//

Есенғали елін сатқан жоқ

1836 рет қаралды
5

Жаңаөзен көтерілісі Алашты ұйқысынан жұлқып оятты. Кімнің ұлттың ұлы, кімнің құлқынның құлы екенін есі бар жұрт аңғарып қалды. Ел сенетін біраз адамның «сөзі сыбырға, ісі қыбырға айналды». Елдің ықыласы мен батасының арқасында айбары асқан кейбір ағалар ар-ұяты қуып жеткенде, қуғынды көп көрген қырқылжың түлкідей бұлт етіп, басқа арнаға аунап түсті де, жас тірнектей аңғал Алаш топшысын тасқа соқты. Енді бір ағаларымыз кеше қан майдан қызып, қорғансыз жұрт кімді бел көрерін білмей түрғанда үнсіз тығылып қалғанын ұмытып, айғайлап шықты. Қазақ «жау кеткен соң қылышыңды боққа шап» деп осындайдан айтқан. Тағы бір данышпандар ертеңгі өзіне келер сөзден сақтанып, «қотыр ат пен соқыр атын жинап үйір салғандай» қылыңы мен бараны парықталмайтын бір үйір сөзін бырқытып, газетке шығарып құтылды.

Сонда зиялыдан Алаш сенер кім қалды? Бар екен. Саусақпен санарлық болса да бар екен. Мұхтар Мағауин мен Есенғали Раушанов. Мұхтар ағаның алты алашты жылатқан аталы сөзін қазақ қабырғасы қайысып оқыды. Санасы өсті. Рухы күшейді. Ал Есенғали аға Алматыда да Жаңаөзендегідей қырғын болуының алдын алды. Қазақ жастарын жазушылар одағының залына жинап билік пен зиялыға жастардың жүрегіндегі запырандай шерін айтуға мүмкіндік туғызды. Албырт жастарды сабырға шақырды. Алғаш бұл көтерілістің себебін ашық айтқан азаматтардың бірегейі. Керек десеңіз, жастардың, зиялылардың, халықтың атынан билікке көтерілістен кейінгі ең алғашқы саяси-әлеуметтік сауатты талап қоюды ұйымдастырған сол Есенғали аға Раушанов (Жас алаштың 21 желтоқсанындағы санына қараңыз).

Енді дау ұлғайды. Шу күшейді. Біраз жастар мен ағаларымыз қазақ зиялыларына өкпесін айтып жатыр. Дұрыс. Баспасөз беттерінде ашық хаттар жарияланды. Бірақ осындайда еріксіз екіұдай күйде қаласың. Өйткені, сол хаттарда есімі аталған Есенғали ағаның қандай ерлік жасағанын жоғарыда айттық. Мұхтар Шаханов пен Амангелді Кеңшілік бас болған хатта «…Есенғалиға… баспа директорлігі керек» дейді. Директорлықтың керектігі бір басқа да, директорлықтпен халықты айырбастау бір басқа. Біз тек Раушановтың сол айғайшылардың бәрінен ақылды іс атқарғанын айытқымыз келеді. Бірақ, Есенғалиды ақтау үшін, тағы біреудің кінәсін қыжырту – инабатты, ұлтшыл қазақ жастарына тән мінез емес.

Соңында айтарымыз, Әлихан айтқан «күнге қарап туған ұрпақ» болсаң, саяси күрестің жолы – ғайбат емес. Ол мұнафиқтың ісі. Бұл жастарға ғана емес, өзін зиялымыз деп есептейтін күллі қазаққа айтылар сөз.

Хат иелері: Жасұланбек Майлыбаев, Ербол Алшынбай, Әмірбек Еламанов, Бактыбай Жайлау, Жақсылық Орынбасар, Азамат Жайлаубаев, Әлімбек Келдібаев және осы жиынға қатысқан   Алаш жастары бұл хатымызды шындыққа жанасатынына кепілдік беретініне сенімдіміз. “masa”

 

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Әй, сен, қара бауыр қасқалдақты ұмытып қалдың ба? Соны шырқаған, осы Ақының емес пе? Есіңді жи, Исатай! Бабаның атын малданбай!

  2. Есенгалиін де, Мұхтарын да Жанаозен үшін ештеме жасамады. Және де өйтіп адамдарды өлшеп, біреу былай екен, біреу мындай екен деп, қазақтың өзін бөліп жаруга ешкімнің правосы жок! Дурыс айтады, бәлкім осы хаттын озің сол Есенгалидің өзі жазған шығар. Мыкты болса неге келмейді ал осы жерге. Мұхтарын мықты болса, неге шетелде жүр!!! Рас, екеуі де мықты қаламгерлер, бірақ жазушыларды саясатпен былғамандар!

  3. minberge munday material kerek emes. imejin kurtip jatirsiz. oni anau bilikshil abai.kz pen masa.kz shigarabersin

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар