеніп, қашқақтауынан шаршадым. Өз тамағымды күтіп, өз үйімде тыныш сабағымды оқып жүрер едім деп қиялға берілемін. Нұрсұлтан аға Сіз мүгедектерге жақсы қолдау жасайтыныңызды білемін. Мен сияқты қиналып кеткен бір қызыңызға Алматыдан пәтер алу жолы бар ма? Маған көмектесіңізші! Неге екенін білмеймін Сізге хат жазсам бір жақсылық болатындай сезіндім. Көп ойландым, ақыры хат жазуға бел байладым. Осымен хатымды аяқтаймын және сізден хабар күтемін. Аман – сау болыңыз сізге денсаулық тілеймін, ешқашан ауырмаңыз. Сәлеммен қызыңыз Салима!

    Менің почтам: salima.kaldarova@mail.ru

  14. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сәлеметсіз бе ? Елдегі тыныштық пен халық үшін істелініп жатқан игілікті істеріңіз үшін сізге шын алғысымды білдіремін. Мен Шинжирова Фарида Тоқанайқызы 1963 жылы Семейдің Бесқарағай ауданында аса қауіпті полигон аймағында дүниеге келдім. Жасым 52-де. Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 71а үйде тұрамын. Туғаннан «эпилепсиямен ауырдым». Денсаулығымның жоқтығынан тұрмысқа да кеш шықтым. 2004 жылы 41 жасымда тұңғыш перзентімді дүниеге әкелдім, ана атандым. Алайда қуанышым көпке бармады, қызым «Даун» және «Туа біткен жүрек ақауымен» туылды, ІІ-топтағы мүгедек. Әкесі ауру баланың керегі жоқ деп күн көрсетпеді. Қазіргі уақытта қызымды туғаннан жалғыз өсіріп жатырмын. Қызымның болашағына алаңдап 2009 жылы Алматыға келдім. Сол жылы қалалық тіркеуге тұрдым. Пәтер кезегіне 2010 жылы тұрдым. Қазіргі пәтер кезегім: 2811. Кезегімнің жетуіне әлі біраз уақыт бар. Қызым қазір Алматыдағы №7 арнайы мектептің 4-ші сыныбында оқиды. Мен үшін мәселе болып тұрғаны: басымызда баспананың жоқтығы, тұрғылықты жерімнен мектепке барып келуіміз, автобуста қысылады, жолдың ұзақтығы, кептеліс онсыз да денсаулығы жоқ қызымды шаршатып, денсаулығына әсерін тигізуде. Сөйтіп жүргенімізде жүрегіндегі ақауы ұлғайып, 12 наурыз күні жүрегіне ота жасады. Қазір өз денсаулығым да мәз емес. Отадан кейін тіптен қызыма үлкен күтім керек. Жұмыс та істей алмаймын, себебі таңертең мектепке апарып қайтып келгенімше жұмысқа 1-1,5 сағатқа кешігуіме тура келеді. Кешке алар кезде де сонша уақытым кетеді. Күнде кешігіп, одан қалды қызымды мектептен алу үшін күнде ерте сұрана бергенге ешбір жұмыс беруші оң қабақ танытпайды. Жақын жерден пәтер жалдауға жағдайым жоқ. Сіңілімнің үйінде үш семья тұрамыз. Қызыма тыныштық керек, қашан өз үйіміз болады деп жиі сұрайды. Осы күнге дейін, қанша қиналсам да, ешкімге қол жайып, көмек сұрап көргем жоқ, мүмкіндігінше өзім қол жеткізуге тырыстым. Жалғыз інім Ауған жерінде интернационалдық борышын өтеп, алған зақымнан 1993 жылы қайтыс болған. Ерлігі үшін алған екі медалі бар.Бәріміз аман-есен келгеніне мың да бір тәубе деп, «Интернационалист-жауынгер» ретінде сол кезде өзі де, ата-анам да еш жеңілдік пайдаланған емес. Енді қызым үшін хат жазуға мәжбүрмін. Етегімді жасқа толтырып айтар проблемам аз емес. Қызым екеуіміздің басымызда баспанамыз болса, қалған қиындықты жеңер едім. Өмірдің тауқыметін аз тартқам жоқ. Үй болмай күй болмайды. Көмектесу сіздің ғана қолыңыздан келеді. Жағдайымды түсініп, кезектегі пәтеріме жақын күндерде, шын мұқтаж ретінде қол жеткізуіме өзіңіздің көмектесуіңізді сұраймын. Сізге алдағы сайлауда сәттілік тілеймін! Өтінішім аяқсыз қалмайды деп үміттенемін!
    01.04.2015 ж.
    Хат иесі : Шинжирова Фарида Тоқанайқызы
    Байланыс телефоным: 8 771 403 5828

  15. Сәлеметсізбе құрметті Нұрсылтан Әбішұлы.Мен Алматы облысы Ақсу ауданы Жансугуров ауылының тұрғыны ,тоғыз баланың анасы ,алтын алқа иегері ,38-жастағы анамын.Менің сізге хат жазу себебім тұрғын үй мәселесі.Жаңа айтқанымдай тоғыз балам бар ,балаларымның алды әлі мектеп жасында ,барлығы әлі кішкентай тұрақты үйіміз жоқ болғандықтан жиі көшіп-қонып жүрген жайымыз бар.Үй сатып алуға қаржы жетпейді,себебі аз ғана жалақы тек тамақпен киімге жетеді.Сол себептен сізге өтініш білдіріп отырмын.Өтінішімді жауапсыз қалдырмайды деген ойдамын.Деніңіз сау, бақытты өмір сүріңіз.Өтініш иесі;Алтын алқа иегері Мусанова Алма Кендірбековна.Байланыс телефоным;87025618576

  16. Сәлеметсіз Бе,
    Егер сіз қарыздарын тазалау үшін жедел несие керек болса, немесе Сіз өз бизнесін жақсарту үшін капитал несие қажет пе?
    Сіз қабылдамаған
    банктер мен басқа да қаржы агенттіктері?
    Сіз шоғырландыру несие немесе ипотека қажет пе?
    біз Сіздің барлық қаржылық мәселелері өткеннің ісі жасауға осындасыз ретінде көп емес іздеу. Біз жеке тұлғаларға жүзеге қаражат қарызға
    қаржылық көмек мұқтаж, бұл жаман несие немесе ақшаға мұқтаж бар
    , төлеуге шот 2% ставкасы бойынша бизнеске инвестициялауға. Менің ойымша, біз сенімді және бенефициар көмек көрсетуге және Сізге несие ұсынуға дайын болады деп Сізді хабардар осы орта пайдаланғыңыз келетін. Сондықтан электрондық пошта арқылы бүгін бізге хабарласыңыз: sharonbergers@gmail.com

  17. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Мен, Бейсенбина Кульжакиш, соғыс ардагерінің жесірімін, Тыл ардагерімін және “Алтын алқа” иегерімін. 2012 жылы маусым айында қол жетімді баспанаға кезекке тұрғанмын, жасым болса, 84-ке келді. Өзім қызыммен бірге пәтер жалдап тұрамын. Хабарласпаған, көмек сұрамаған жерім қалмады, ешкім ештеңе айтпайды. Өзіңізге де хат жолдағанмын, бірақ жауапсыз қалды. Кезегімді тексертіп қарасам, 9344 кезекте екенмін. Бұл кезекпен қашан үй алатындығымды бір Алла біледі. Сондықтан да сізден көмек сұрап отырмын. Көзімнің тірісінде баспаналы болатын мүмкіндігім бар ма? Жасы келген адамдардың кезегін неге бөлек қарастырмайды екен?

  18. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Мен Жамбыл обл, Т Рысқұлов ауд, Құлан ауылының тұрғыны боламын. Мен озіміздің ауруханамыз туралы айтайын деп едім ауылымызда дәрігерлерге барган кезде кірудің өзі қйын әрі адамдарга жөн карамайды ауру диагнозын дурыс коя алмайды адам аурып өлейн деп турса,баска дәрігерге барып кан-кысымынды содансон салмағынды өлшеп келдеп отырады. Ауруханаға жедел жәрдеммен қатты ауырып барган адамды да жатқызбайды оган орын жок деп аитады брақ негізінде палаталар бос олар жаткызу үшін ақша дәм етеді сөйтіп әр жерге бір жіберіп уақытты созып жүреді. Мен баяндап отырган жагдайлар бер жагы ары жаксылап тексеруіңізді сураймын!!!!!

  19. Ассаламму алейкум ҚұрметтіНұрсұлтан Абішұлы сізді 27 сәуірде өткен сайлаудағы жеңісіңізбен құттықтаймын,ел президенті болуға сізден басқа лайықты кандидат жоқ еді,Сіздің елімізге сіңірген еңбегіңіз шексіз,сіз тарихта қалатын адамсыз,сізге денсаулық жұмысыңызда жетістіктер тілеймін.Біз тарихқа үңілсек тәуелсіздікті найзаның күшімен алдық,тек соғыс соғыс,бейбитшілік заман енді келді,менің сізге ұсынысым мектеп пәніне ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ атты пән шығарып мектеп бағдарламасына енгізсек,тәуелсіздік алғаннан бері жеткен жетістіктерімізді дәріптейтин,сіздің жетістіктеріңізді істеген ізгі істеріңізді ертеңгі ұрпаққа оқытсақ дегенім.Кейінгі ұрпақ кешегі сайлау ,ОБСЕ жиналыстарын,Діндер съездін,олимпиада жеңіпаздарын біліп өссе дегенім,казіргі мектептегі кахахстан тарихы пәніне қоспай жастардың миын ашытпай,жек ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАХСТАН ТАРИХЫН шығарсак мектеп пәніне енгізсек дегенім,Мен Утегенов Жакып Серикович Сарыағаш ауданы тұрғынымын,сізге үлкен алғысымды білдіремін, 8778 336 33 37

  20. Егер осы ұсынысымды қабылалсаңыз,мен өзім осы кітаптын мазмұнын дайындауға көмектессем,Бұл ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ өте қажет бул кітапты шығарып мектеп пәніне қоссақ,тәуелсіздік алғаннан бері жеткен жетістіктериміз том том кітап болатыны айдан анық,ҚұрметтіНұрсұлтан Әбішұлы сіздің жұмысыңызға дән ризамын мың жасаңыз

  21. Құрметті елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы сізге ең алдымен алғысымды айтқым келеді. Біздің ауылға осыдан 3 жыл бұрын сіздің “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламаңызбен жаңа мектеп салынып қолданысқа берілді, қазір мектеп оқып жатырмыз, осы мектептің салынуы сіздің арқаңыз деп білемін. Үлкен үлкен рахмет сізге жасыңыз ұзақ болсын.
    Осы мектепке ризамын дегім келеді ондай мектеп көрші ауылдар да жоқ, бірақ мектеп салынады деген кезде менің мектепке интерактивті тақта, лингофонный кабинет болады деп еді. Оны естігенде төбем көкке сәл тимей қалып еді. 2012 жылы көктемде бастап сол жылдың күзінде мектепті қолданысқа бергенде қуанышымда шек жоқ болатын алайда интерактивті тақтада лингофонды кабинетте болмайды дегенде естен тана жаздадым өйткені қазіргі заманда оқушыларға ең қажетті нәрседен айыру дұрыс емес деп ойлаймын. Оның да сылтауы көп сияқты. Мектеп директорынан сұрасам оған бөлінген ақшаға су шығаратын ұңғыма қазды дейді ал сол су ұңғымасына басқа ақша бөлінбегенбе десем жоқ бөлінбеген деді.
    Және мектепке өткен оқу жылына нұсқау хат келген ішінде 1-2-5-6-7-8-9-сыныптарда ағылшын тілі жүргізілсін депті ал мектепалды даярлыққа 4 таңдау пәні болсын ішіне шет тілі кіргізілсін делінген мен директорға барып шет тілі ағылшын тілі болатын шығар десем жоқ аудан шешіп қойған шет тілі дегеніміз орыс тілі деп ағылшын тіліне сағат бөлмеді. Ал осы жерде сіздің айтқан сөздеріңізде ағылшын тілі балаларға ерте жастан үйретілсін демеппе едіңіз, ал біздің аудан ағылшын тіліне қатты көңіл аударылсын дегенді қалай түсініп отыр. Сұрақ неге шет тілі деп орыс тілі ғана енгізілді, мен басқа аудандардан сұрастырсам басқа аудандарда мектепалды даярлыққа ағылшын тілі жүргізіледі екен. Сіз қалай ойлайсыз ағылшын тілін даярлық топтан оқыса 1-сыныпқа барған оқушыға оңай болады емес пе?
    Мен барлық сұрақтарыма алған жауабына риза болмаған соң сізге хат жазып отырмын бұл хатты сіз оқисыз ба жоқ па білмеймін бірақ әйтеуір бір жылы көзіңізге түсіп қалар деген үмітпен және 80 оқушысы бар мектептің атынан хабарласып отырмын.
    Мен сол мектепте 11 жыл мұғалім болып ағылшын тілін сабақ беремін. 3 балам бар. Үлкенім 4-сыныпты тамамдайды әлі күнге дейін интерактивті тақтаны көрген емес, ұлым да өсіп келеді. Олардың болашақта кім болады деген сұрақ алаңдатады. Мен баламның шетел балаларынан қалыспайтын ақылды білгір болғанын қалаймын.
    Мен Алматы облысы, Ақсу ауданы Кеңғарын ауылынан хабарласып отырмын. Мектептің телефоны 8 (72832) 2-92-99
    Хатымды оқып хабар береді деген үміттемін.
    Кеңғарын ауылының тұрғындары атынан Жанар

  22. Сәлеметсіз бе Нұрсұлтан ата. Қалыңыз қалай, жақсы ма? Менің атым Айзада. Жасым 10-да. 4-ші сыныпта оқимын.Нұрсұлтан ата, мен сізді өз үйімнен көргім келеді. Мен сізді өз көзіммен көргім келеді. Мен Астана қаласында тұрамын. 7-ші мамырда парад болған еді, мен сізді сол жерде үнемі көремін. Бірақ мен сізді өз үйімнен көргім келеді.Үйіме келгенде сізді төрге шығарып, ет асып, сізге өз жетістіктерімді көрсетер едім.Жақында мен олимпиадаға қатыстым. Астанадағы барлық мектептер қатысты. Мен содан 1-ші орын алдым.Нұрсұлтан аға, өтінемін үйге келіңізші. Менің өтінішімді жерге тастамайсыз деген ойдамын. Мен Астана қаласындағы 7 емхананың жанында тұрамын. Нөмірім 87058129218. Өтінемін келіңізші!
    Сәлеммен Айзада

  23. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
    Менің сізге хат жолдау себебім, 2015 жылы Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы бірнеше оқу орындары (мектептер) Қазақстан құрамына өткен болатын. Өзіңіз білетіндей мұғалімдердің жұмысы оңай емес , енді сол жұмысымыздың қиындығына қарамастан бізге қосымша электронды сайт (www.bilimal.kz) еңгізіп қойды. Ол электронды сайтқа әр бір мұғалім күнделікті сабақ жоспарын, журналға қойылған бағаларды түсіріп отыру қажет екен . Бұған әр бір мұғалім наразылық танытты, өйткені бұдан басқа мұғалімдердің жұмыстар жетерлік, шыны керек бала оқытудың өзі қиын шаруа, бір жағынан мұғалімдер компьютерді жетік білмейді, сайтқа баға, жоспар енгізуді қайдан білсін.
    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев менің хатым сізге жетер деген сенімдемін, бір шара қолданып сол сайтты білім министрлігі алып тастаса жұмысымыз аз ғана болсада жеңіл деген болар еді…

    Байқоңыр қаласы мұғалімдер атынан

  24. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
    Менің сізге хат жазу себебім,мен 4 балалы анамын.3 балам мектепте оқиды.4ші балама босанған кезде дұрыс босандырмаған салдарынан нервтері омыртқасына қысылып қол аяғы ұстамай қалды.Емі Алматы қаласында болғандықтан Алматы қаласына көшу керекпіз.Басымызда баспана жоқ.Жолдасымда тұрақты жұмыс болмағандықтан квартира жалдау қиынға түсіп жатыр.Сізден өтініп сұрайтыным 1 бөлмелі болса да баспанаға көмектесуінізді.Ал балапанымнын емін тоқтатсап балам төсекке жатып қалуы мүмкін.Алла жар болсын.Денсаулығыныз мықты болсын…Ең бастысы осы өмірде денсаулық екен.Денсаулық болса бәрі болады.

  25. Құрметті Нұрсултан Әбішұлы салеметсіз бе?Менің сізге хат жолдау себебім мен өзім көп балалы анамын өзім Семей өнірінен келгенмін.Екі балам бірінші топтағы мүгедектер сондада олар өздерің мүгедекпіздеп отырған жок қолдарынан келгнше жұмыс жасайды компиютерлік курыс бітіріп келген соған қаладан не ауылдан орын табылмай отыр.Өзім болсам жеті баланын анасымын бір баланы асырап алғам жолдасым қайткан.Сізден көмек сұраймын каладан пәтер жағынан көмектесеңіз бәр үмітіміз сізде.Сізден жауап күтеміз.87784476689 хабар алам деген үміттемін.

  26. Бір ай болды аш отырғанымызға. Үйде жейтін тамақ жоқ. Үй суық. Телевиденияға түстім ешқандай нәтиже жоқ. Кімге барамын алақанымды жайып. Дәл қазір дача сабалақта жатырмын. Ыстық тамақ алатын едім ол жоқ бір ай болды. Қызыма мектепке 60 теңге проезд тауып бере алмай отырмын. Жұмыс істеу үшін де күнделікті 140 теңге керек. Оны қайдан табамын. Дәл қазір тамақ ішпегесін денсаулығымда құрып бара жатыр. Жалғыз түйір қызымды қалай асыраймын. 31ші канал инфорбюро көрді үйде дым жоқ екенін. Холодильникте ешнәрсе жоқ екенін де біледі. Адам тамақ ішпесе әлсірейді ғой. Түсінемін халықтың жағдайын. Дәл қазір барлық жерде қиын. Үйімізде шемішке май, рожки, құмшекер, шай, күріш, ұн барлық продукты жоқ. Бір үзім нанға зар болып отырмын. Нанды қай кезде жегенімді де ұмытып қалдық. Нан алуға да ақшамыз жоқ. Ішерге тамақ таппай отырмын. Өзім жалғыз басты анамын. Қызым үшін продуктіден көмектесіңіздерші. Қызымның да басы айналып зорға сабаққа барып жүр. Жоқшылық әбден шаршатты. Сіздерден өтінерім продуктіден молғып беріңіздерші. Аман есен көктемнен шығайық. Сіздерге Алла жар болсын. Біз сияқты жетім-жесірге көмектессе менен қайтпаса сіздерге Алладан қайтады. Сіздерге мол сауабы тиеді. Әрдайым сіздерді Алла қолдасын. Осы кісі жаза береді деп режитін орындарыңыз бар. Сіздерден үмітімді үзбеймін. Сіздерден жәрдем күтемін. Тамақ алуға көмектесіңіздерші. Сіздерден өтінерім. Продуктіге 20 мың теңге беріңіздерші. Үйде жейтін дым жоқ. Алланың ризашылығы үшін көмектесіңіздерші. Қызылорда қаласы, Бекмұратова Айсұлудан 8 705 171 81 66 Хабарласуларыңызды күтемін.

  27. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы мен млекеттер рейтингі жайында жаңа есеп қисап ойлап таптым. Мені қабылдаңыз Астанада жұмыс бабымен 27 желтоқсанда боламын

  28. Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев.
    Мен Сүлеймен Бахаргүл 15.10.1972ж. туылғанмын. Алматы облысы Талдықорған қаласы 1-бөлімше, Подхоз 28 үй , пәтер тұрғынымын. сізге өтініш жазу себебім: Мен жалғыз басты анамын. 8 балам бар. Өзімдікі дейтін қазірге дейін үйім жоқ. Менің жағдайымды ескере отырып үйдің кезегіне қойып, тезден үй берулеріңізді сұраймын. Жағдайым қиын.5 балам да оқушы. Ешқайсысы кәмелет жасына толмаған. Мен алтын алқалы анамын. Өзім Қытай Халық Республукасынан 2005 жылы ата жұртқа көшіп келгенмінін 3 балам сол жақта 5 балам Қазақстанда.Қиыншылығымды тезірек шешіп беруіңізді сұраймын.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар