//

“Руханият” додадан аластатылды

807 рет қаралды
4

Желтоқсанның 28-інде Орталық сайлау комиссиясы “Руханият” партиясын сайлау тізімінен шығарды. Бұл жайында ОСК-інің бас хатшысы Бақыт Мелдеш мәлімдеген. Бұған дейін партияның бұрынғы жетекшісі, жазушы Алтыншаш Жағанова “Руханият” партиясының қазіргі жетекшілігін “Сайлау туралы” заңдылықтарды бұзды деп айыптап, Бас прокуратураға шағымданған болатын. “ҚазТАГ” агенттігінің мәлімдеуінше, ОСК Бас хатшысы Мелдешов бас прокуратураның “Руханият” партиясының “Сайлау туралы” заңның парламент мәжілісіне үміткерлерді ұсыну тәртібін бұзғанын анықтағанын, ал ОСК-ның аталған заңға сай 2011 жылғы 14 желтоқсанда тіркелген “Руханият” партиясының тізімін жоюға шешім қабылдағанын жеткізген.

“Руханият” партиясы қазақ ұлттық проблемаларын ту ғып көтерген бірден-бір партия еді. Ұлттық құндылықтардың тасада қалып келе жатқаны бүгінгі қазақ зиялылары үшін жанды ауыртып клегені анық. Осы бір олқылықты ту еткен Мұхтар Шаханов бастаған ұлт зиялыларының “Руханият” партиясына енуі бір серпіліс әкелгені де анық. Оның үстіне Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығымен тұспа тұс келген сайлау науқаны М. Шахановтың 1989 жылғы Кремльдегі ерлігін ел есіне қайта салып, оның рейтингін көтеріп әкеткен болатын. Осының барлығы әлдебіреулердің қыжылын қайнатса керек, өз қолымен партия билігін Серікжан Мамбеталинге тапсырған, Алтыншаш Жағанованың аяқастынан ілік іздеп, оны сайлауға жібермеу әрекетін ойластырғаны  – дұрыс болмады.

“Minber-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Алтыншаш апамдыкы не? Ұялмай ма, Руханияттың жолын кескенде, ол кісіге не келіп кетті екен?

  2. Билікке ұнамаған ғой, Руханият. Сосын ойлап тапқандары да.

  3. Алтыншаш Жағанова әдейі істегені анық. осындай патриот емес адамдардан ұлтымыз құрып барады

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар