//

Жаңаөзен оқиғасы обьективті зерттелсе

2566 рет қаралды
3

Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты өкілі Елші Әбдірахманов мырзаға Жаңаөзендегі оқиғаларға қатысты жауап

Елші Ян Келлидің ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесіне жолдаған хаты

Америка Құрама Штаттарының делегациясы Қазақстанның батысында болған мазасыз оқиғаларға байланысты Тұрақты кеңесте бүгін өткізген брифингі үшін Елші Әбдірахманов мырза мен Қазақстан делегациясына алғысын білдіреді. Біз, сондай-ақ, Қазақстанның желтоқсанның 19-ында Венада мүше мемлекеттерге арнап брифинг өткізу жөніндегі бастамасын жоғары бағалаймыз.

Біз Қазақстанның батысында осы аптада болған зорлық-зомбылықтарға байланысты қатты қобалжыдық, Жаңаөзен мен Шетпеде қаза тапқандар мен жарақаттанғандардың отбасылары мен достарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамыз. Зорлық-зомбылық кезінде кем дегенде 15 адам қаза болып, көп адам жараланды, миллиондаған долларлық дүние-мүлік қирады. Біз шағымданушыларға қарсы күш қолданудың кез келген түрін айыптаймыз және барлық тараптарды сабырға шақырамыз.

Әсіресе Жаңаөзендегі оқиғалардың қатты алаңдатарлық бейнежазбасынан жақсы ұйымдасқан қазақ полициясы қашып бара жатқан қарусыз шерушілерге оқ атып, жерде жатқан жаралы шерушілерді ұрып жатқаны байқалады. Америка Құрама Штаттары Қазақстан үкіметін берген уәдесінде тұрып, Жаңаөзенде және басқа жерлерде болған оқиғаларды толық әрі ашық тергеуге табанды түрде шақырады. Бұл бейнежазба бейбіт адамдардың көп жаралануының жай-жапсарына қатысты бұған дейін таратылған ресми хабарларға тікелей қайшы келіп тұрған сияқты. Сондықтан бұл оқиғалар жан-жақты, ашық әрі толығымен бейтарап тергеу жүргізуді қажет етеді. Тергеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның барлық аймақтарында Интернет және телефон байланысының толық қалпына келетінінен үміттенеміз.

Америка Құрама штаттары сондай-ақ, Қазақстан үкіметінен БАҚ өкілдерінің Жаңаөзенге баруына бұдан былай да мүмкіндік жасауды сұрайды. Америка Құрама Штаттары адамдардың жиналу, ұйымға бірігу және пікір білдіру сияқты негізгі еркіндіктерін қолдаудан танбайтынын тағы да ескертеді және БАҚ өкілдерінің еркін ақпарат алуы, сондай-ақ, халықаралық және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың араласуы тергеу ісінің мейлінше ашық өтуіне жағдай жасайды деп сенеді.

Америка Құрама Штаттары ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Литва Сыртқы істер министрі Аудронюс Ажубалистің Қазақстан өкіметін оқиғаның жай-жапсарын тексеруді ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары жөніндегі міндеттемелеріне, соның ішінде қамалғандарды ұстау ережелеріне толық сәйкес етіп жүргізуге шақырған үндеуіне қосылады.

Біз, сондай-ақ, Қазақстан үкіметінің өткен аптадағы толқуларға түрткі болған әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі мәлімдемелерін қолдаймыз және бұл мақсатқа жетуде Қазақстандағы азаматтық қоғам өкілдерімен және саяси тұлғалармен диалог ұйымдастыруға шақырамыз.

Америка Құрама Штаттарының ЕҚЫҰ-дағы миссиясы

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. НӘН барып қайтты ғой. Бір жағына шығатын шығар. Ана көккөздерді құрту керек еді, қалған қазақты солар қырмасын еді.

  2. кім болсада көксегеніне жетті. қазақ үкіметі де, бүлікшілері де өзінің ақмақтығын танытты. қара бет болды. қай қайсысының халықтың бетін көретін бет жоқ.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар