Өткен сенбі, 10 желтоқсанда Мәскеуде мыңдаған адам «Единая Россия» партиясының жеңісін қамтамасыз еткен Дума сайлауы қорытындыларының бұрмалаушылықтарына қарсы наразылығын білдіру үшін шеруге шықты. Наразылық білдірушілер премьер-министрге қарсы бағытталған сөздері бар плакаттар көтеріп шықты, олар ресейлік үкіметті сайлау қорытындыларын бұрмалағаны үшін айыптады (дауыс беру кезінде халықаралық бақылаушылар көптеген заңсыз әрекеттерді тіркеген болатын). Шеруді ұйымдастырушылар Кремльді Мәскеудегі ұялы байланысты әдейі бұғаттап тастады деп айыптайды, ол наразылық шеруі аяқталғаннан кейін ғана іске қосылған. Бұның өзі – Ресей Үкіметінің оппозицияны әлсіретуге тырысқанының бір мысалы. Өткен аптада мыңдаған қолданушылар «Twitter»-ге Үкіметке қарсы шеруге қатысушылар арасындағы байланысқа бөгет жасау үшін көптеген бір-біріне ұқсас хаттар жолдаған болатын. Оппозиционерлердің пікірінше, бұл іс үкіметтік органдардың қызметкерлері тарапынан болып отыр. Мақаланың толық нұсқасы Италияның «ilPOST» басылымында.
Дереккөз: 1tv.kz
Парақшамызға жазылыңыз