///

«Алдар Көсе» туралы ертегілер

6404 рет қаралды
20

2011 жылы Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Azia animation» компаниясы «Алдар көсе туралы ертегілер» атты анимациялық топтаманы жарыққа шығарды. Онда 85 мультфильм, 50 ертегі, «Бізді қоршаған әлем атты» суретті аудио-cөздік қамтылған. Жоба продюсері – Игорь Краус пен авторы – Артур Краус. Мақсат қазақ тілін бүлдіршіндерге мультфильмдер мен ертегілер арқылы үйрету.

Әрине,   мультфильмдердің барлығы керемет  деп айту артық. Онда бала санасына жат сөздер де көп кездеседі. Мәселен, байдың бажылдақ әйелінің аузынан шыққан әрбір былапыт сөзді балалар бірден қағып алады. Мәселен,  «қақпас, есуас неме, жынды» секілді тым дөрекі сөздер құлаққа түрпідей тиеді екен. Дегенмен Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бұл қадамы қуантарлық әрі құптарлық іс. Ендігі төрелік – патша көңілді оқырман сізде. Біз Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Мамай Ахеттің арнайы рұхсатымен аталған топтаманы көпшілік оқырман назарына ұсынып отырмыз.

“Мінбер-Ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

20 Comments

  1. Жақсыны көрмекке дейді. Бұндай туындыларды қолдаған абзал. Көш жүре түзеледі. Кемшшілігі болса бірге түзетейік. Менің балам “Қазақстан” телеарнасынан беріліп жатқан осы мультиктерді қызығып көреді. Демек қазақ та көрермен тұшынып көретін бірдеңе жасап жатыр деген сөз.

  2. Өте керемет, барлық сериясы жарияланатын болса жақсы болды. Біздің кішкентайларға әсіресе. Рахмет сіздерге!

  3. Маған әсіресе, кемпірдің “әй, қақпас, есуас немес, жынды, есалаң” деп бажылдауы сондай түрпідей естіледі екен. Балам көріп отырады, мен естіген сайны селк ете түсем. Кеше оның “жемісін” де көрдім. Әлденеге ашуланған балам “кәрі қақпас” деп айғай салды. Беттә бастым, қатты састым.

  4. Менің апам ашуланғанда, ой “шал-ау”, “Отағасы”, “әкесі” деп отырушы еді. Балаларға үлгі болсын десе, осындай бейбастақ сөздерді алып тастамай ма?

  5. мен жоқтан жақсы деп айталмаймын. Өте жақсы дер едім. шет елдін керемет депю ьалалар арасында хит боп жатқан мультфильмдерден әлде қайда жақсы. олар баланы зорлық-зомбылыққа, қатігездікке тәрбиелейді.одан қала берді, кішкентай балалар сүйісіп жатады. Әрине кемшіліктері бар. оны жүре түзейтін шығар деп үміттенеміз.

  6. “Алдар көсе” мультфильмдерін бірлі-екілі сериясын көрдім. пікір білдірушілердің ойымен келісе отырып мынаны қосып айтқым келеді. Фильм кейіпкерлернің сөз саптауларында жас балаға жат, тәрбиелік мәнсіз анайы, тұрпайы, боқтық, былапыт сөздер мен сөз тіркестері өте-мөте мол екен. Бұндай көргенсіздікті кейінгі істерде алып тастау керек, мүлде қолданбау керек. анайы сөздер баланы жақсылыққа тәрбиелемейді. Мәселен: қақпас, ақымақ, басыңды кесем, есуас, байқұс, жынды, бейшора,сорлы… тізе берсем толып жатыр. Ал осындай анайылықты басқа сөздермен жеткізсе де қазақтың тілі жетеді ғой. осыны мұхият ескеру керек. Жас баланың зейіні өте зерек. Ауыздан шыққан сөзді бірден қағып алады, ертең өзіңе қайталап айтып тұрады. Сол жақсы ма? Сонда бұл қандай тәлім.

  7. ҚАЗІРГІ ТАҢДА БАЛАЛАРДЫҢ КӨБІСІ ШЕТЕЛДІҢ АТЫС-ШАБЫС МУЛЬТФИЛЬМДЕРІНЕН КӨЗ АЛМАЙДЫ, СОНДЫҚТАН ЕЛІМІЗДЕ ОСЫНДАЙ МУЛЬТФИЛЬМДЕРДІҢ ШЫҒА БАСТАҒАНЫНА МЕН ҚУАНЫШТЫМЫН!

  8. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл жаксы мультсериял дер ем.

  9. Негізі жақсы ойластырылған бұл Алдар Көсе мультфильмы, балалар қызыға көреді.

    • иә керкмет менің бауырым соны ю тубтаң күнде көреді бауырым 2 де 2 дегі бала таңғы 8 ден бастап 2гедейін өткені ол сол кезде ұйықтайды тұрғанда
      тағы көреді

  10. Өте керемет.Осындай Алдар Көсе мультфиліін шығарғанына рахмет .Бұл менің 3жасар інімнің сөзі.Негізі жақсы мультфильм деп айтса болады))))))))*

  11. Өте керемет мультсериал, маган катты унайды. Уйдеги кишкентай жиенимизде осыны тапжылмай кореді. А қалай жүктеп алса болады???

  12. Менін де 4 жастағы інім бір сериясында үзбей көреді. “Қошқар мен ешкі” деген қазақша мультфильмді күнде қайта-қайта көреді, Інім қазақша таза сөйлейді. Бірге отырып көретін көршінің қызы орысша сөйлейтін, осы мультфильмнің арқасында ма, әлде ініммен сөйлесіп жүргендіктен бе ол да қазақша сөйлейтін болды. Осындай мультфильмдер көбірек шығарса жақсы болар еді.

  13. Бұл не неге мені түгел жерге жариялап тастағансыңдар

  14. алдардың сценарийн жазған адамға рақмет адамдарға алданып қалғанда алдар секілді көмектесетіндер болса деп ойлаймын.әлде өзім алдар болайын ба

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар