Онлайн альбомдар

1260 рет қаралды

Фотографтар өз өнерлерін шыңдауда интернеттің жаңа мүмкіндіктерін қолдануды игеріп алды. Фотоблогтардың дені отбасылық өмірдің, достардың немесе қоғамдық қайраткерлердің өмірлік жылнамасының визуалды желілік журналдарынан тұрады. Енді кейбіреулері баспагерлер мен әлдебір басшылардың араласуынсыз аудиториясына өзінің шығармашылық көрмесін ұсынған галлереяларға ұқсайды.

Фотоблогтардың көпшілігі суреттерді оңай жүктеп, таратып және көрсетуге мүмкіндік беретін технологияларды қолдана отырып отбасылық қуанышты туысқандарымен, достарымен өзге елде тұратын жақындарымен бөлісу ниетімен пайда болды. Интернеттің іздеу тораптары арқылы өзгелер де бұл суреттерді көретін болғандықтан фотоблогтарды көрушілердің аудиториясы ұлғайды.

Фотоблог интернеттің дамуымен пайда болған, мәліметті жеткізудің ерекше тәсілдерінің бірі. Себебі суретпен кез-келген ойды оңай, әрі түсінікті жеткізуге болады.

23 жастағы фотограф Джастин Уллет chromogenic.net сайтындағы өз жұмыстары арқылы Орегон штатындағы Портленд қаласының тыныс-тіршілігін суретейді. Ол сонымен қатар суреттерін кофе мен “С” дәрумені қосындысы арқылы жарықтандыруды сынақтан өткізіп көрді. «Химик емеспін, бұның қалай жұмыс істейтінін білмеймін. Бірақ бір нәтижесі бар екен» дейді.

Ранни Тюринганның фотоблогында өзінің және достары мен туған қаласы Торонтоның (Канадада) суреттері жарияланған. «Сандық фотоаппараттардың дәуірі дүрілдеп тұрған кезде өмір сүріп жатсақ та, мен пленкаларды сағынып жүрмін» дейді ол. Ол өзінің сайтын ескі технология негізіндегі камерамен түсірілген фотосуреттерді таныстыру үшін ашты. (Авторлық құқық © Ранни Тюринган, http://photojunkie.my-expressions.com)

Сан-Францискодағы Дерек Повазек күн сайын өзінің epherma.org сайтына жаңа суреттерін жариялап отырады. Ол сурет түсіруге қатысты өзінің пәлсапасы бар кәсіби фотограф. Ол өнер «эфемерлік» сипатқа ие дегенге иланады. Дерек: «Эфемерлі дегеніміз уақытша өмір сүреді деген сөз. Эфемерлі құбылыстар ұзаққа созылмайды. Мұндай құбылысқа бір күндік шыбын-ғұмыр жатады немесе объективтің терезесі ашық болатын секунд пен интернет парақшалар немесе біз жатамыз» дейді. (http://www.ephemera.org, Дерек Повазек рұқсатымен)

Рене Паре-Кулдың нысанында, асханада түсірілген суреті тәрізді оның күнделікті өмірі. Рене Хэллоуниді жақсы көреді және оның фотоблогы осы мейрамды отбасымен қалайша қорқынышты да, қызықты өткізгенін баяндайды.  (Авторлық құқық © Raine Pare-Coul, http://yard-sale.phototage.com)

Марк Баланканың фотоблогындағы желкенді қайықпен жасаған саяхаты , рок-концерт пен жарнамаға қатысты суреттерінің болуы оның кәсіби фотограф ретіндегі мүмкіндіктерін көрсетіп тұр. Камерасының көмегімен Марк сонымен қатар «Американың ең әдемі қаласы» деп санайтын туған қаласы Калифорниядағы Сан-Диегоны да таныстырады.

(Marc Balanky, PhotoSanDiego.com [http://www.photosandiego.com])

Тони Пуланың http://vivo.my-expressions.com фотоблогы – Америка Құрама Штаттарының батыс аудандарындағы көп блогтардың бірі. Нью-Мексика штатындағы Альбукеркедегі түрлі-түсті әуешарларының фестивалі суретін жариялады. «Мен өз өмірімде болған жайттардың бәрін ой елегінен өткізіп, сезінгенімді суретпен және сөзбен жеткіземін. Менің саяхаттар әлеміме ішінен, сыртынан тіпті төбесінен төніп қарасаңыз да болады».

(Tonya Poole, www.adventurejournalist.com)

Нью Йорк метросының жолаушысы кітап оқып отыр. © Joseph O. Holmes, http://joesnyc.streetnine.com

Калифорниядағы Ориндж округінің инженер-экологы Джордж Иллес. Фотоға түсіру – оның сүйікті ісі. Қарапайым нәрсеге басқа қырынан қарауға тырысып, ол күн сайын блогына бір суреттен жариялап отырады. «Фотоөнер – өмірдің әрбір сәті қайталанбас екенін ұғыну үшін Эверестің шыңына шығудың, «ұлы америка романын» жазудың немесе «әлдебір кісіге» айналудың қажет емес екендігін ұғындырады. Себебі қарапайым сәт болмайды. Әрқайсы өзінше ерекше». Оның суреттерін www.jargonhunter.com сайтынан тамашалауға болады.

(George Illes рұқсатымен)

Пола Бошаның http://www.onfocus.com блогындағы фризби бойынша өткен ұлттық чемпионаттың соңғы жеңімпаздары. Пол – Орегон штатының Корваллис қаласында тұратын веб-қосымшаларды жасаушы және технология тақырыбында мақала жазатын автор. Ол өзінің сайтында суреттерді жариялаумен қатар жаңа технологияға байланысты жазған бірнеше кітабы жайлы талқылауларды жариялады. «Суретке түсіргенді жақсы көремін» дейді ол.

(Авторлық құқық @ Paul Bausch)

“Media Emerging” журналын қазақшаға аударған Асхат Еркімбай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар