/////

Қажығұмар Шабданұлы. “Қылмыс” ІІІ-том

2482 рет қаралды

Құдіретті тергеушім, өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз!

Қылт етпе бір тұмсықтан шыға келіп едік, шағын ғана тоғай арасында бірнеше шөп күрке тұр екен. Семіз қойдың етін боршалап тұздап, қара ағаш бұтақтарына асып жүрген сары шал бізге бажырая қарап тұрып қалды. Кеуделерінде Жяң Кайшының басы бар, келте киімді екі жігітті көргенде «Мыңгүй» дәл үстінен түскендей көрінді білем, қазақшасынан қаудырлата сәлем бергенімізде мырс ете түсті.

– Әликісалам!… Әликісалам! –деп екеуміздің сәлемімізді дербес-дербес қағып алды. – Е… е… әлгі балалар екенсіңдер ғой!…. Ой Қажы, Қажы!… Қажиякбар! –деп арт жағына қайрыла айқайлады сонан соң. – Іздегендеріңнің өзі келді-ау деймін!

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар