///

Twitter мен Mixi бірігіп Facebook-қа қарсы тұрмақшы

947 рет қаралды

Шетел ақпарат құралдарының хабарына негізделгенде, Twitter және Жапониядағы ең үлкен әлеуметтік желі Mixi желтоқсан айының бірінші күні тізе қоса Facebook-тың тез кеңеюіне қарсы жұмыс жасайтындықтарын мәлімдеген.

Twitter жөнінен айтар болсақ Mixi желісімен селбесудегі басты себебі, дамудың жоғары жылдамдығына ілесудің жаңаша формасын табу болмақ. Жапон елі Twitter-дің АҚШ-тан кейінгі қолданушылары ең көп орналасқан мемлекет және Twitter желісінің «сынақ алаңы» деп те қарастыруға болатын өлке. Жапон тілі ағылшын тілінен кейінгі Twitter-ді қолдайтын бірінші тіл екенін ескерсек, ағымдағы жылдың басында Twitter-дің шетелдегі іс басқармасы тұңғыш рет Шығыстағы осы арал мемлекетінде құрылған еді.

Mixi(Mixi.jp)- Жапониядағы жетекші әлеуметтік торап. Әлемнің басқа түкпірлерінде үстемдігін жүргізіп келе жатқан Facebook желісінің осы жылға дейін аталған елде қолданушылары тым аз және әсері әлсіз болатын. Нирсын атты әлеуметтік анализ жасау компаниясының осы аптада жариялаған мәліметтеріне негізделсек Mixi қазан айында Twitter мен Facebook-тан кейінгі үшінші орынға түсіп қалған. Қолданушылары жағынан Twitter-ді 14 миллион 500 мың адам, Facebook-ты 11 миллион 300 мың адам, Mixi торын 8 миллион 400 адам қолданады екен.

Бір-ақ жыл ішінде Жапониядағы жетекші торапқа айналуына «Facebook» атты киноның түрткілік рөлі болды дейді сарапшылар.

Twitter мен Mixi сайттарының мәлімдемесінде, апат жағдайында, жедел хат-хабар алмасу саласында, жарнама, сауда қызмет өтеуі жағында селбестік жасау үміттерінің бар екендігі жайында айтылды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар