Қазақстан журналистерінің, оның ішінде редакциялардың және бұқаралық ақпарат құралдары меншік иелерінің ар-намысты, қадір-қасиеті, іскерлік беделін сот жүйесінде қорғаудың қазіргі тәжірибесі қоғамдық қатынастардың бұл саладағы заңдарына айрықша баға беруді талап етеді. Мұндай жағдай азаматтық талаптардың көбеюінен ғана емес, олардың қоғам өміріндегі ұшықты мәселелері көтерілетін айтыс-тартыста келеңсіз көрініс алатындығынан туындап отыр. Жасыратыны жоқ, соттардың мұндай талаптарды қанағаттандыруға қатысты шешімдері белгілі бір дәрежеде сыни мақала авторларының, яғни журналистердің принципшіл болуына әсерін тигізуде. Сонымен қатар, бұл талаптарды материалдық қанағаттандыру мәселесін де қосуға болады. Қазақстандағы сөз бостандығының жайы «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының баяндамаларына талданып, онда моральдық зиянды өтеу сомасының жорықсыз көп екендігі, БАҚ табысы мен респуликадағы тұрмыс деңгейіне сай келмейтіндігі, кейбір баспаларды жұтатып кететіндегі көрсетілген[1].
Оған бір мысал: Тараз қаласындағы №16 кәсіби лицейдің бұрынғы директоры Б. Үмбеталиев «Знамя труда» газеті мен оның журналисі И.Боташевадан моральдық зиян ретінде сот арқылы 10 мың теңге өндіріп алмақшы болады. Сонымен қатар сол басылымда 24.02.2011 жылы жарияланған «Живет такой директор» атты мақаланы теріске шығаруды талап етеді[2].
Ар-намысты, қадір-қасиетті немесе іскерлік беделді қорғау туралы талап бойынша сотта жауапкер болатын журналистерге азаматтық заңнамада аталған мүмкіндік емес құқықтар мен игіліктерге түсінікті әрі ұғындыруға жеңіл түсініктемелер керек. Судьялар үшін мұндай түсініктеме ҚР Жоғарғы Сотының біз атап өткен 18 желтоқсан 1992 жылғы № 6 Нормативтік қаулысының 1) тармағында берілген. Онда ар-намыс дегеніміз тұлғаға берілген қоғамдық баға, оның рухани және әлеуметтік қасиеттерінің өлшемі делінген. Ал, қадір-қасиет – тұлғаның өз қасиетін, қабілетін, көзқарасын, қоғамға құндылығын өзінше іштей бағалауы. Бұл екі түсінік-төменде де «тұлға» деген сөз бар, оны азамат деп те, заңды тұлға деп те түсінуге болады. Осыған байланысты соттар, 2011 жылғы наурыз айында азаматтық заңнамаға тиісті түзетулер енгізгенге дейін, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғауға қатысты журналистер мен Бұқаралық ақпарат құралдарына қойылған талаптарды тек азаматтардан ғана емес, заңды тұлғалардан да алып қарайтын болды. Мысалы, Қостанай облысының Қостанай қалалық сот ісінің 6 сәуір 2000 жылғы шешімімен «Достар-Қазақстан» ЖАҚ-тың ар-намысы мен қадір-қасиетіне кір келтіретін, «Головокружение от банкротства», или как «Кустанай зернопродукты» пошло по рукам» атты мақалада келтірілген деректерді жалған деп жариялау туралы «Костанайские новости» газетіне міндеттеді[3].
Соңғы кездері соттың мұндай шешімдері дұрыс емес деп танылуда. Оның себебі неде екендігіне қысқаша түсініктеме беріп көрелік. «Қадір-қасиет» ұғымының өзін Қазақстан Республикасының Конституциясы осы қорғауға құқық берілген тек бір субъектіге – адамға ғана жатқызады (17-баптың 1-тармағы). Ал, Конституцияның 18-бабының 1-тармығында «әркімнің өз ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға құқығы бар» делінген[4]. Мұнда да адам жайында айтылған.
Бұл Конституция баптарынан өз Азаматтық кодексте (ескі редакциядағы 143-б. 1-т) еш қандай зиянды тұлғалардың емес, тек азаматтардың ғана ар-намысын, қадір-қасиетін қорғау туралы айтылуға тиіс екендігін көреміз.
