Ақпараттық технологияның жаңаша мүмкіндіктері адамдардың жүректеріне жол тартты. Оларды қолдана отырып, күнделікті сұхбаттасып жүрген адамдарынан тыс тағы бір қауыммен байланыса алады. Ендігі кезекте шығу тегі мен еңбек тәжірибесі әртүрлі болғанына қарамастан ортақ қызығушылықтарымен мүдделес жандар бір–бірімен байланыстарын нығайта алады. Ақпаратттар дәуірінде әрбір күн адамға күтпеген тосын сыйлық жасайды.
Төмендегі мақалада біз бір–бірін табуға көмектескен Интернеттегі бірнеше қауымдастықтар туралы әңгімелемекпіз. Олар ортақ қызығушылықтарын жүзеге асыруға жеткілікті боларлықтай қалың күшке айналды. Әйтпеген жағдайда мұндай жобалар болмас еді.
Фотомонтаж: әртүрлі елді-мекендерде өмір сүрулеріне қарамастан адамдар ортақ қызығушылықтары негізінде NativeYouthMagazine.com, YouthRadio және Wikipedia тәрізді сайттарда мәліметтермен алмасып, алдарына қойған мақсаттары аясында пікірлеседі.
Бірнеше тілдегі әңгіме
«Интернет» қоғамының деректері бойынша ағылшын тілі ұзақ уақыт бойы интернеттегі басым тілдердің бірі болды және барлық мазмұнның 83 пайызын құрады. Алайда егер сіз ұжымдық еңбектің жемісі саналатын Уикипедия – еркін энциклопедия парақшасын (http://www.wikipedia.org) қарайтын болсаңыз тілдердің алуандығын бірден байқайсыз. Бұл энциклопедиядағы және оның өзге жобаларындағы [http://www.wikipedia.org] мақалалар эсперантодан новахоға дейінгі көптеген тілдерде жазылған. Бірақ Уикипедияда ағылшын, неміс, француз, поляк және жапон тілдері басымдау.
«Бұл өзі кенеттен басталды да тез арада дами бастады» дейді Уикипедия сайтының көптілді мазмұнын қадағалап отыратын жүздеген басқарушылардың бірі – Сэмюэел Клейн. «Бірнеше тілді меңгерген жаңа қолданушылар мұндай қауымдастық бар екенін байқайды да оған байланысты мақалаларды жолдаған сайттарға сілтемелер жасайды».
Уикипедия пайда болған 2001 жылдан бастап, бұл жоба әлемнің әр түкпірінде ерікті қызметкерлері бар электронды журналға айналды. Жобаға қатысы бар шамамен 30 000 қолданушылар өздері жаңа мақала жаза алады немесе өзге біреулер жазған мақаланы өңдеп, толықтырып, аудара алады. Уикипедия жобасының ауқымы мен атқаратын ісі күрделі болғанына қарамастан жоба сәтті дамып келеді. Басқарудың иерархиялық түрі әлсіз болғандықтан ағылшын тілінде сөйлемейтін елдердің де интернет қолданушылары қосыла бастады.
Уикипедияның әлемдік болмысы Бостонда тұратын Клейнге де ұнады. «Өткен жылдың басында аударма жұмысына бейімі бар қолданушыларды аудармашылар ретінде қызығушылықтарын ояту үшін адресаттардың тізіміне енгізе бастадым», – дейді ол. «Енді испан тілін жеткілікті деңгейде білетіндердің тізімін оп-оңай тауып алуға болады. Адамдар сонымен қатар өз беттеріне қосымша қандай тілдерді білетіні жайлы мәліметтерді енгізеді».
Адамдарға әлдебір тақырып қызық немесе оған біреу қызықты тақырыпты жібереді, кейде күтпеген қызықты мақала ұшырасатын болғандықтан адамдар оны аударады. «Мәселен, мен ананас туралы мақала жазатын болсам және келесі бір адам испан тілінде ананас туралы мақала жазатын болса, біз өзге тілде мақала бар екенін білмеуіміз мүмкін, – дейді Клейн, сосын үшінші бір адам келіп, ағылшын тіліндегі ананас туралы мақаланы және испан тіліндегі ананас туралы мақаланы көріп, бір-бірінің арасына сілтеме жасап қоюы мүмкін». Ұқсас мазмұндағы мақалалар өзге тілдегі нұсқаларына сілтемелер жасап қоя алады. Интернетке шамамен күн сайын ағылшын тілінде 2000 мақала жарияланса, өзге тілдерде шамамен 4000 мақала жарық көреді.
Уикипедияның ұжымдық еңбектік жемісі саналатын өз тілдегі басқа жобалары да кең таралды. Мысалы, Wiktionary – көптілді сөздік; Wikiquotes – жекелеген адамдардың өнегелі сөздері, кітаптардан, фильмдерден немесе поэтикалық шығармалардан алынған оймақтай ойлар; Wikibooks – практикалық оқу-әдістемелер мен нұсқаулықтар; Wikisource – дереккөздердің көптілді кітапханасы және күнсайын шығып тұратын Wikinews басылымы.
Неліктен «Wiki»? Уики – кез келген браузерді қолдана отырып, қолданушыларға Интернеттегі парақшалардың мазмұнын өңдеп немесе жаңасын жасауға мүмкіндік беретін серверлік бағдарлама қамсыздандырушының бір бөлігі. – WikiWay сайтынан
Қолданушылар өзгелерге аударуға болатын жаңа немесе қызықты мәліметтің пайда болғанын хабарлай алады. Уикипедияны пайдаланушылар шет тілін білетін қолданушының мекенін анықтап оған аударма туралы өтініш жолдаса болады.
Уикипедия аудармашылары сонымен қатар апта ішінде дауыс беру арқылы анықталатын жоба немесе мақаланы «Апта ұсынысы» айдарымен аударады. Жоба жетекшілері аударманы қалай жасаған дұрыс, өзге тілдерге сілтемелерді қалай орнату керектігін айтып кеңестерін береді.
Соңғы жобаның тілге мүлдем қатысы жоқ еді. Wikimedia Commons аудио, видео материалдар, фото және өзге де графикалық суреттер, мәтіндер, бейнеклипетре мен әуендерді сақтайтын Wikimedia сайтының парақшасы. Уикипедияның бұл парақшасы оның өзге парақшаларымен қатар байланыста қолданып, әлемдегі Интернет қолданушылардың мүмкіндіктерін ұлғайтады.
“Media Emerging” журналын қазақшаға аударған Асхат Еркімбай
Барлық авторлық құқықтар қорғалған. Автордың рұқсатынсыз көшіріп, жариялауға болмайды (с)
Парақшамызға жазылыңыз