//

Дәлелхан өтті дүниеден

2990 рет қаралды
3

Кеше (17.12.2012ж) Түркия қазақтарының көшбасшыларының бірі, Қытай Республикасы және Тайвань парламентінің депутаты Дәлелхан Жаналтай  Ыстамбұл қаласында бақилық болды. Елім деп өткен ерен ер 1992 жылы өткен дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайына қатысып, онда төралқа мүшесі болды. 

Дәлелхан Жанымханұлы Жаналтай ҚХР-дың Алтай аймағының  Өрмегейті жайлауында дүниеге келген. Қазақ жоғарғы  мектебін және діни медресе бітірген. 1945 жылдың бaсындa Шынжaң өлкелiк үкiмет бaстығы У Жу Шидың нұсқaуы бойыншa тыныштық орнaту үшiн комиссия мүшесi болып Aлтaйғa бaрды. Сондaй-aқ, сол жылы солтүстiк-бaтыс әскери-сaяси және әкiмшiлiк мекемесiнiң Шынжaң бөлiмiнде генерaл Жaң Же Жуң және Үрiмшiде генерaл Лу Миң Чуңның қaрaмaғындa полковник дәрежесiнде қызмет aтқaрды.

1948 жылы елдiң пaрлaмент мүшесi ретiнде Нaнжиң қaлaсындa өткен Қытaй мемлекет бaстығын сaйлaу құрылтaйынa xaлық өкiлi болып қaтысты. Бұл қызметі 1991 жылғa дейiн ұлaсты. Құрметтi демaлысқa шықты. Қазақ тілінен өзге 6 шет тілін меңгерген.

Дәлелхан Жаналтай Қасиетті Құран Кәрімнің қазақшалануына зор үлес қосып, Түркиядағы қазақ жастарының Тайваньда білім алуына себепкер болған қайраткер. 2000 жылы «Қилы заман – қиын күндер» атты кітабы жарық көрді. “Мінбер” ұлттық интернет газетінің ұжымы марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақ екенінін білдіре отырып  көңіл айтады.

Марқұмның жаны жаннатта болсын!

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Е, бұда бір алтынның сынығы еді, бұлғақ замананың құрбаны болған. Иманы жолдас болсын.

  2. Дәлелхан Жаналтайдың даңқын Халиға Алтай арқылы естігенім бар. Екеуі бірігіп қасиетті құранды қазақшалағаны қазақтарды Алда тағаланың сәлімін білуге септігі ұшан теңіз. Екі арыстың да жаны жанната болсын.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар