100 долларлық ноутбуктар

1158 рет қаралды

Редакциядан: Төмендегі мақала “Мінбер” оқырмандарын жаңа медиамен таныстыру мақсатында “Media Emerging” атты ағылшын тіліндегі журналдың 2006 жылғы арнайы санынан аударылып жарияланып отыр. Әр сәрсенбі сайын осы журналдың мақалаларын ұсынатын боламыз. “Media Emerging” журналындағы жаңа медиаға қатысты алдыңғы мақалаларды “Мінбер” сайтының “Журналист болам десеңіз” бөлімінен таба аласыз.

Халықаралық консорциум әр баланы компьютермен қаматамасыз етпек

2005 жылдың қаңтарындағы Швейцарияда өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда Николас Негропонте есімді адам арзан портативті компьютерлердің, яғни ноутбуктерді өндіріп, таратудың жоспарын таныстырды. Бұл әлемдегі әрбір балаға білім алудың заманауи түрін ұсынып, білім алудың қауіпсіз тәсілін қамтамасыз етер еді.

Компьютер мен Интернетке деген қолжетімділік ғаламдық сандық теңсіздікті жоюдағы басты кедергі болып тұр. Дәлірек айтқанда заманауи сандық технологияларды қолданудағы дамыған және дамушы елдердің арасындағы алшақтықты азайтар еді. Негропонте мен оның серіктестері құрған «Әр балаға ноутбук» [http://www.laptop.org/] коммерциялық емес ұйымы осы кедергінің алдын алуға тырысуда. Ноутбуктардың құнын 100 долларға түсіріп, технологияның дамуымен одан әрі арзандатуды алдарына мақсат етіп қойған.

2005 жылдың қарашасында Тунисте өткен Ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі бүкіләлемдік кездесуде БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан мен Масачусетс технология институтының (МТИ, Бостон, АҚШ) жанындағы Медиа мәселелері жөніндегі зертхана директоры әрі негізін салушы Николас Негропонте ноутбуктың түпнұсқасын таныстырды.

Қалыптың ішіне қондырылған портативті компьютер ашық жасыл түсті пластмасса мен резиналы материалдан жасалғандықтан «Жасыл машина» деп аталды. Сенімді, арзан компьютер қайнар көзі ашық бағдарламалармен құрылған. Қуатты аз тұтынады әрі қол бұрандамен қуаттанады.

Ноутбуктарға сонымен қатар уақытша локалді желі құрып, қасындағы көршісімен  байланыс орнататын аралас желіде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кеңжолақты сымсыз бағдарламалар қондырылады.  Ноутбуктар әртүрлі қуат көздерін (механикалық зауытты қоса алғанда) тұтынып, үлкен көлемде мәлімет сақтаудан басқа компьютердің барлық қызметтерін атқармақ.

МТИ-дегі медиа зертхана әзірлеп жатқан құны 100 доллар болатын ноутбуктар жобасын «Әр балаға ноутбук» коммерциялық емес ұйымы қаржыландырмақ. Жобалау жұмысына сонымен бірге «Дизайн континиум» халықаралық компаниясы да қатыспақ. «Әр балаға ноутбук» ұйымының директорлар кеңесіне Google, Руперта Мердеканың «News Corporation» Ұлыбритания медиа-концерні, коммуникация алыбы «Нортел» және интегралды микросхемалардың әлемдік жеткізушісі «Эдвансер Майкро Дивайсес» компаниясы тәрізді корпорациялар кіреді. Бірнеше өндірушілерден келіп түскен өтініштердің арасынан директорлар кеңесі тайвандық «Кванта компьютер» 100 долларлық ноутбуктерді өндіруге лайықты деп танылды. «Әр балаға ноутбук» ұйымы сонымен қатар ноутбуктың коммерциялық нұсқасын жасау мүмкіндігін қарастырмақ.

Бастапқы жоспар бойынша ноутбуктар 2006 жылдың соңында немесе 2007 жылдың басына қарай өндірістен шығуға дайын болуы керек. 5-10 млн. ноутбуке тапсырыс түсіп алдын ала төлем жасалғанда өндіріс іске қосылмақ.

«Әлдебір нәрсенің 100 млн данасын жасап шығару қашан да қиындықтар тудырады. Бұл тек жеткізу мәселелері ғана емес, құрастырумен де байланысты. Мені ауқымының үлкен болуымен қатар кейбір компаниялардың ұсыныстары да таңқалдырады. Кем дегенде мәселенің жартысы өз шешімін табатын тәрізді», – дейді «Әр балаға ноутбук» ұйымының сайтында Николас Негропонте.

Әр ноутбук өз қолданушысының қолына жеткеніне сенімді болу үшін «Әр балаға ноутбук» ұйымы Халықаралық телекоммуникациялық одақтың «Байланысқан әлем» бастамасымен әріптестік қатынас орнатпақ. Халықаралық телекоммуникациялық одақтың қаңтар айындағы дөңгелек үстелінде саясаткерлер, бизнес пен бағдарлама жасаушы компаниялардың жетекшілері 2015 жылға дейін әлемнің әрбір тұрғынына ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың басымдықтарын түсіндіруді өз мойындарына алды.

Сондай-ақ 2006 жылы қаңтарда Швейцарияда өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда БҰҰ-ның Даму бағдарламалары жөніндегі жетекшісі Кемал Дервис пен Николас Негропонте дамушы елдердің мектептеріне жаңа технлогияны жеткізу үшін ұлттық және халықаралық әріптестермен ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды.

«Дамушы елдердің балаларына ноутбук қажет. Себебі ноутбук жаңа әлемнің терезесі, ойлау құралы мен өз бетінше ізденіс пен тәуелсіз сұхбат тәсілі» деді Негропонте.

Суретте 100 долларлық ноутбуктың түпнұсқасы

(Фото AP/WWP)

“Media Emerging” журналын қазақшаға аударған Асхат Еркімбай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар