////

Ұлттық символ және Тәжікстан

2148 рет қаралды
5

“Халық сөзі” газетінің тілшісі Балжан Мұрат Тәуелсіздік күніне орай, сауалнама жинап жүргенін айтып: “Қазақтың символы не?” деген сауал қойды.Көп ойландым. Шынымды айтсам, қазақтың символы деп айта қоятындай ерекше ештеңе есіме түспеді. Ең әуелі ойыма келгені “Қазақ Елі” монументі болды. Бірақ, онда ұлттың ұлылығын ұлықтайтындай ештеңе жоқ қой. Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші жайлы пікірталастың соңы немен аяқталғаны барлық оқырманға мәлім. Қазақы символ ретінде ұлттық тұлғаларымызды көргіміз келеді. Ел Тәуелсіздігі үшін он жыл аттан түспеген, сол жолда жанын пида еткен Хан Кенені өз деңгейінде насихаттай алдық па?

Душанбедегі Сомони ескерткіші

Қазақ үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, ел ертеңі үшін басын тауға да, тасқа да соққан, осы жолда қайсарлықпен күресе білген Алаш ардақтыларын өз деңгейінде ұлықтай алдық  па? Тіліміз күрмеліп, күмілжи қаламыз.

Душанбедегі Шадриддин Аиниге арналған ескерткіш

Біздің ұлттық құндылықтарымыз Пирамидамен, Барыспен өлшенеді. Ал өзге елдерде ұлттық символ ретінде сол мемлекеттің негізін қалаған қайраткерлері алға шығады. Біз жақында Душанбеге барып қайттық елдің ұлттық валютасы сомони екен. Біз оны өзбектің “сум”, қырғыздың “сомымен” шатастырып жүрміз. Сөйтсек, Сомони Тәжік мемлекетінің негізін қалаған тұлғасы екен. Оған Душанбенің қақ ортасының үлкен бақ арналып, ерекше ескерткіш орнатылыпты, Душанбенің бас көшесі Сомони және Рудакилердің атымен аталады.

Айни персонаждарының ескерткіші

Ал біз қазақ хандығын негізін қалаған Керей мен Жәнібекті ұлықтау мәселесіне әлі қырын қарап келеміз. Шаһриддин Айнидің персонаждарымен өзіне орнатылған ескерткіш пен алаңның өзі көріктілігімен және ерекшелігімен көз тартады. Жалпы біздегідей мыжырайған шолақ тайға мініп, шолақ қолын шошайтқан немесе төмен қарап көзімен жер сүзген шалдардың пошымын жасай салып, оны сәулет өнерінің туындысы деп мақтанбайды екен. Ескерткіштің өзі де, көзі де сөйлеп тұр.

Айни персонаждары

Душанбеде Орта Азиядағы ең ірі шайхана салынуда

Душанбедегі бизнес орталығы

Жалпы, бізге ұнағаны Душанбедегі шығыстық және тәжіктік рух. Душанбе Алматы немесе Астана секілді ірі қала емес, тұрғындарының саны 2 миллионға таяу болса да, шағын ғана қала екен. Қалада сапырылысқан машина да аз, ауасы да таза. Бір өзгешелігі – ғимараттарының, архитектурасының шығыстық үлгіде, тәжіктік рухта салынғандығы. Онда Орта азияда ең ірі Кітапхана мен Шайхана салынып жатыр екен.

Есенгүл Кәпқызы.

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Ескерткішке келгенде қазақ мүсіншілерін қара басып қалды. мақала дұрыс мәселе көтерген. Қазақ ескерткіш сымақтары өнер туындысы емес, өңкей ездіктің, сүмірейген байқұс кейіпиің бейнесі екені рас.

  2. неге екенін білмеймін бізде бірде бір көңіл сергітіп, серпілтетін бірде-бір ескерткіш, мүсін доқ. Шетінен рухсыз, әлсіз, бетімен жер басқан сұр бейнелер.

  3. бұл пікірлерге,мақалада айтылған, көтерген мәселеге мен де қосыламын. Басқа елдердің ескерткішін көрсең көзінен от шашып, көрген жерде бойды шымырлатып, алдына тұра қалып суретке түсе қалғың келіп тұрады. Ал біздің ескерткіштерден безіп кеткің келеді. Мәселе өте орынды.

  4. Мұны ана жоғарыда отырған “сәулетшілерге” жолдау керек.

  5. маған өз атым да ұнамайды. қазақша емес. ескерткіштер де сондай…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар