Жаңаөзен қаласындағы толқуларды басу үшін жедел құрылған Үкіметтік комиссия бүгін алғашқы ресми мәлімдемесін жасады. «Үкіметтік комиссияның басты міндеті Жаңаөзен қаласының экономикасы мен әлеуметтік өмірін шұғыл арада қалпына келтіру» делінген ҚазАқпарат таратқан мәлімдемеде. Бірақ, Үкіметтік комиссияның басты мақсаты – халықты тыныштандыру емес, керісінше араға іріткі салу, бір халықты бір-біріне айдап салу болғандығын аңғарамыз.
«Бұл жерге кінәлілерді табуға немесе басқа біреулерді ақтап алу үшін келген жоқпыз. Біз нақты жұмыс істеу үшін келдік. Қаланың экономикасы мен әлеуметтік өмірі тоқтап қалды. Біздің мақсатымыз тез арада бәрін қалпына келтіру. Ал комендант пен құқық қорғау саласының қызметкерлері өз жұмыстарымен айналысатын болады», – деген комиссия төрағасы І вице-премьер Өмірзақ Шөкеев көп өтпей-ақ, комиссияның нақты көздегенін танытты. Ақтаулық “Лада” газетінің мәлімдеуі бойынша, ол Жаңаөзенге оралмандарды қоныстандыру бағдарламасын тоқтатуды ұсынған.
«Тергеудің алғашқы қорытындыларын жариялау барысында комиссия жетекшісі Өмірзақ Шөкеев былай деп мәлімдеді:
– Мүмкін келесі жылдан бастап Жаңаөзенге оралмандарды қоныстандыру бағдарламасын тоқтату керек шығар? Сосын оралмандар дұрыс қоныстандырылмаған деп саналатын жерлерді қарап, қаржыны басқа жерлерге қоныстандыру бағдарламасына бағыттау керек. Оралмандар ең көп тұратын аймақтарды қарастырып, оларды басқа аймақтарға көшірудің амалдарын қарастыру керек. Осы бағдарламаны тоқтатып, оны басқа бағытқа бұруымыз қажет. Осыған қатысты жұмыс жасау керек. Жаңаөзенде мұндай мәселе бар ғой. Мүмкін осында тұратын оралмандардың арасында басқа аймақтарға көшкісі келетіндер бар шығар? – деді Өмірзақ Шөкеев.
Шөкеев Маңғыстау облысынан оралмандарды “басқа аймақтарға көшіру” амалдарын тездету керек деп есептейді» делінген онда.
Бұл мәлімдеме, ондағы қазақтардың арасына сына қаққаннан өзге нәтиже бермейтінін үкіметтік комиссияның бағамдамағаны қайран қалдырады. Жалпы, қазақты қазаққа айдап салудың астарында қандай сыр бар екенін түсіну қиын. Бірақ, проблеманы оралманнан іздесе, билік қатты қателеседі. Проблема – шиеленіскен еңбек қатынастарында және әлеуметтік астары терең теңсіздікте екенін түсіну және аңғару қиын емес. Демек, билік осындай мәлімдемелері арқылы шеттен келетін қазақтың көшіне тосқауыл салуды мақсат етіп отыр ма деген күмәнді ой қылаң етеді екен. Олай деуге негіз де жоқ емес. 1991 жылы ұлы дүбірмен басталған қазақ көші 20 жылдан соң, тоқырауға ұшырады. Енді мына мәлімдемеден соң оның мүлдем тоқтауы да мүмкін. Демек, Елбасының 2015 жылы қазақтың санын 20 миллионға жеткізу жайлы 2004 жылғы Жолдауы жайына қалатын болды.
Мinber-ақпарат.
Парақшамызға жазылыңыз
Бұл билік кімнің сойылын соғып отырғаны және бұл істердің(өздері ұйымдастырып, өздері шешіп ойын ойнап отырған істердің) кімге керек болғаны, не үшін керек болғанын түсінбей отырмын. Оралман НӘН ға қауіп төндіретіндей күш болып қалыптасты ма сонша? Одан да қатерлі, одан мың сан есе қуатты жасырын күш, жасырын жауларға қарсы ой қуаттарын неге жұмысамайды? Неге? НЕГЕ? НЕЕЕГГГЕЕЕЕ!!!!!!!?????
АЛАШҰЛЫ, дұрыс айтасың. Қазақты қазаққа жау қылудың осындай да сұмырай жоспары болады екен…
bul jagdai ne bop ketti kazakhtar? senderge ne bolgan?
бұдан біз не аңғарамыз?бұдан Тимурдың қазақияда (елбасынан да) сөзі де ісі де жүретін,бірінші адамға айнала бастағанын аңғарамыз.елбасы шетелге неге кетті?дәл осы елде шиленіс өршіп,қалың қазақтың қабағы қарыс түсіп,қабырғасы сөгіліп жатқанда.Тікең екі ай бұрын бұл толқыулар оралмандардан келіп отыр деп сәуегейлік жасап еді ғой?біилік ешқашан таяқтың екі ұшы болатынын аңғармады да,аңғарғысы келмеді.Өмкеңдерде кінә жоқ, олар тек тоты ғой…
Байұлы, бауырым! Дұрыс айтасың, бұл билік басындағы топтың не ойлағаны бар екені белгілі. Халықты қырып, шеттен келетін рухты, тілді-жақты, намысы бар қазақтың үнін өшіріп “бірін өлтіріп, мыңына сес көрсету” саясатын жүргізіп отыр… Бұл немелердің күні қашан батып, қазақтың айы мен күні оңынан туғызатын ұлдар ұлт тізгінін қолына алар екен…
Халық шынымен де ашынды, билік мұнымен санаспаса болмас… бірақ олар елдің, жердің, халықтың тағдырын ойлауы керек…
eiiiiiiiiiiiiiiiiiii((((((((((((((((((((((((((((((((((((((((((((
иттік қой бұл
неткен бассыздық