Осыған байланысты заң шығарушы еліміздің Негізгі заңы деп –Конституция баптарын іске асырды, ҚР АК-нің 143-бабының 1-тармағынан заңды тұлғаны алып тастады. Қазіргі кезде, дәлірек айтсақ – 2011 жылдың 15 сәуірінен бастап, заңды тұлғалардың моральдық зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінуіне құқығы жоқ[5]. Себебі, заңды тұлғаның «жаны да, тәні де» күйзеліске ұшырамайды, сондықтан ол оларға моральдық зиян келмейді. Ал, жоқтың өтеуі де жоқ.
Аталған түзетудің қабылдануына байланысты «Время» газетіне берген сұхбатында (Әділ сөз) сөз бостандығын қорғау қорының президенті Т.Калеева «заңды тұлғалар ондаған миллион теңге талап етіп отырған «Уральская газета», «Мегаполис» және басқа газеттер енді «тақырға отыра» қоймас деген үміт бар. Бұл сөз бостандығына қарай жасалған нақты қадам» деді[6].
Біздің ойымызша, ҚР АК-ге енгізілген өзгертуді ескеріп Жоғарғы Соттың жоғарыда аталған Нормативтік қаулысының «ар-намыс» және «қадір-қасиет» ұғымдарын судьяларға түсіндіретін бөлігін толықтырса, оған «жеке» деген сөзді кіргізсе, сонда барып барлығы орын-орынын табар еді. Соттар азаматтық Заңнама нормаларын дұрыс пайдаланар еді, ал журналистер өз құқықтарын қорғауда қосымша кепілдік алар еді.
Судьялар өздерінің заң әдебиетіндегі жарияланымдарында «ар-намысты» жеке тұлғаның да, заңды тұлғаның да қоғам санасындағы келбетінің оң бағалануы деп қателеседі[7]. Оған себеп болып отырған – ҚР Жоғарғы Сотының 18.12.1992 жылғы №6 Нормативтік Қаулысында «ар-намыс» және «қадір-қасиет» ұғымдарына берілген қазіргі түсінік.
Және де онда «ар-намыс» ұғымына берілген түсініктегі «тұлғаны қоғамдық бағалау» сөздерінің орнына «тұлғаны обективтік бағалау» деп көрсетілсе деген ұсыныс бар. Мұндай формулировка судьяларға ғана емес, ар-намысты қорғауға байланысты сот дауына қатысушыларға да түсінікті болар еді, және де қазіргі нарықтық қатынастар субектілерінің талабында қанағаттандырар еді. Ескі «қоғамдық» формулировкасы Одақ кезіндегі терминді еске түсіреді. Оның үстіне, филологтардың өздері «қоғам» лексемин «қоғамдық қайраткер», «қоғамдық мүдде», «қоғамдық қауіпсіздік» сияқты көптеген тұрақты сөз тіркестерінде пайдалану бұрынғы дағдымен келе жатыр, онда ортақ іс, ортақ мүдде, бүгінгі әрекет ету сияқты қандай да бір ортақтық ұғым жоқ дейді[8]. Бұдан бізде Жоғарғы Соттың соттарға берген түсіндіруінде пайдаланатын «тұлғаны қоғамдық бағалау» сөз тіркесі семантикалық құндылықтан жұрдай, оны ауыстыру керек деген ой туады.
Адамды объективтік бағалау дегеніміз оның ар-намысын бағалау. Ал, субъективтік бағалағанда оның қадір-қасиеті қаралады[9].
Сонымен, адамды объективтік бағалауға қатысты біз ұсынып отырған формулировка заман талабына сай келеді және оның көмегімен мәні жағынан өте жақын екі ұғымның-«ар-намыс» пен «қадір-қасиеттің» жігін ашу оңайға түседі. Ал, оларды ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау жөніндегі істерге қатысты сот «процесінде пайдалана отырып сот тараптар жинақтаған дәлелдемелерді дұрыс бағалай алар еді».
Оның үстіне, көптеген өнегелік басылымдылықтар өткен социалистік кезеңмен салыстырғанда қазір едәуір өзгерді. Осыған байланысты тарихшы И. Яковенконың газетпен болған сухбатында айтқан сөзін келтіруге болады: «Қоғамда қол жеткізуге болатын құндылықтар орын алуда. Бұл өте маңызды Онсыз тарихи қозғалыс мүмкін емес. Әдетте адамда тез байығандарға деген өшпенділік болады. Реті келгенде ондай байлықты өртеп жіберетін немесе байыған адамға «ел қатарлы өмір сүр» деп қатаң ескертетін. Ондай дәстүрлі – теңдестіруші тәртіпті жақтаушы адамның немересі немесе жиені көрші барып өз дүкенін ашса пікір өзгере бастайды. Таптық өшпенділік қызғанышқа айналады. Бұл– бір қадам алға басқандық.
Соңғы онжылдықтарда қоғам өмірінде орасан өзгерістер болды. Олар қалыптасқан дәстүрлерді түп-тамырымен өзгертті, қоғамды жікке бөлді, бұл жақсы»[10]. Сондықтан да, «ар-намыс» ұғымына «қоғамдық» сөзінің орнына «обективтік бағалауды» кіргізу керек.
Осыған байланысты Жоғарғы Соттың 18.12.1992 жылғы №6 Нормативтік қаулысына мынадай өзгертулер енгізуді ұсынамыз:
1) 1-тармақтық үшінші абзацындағы «қоғамдық» сөзін «объективтік» сөзінен алмастырып, «бағалау» сөзін «жеке» сөзімен толықтыру керек;
2) 1-тармақтың төртінші абзацындағы «өзін-өзі бағалау» сөзін «жеке» сөзінен толықтыру керек.
«Іскерлік бедел» ұғымына берілген түсінікте біршама кемшіліктер бар. Жоғарғы Сот соттарға «іскерлік бедел дегеніміз тұлғаның іскерлік (өндірістік, кәсіби) қадір-қасиетін қоғамдық пікірдің тұрақты оң бағалауы» деп түсінік берген.
Өзінше бөлек алынған «бедел» ұғымы тұлғаның қоғам үшін маңыздылығы бар қасиетіне берілген бағаға негізделген пікірді білдіреді. Айта кету керек, елдегі нарықтық өзгерістер кезінде азаматтық қоғамдық маңыздылығы бар қасиеті тұрақты оң ғана болуы мүмкін емес. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын адамның беделі кәсіпкер ретінде жоғары болғанмен, халық алдында оң болмауы мүмкін. Бұған дау айта алмайсыз.
Мысалы, экономикалық саясатты тұрғызғанда фирма басшысы, алдымен тұтынушылар сұранысының динамикасын ескертеді, келешекте фирманың елеулі табыс табуының амалын ойластырады. Ол мән-жайға қарай бәсекелестіктің кез келген әдісін қолданады, бәсекелестік іс-әрекеттің кез–келген үлгісін пайдаланады. Оның іскерлік беделі бұдан төмендемейді, қайта көтеріледі. Бұл ретте сот не істеу керек?
Мұндай жағдайда нақты бір мысал келтірейік. Батыс Қазақстанның облыстық соты «Надежда» газетінде (Орал қаласы) жарияланған. «Вакханалия у вечного огня. Чьи права охраняют правохранительные органы» атты мақалаға байланысты кәсіпкердің – кафе иесі Тұрсынованың талап арызын қараған. Сот журналисті арызданушыға келген моральдық зиянды өтеп ғана қоймай, мақаланы жалған деп жазбаша мойындауды да міндеттеген. Ал журналист мақалада «Малибу» кафесінде үнемі болатын шу және оның жақын тұратын тұрғындарды мазалайтындығы туралы жазған[11]. Мұндай сыни мақаланы жазуға, әрине, тұрғындар наразылығы себеп болған. Олардың әкімшілікке де, кәсіпкерге де көзқарасы емес. Осыдан барып кәсіпкердің іскерлік беделіне нұқсан келген. Жоғарғы Сот берген түсінікті басшылыққа алған сот кәсіпкердің іскерлік беделін тұрақты оң деп санап, оның талап арызын қанғаттандырған. Бұл жерде тарихшы И. Яковенконың «дәстүрлі-теңдестіруші тәртіпті жақтаушыға» қатысты пікірі еске түседі[12].
Ал, тұрғындардың сот ескермеген қоғамдық пікірін не істейміз?
Іскерлік бедел – ҚР АК-нің 143-бабына көзделген материалдық емес игіліктердің бірі. Ол-нақты адамның кәсіби қасиетін бағалау болып табылады.
Іскерлік беделге кез келген азамат, оның ішінде кәсіпкерлікпен айналысатын адам ие бола алады[13]. Бірақ әдебиетте азаматтық-құқықтық тұрғыдан алғанда іскерлік бедел ұғымын іскерлік айналымға қатысушы адамдарға, яғни кәсіпкерлерге ғана қатысты пайдалану керек деген кереғар түсінік бар. Олай дейтіндер іскерлік бедел абырой, мәртебе ұғымдарынан бөлек деген уәж айтады[14].
Біз мұндай пікірмен келісе аламыз, себебі мұнда нанымды дәлел жоқ. Сондықтан, біз кез-келген іскер адам немесе іскерлікті иемдене алады дейміз. Осы айтылғандарға сүйеніп біз іскерлік бедел ұғымынан «оң бағалау» сөзін алып тастауды ұсынамыз, себебі ол практикада ескерілмейді. Оның орнына «қоғамдық маңыздылығы бар кәсіби қасиетті обективті бағалау» дегенді ұсынамыз.
Сонымен, Жоғарғы Соттың 18.12.1992 жылғы №6 Нормативтік қаулысының 1-тармағының бесінші абзацын мына редакцияда баяндау керек:
«Іскерлік бедел – адам жайында қалыптасқан, оның қоғамдық маңыздылығы бар кәсіби қасиетін обективті бағалауға негізделген тұрақты пікір».
Біздің ойымызға «іскерлік бедел» ұғымына осындай түсінік беру дұрыс, бұл жерде алдымен елдегі нарықтық қатынастар ескеріледі.
Мағлұматтар мен пікірлердің арасын ашудың да маңыздылығы зор.
ПАСЕ 1003-тің журналист этикасын бекіту туралы Қарарында (1993) былай делінген: «Жаңалықтар, бұл-фактілер мен оқиғалар туралы ақпарат, ал пікір дегеніміз – ойлар, идеялар, түсініктер немесе құнды ой жүгірту». «Пікір қалай да субективтік болатындықтан оның дұрыстығын тексеру мүмкін емес және ол тексеруге жатпайды, дегенмен біз оның адал және тиісті этикалық формада айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз».
Яғни, ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы істерде жауапкер таралған пікірлердің емес, таралған мағлұматтардың шындыққа сай екенін дәлелдеуі тиіс.
Адамның құқытары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенцияның 10-бабының 1-тармағы (Рим, 4 қараша 1950 ж.) әркімге өз пікірін еркін білдіруге құқық береді[15]. Өкінішке орай, сирек болса да, бұл ұстаным сот практикасында қолдау табуда.
Мысалы, Қостанай қалалық соты «Ирина және К». ЖШС-тің директоры А.Корчинскийдің ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғауға қатысты «Костанайские новости» газетіне қойған талабын қанағаттандырудан бас тартты. Газетте мемлекеттік тексеру нәтижесінде технологиясы бұзылып дайындалған ет консервлері жайында жазылған еді. Кейін, консервілер жарамды деп танығаннан соң директор сотқа қайта жүгінген. Сот газетті айыпты деп таппады, себебі ол ресми органның пікірі мен айтқандары үшін жауапты емес еді[16].
Немесе, прокуратура органы дауға араласып, журналистке жақтасқан мына мысалды алайық.
Журналист М.Рыбалко прокуратурасының Ақмола облысының денсаулық сақтау мекемелеріне жүргізген тексерудің материалдағы бойынша мақала дайындап, осы Республикалық «Караван» газетіне жіберген. Мақала «Ужасы» чуда рождения» деген тақырыппен 16 наурызда жарық көрген. 26 наурызда мақалада аты аталған дәрігер-акушер А. Құсайыновтың адвокаты М.Рыбалко хабарласып, мақаладағы фактыларды теріске шығармаса өзінің сотқа жүгінетіндігін айтқан. Журналист Қазақстан Республикасының БАҚ туралы заңын бетке ұстаған, онда қажетті орган ұсынған ақпаратты сол органның өзі теріске шығармаса журналист өз тарапынан өзгерте алмайды делінген. Бірақ адвокат бұл дәлелді елемей, өз шешімінен қайтпаған. Содан, Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі талапты алдымен прокуратураға беруді ұсынған, нәтижесінде ол журналисті қолдаған, оның дәлелдерін құптаған[17].
Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы істерде жауапкердің таралған пікірлердің емес, тек таралған мағлұматтардың шындыққа сәйкестігін дәлелдеуі керек екенін Жоғарғы Соттың біз қарастырып отырған нормативтік қаулысына кіргізу қажет деп санаймыз. Сонда ғана «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау Қорының «Законодательство и практика СМИ Казахстана» бюллетенінде журналистер мен БАҚ-тан келіп түскен, ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау мәселесіне қатысы бар хабарларға ұдайы түсінік беру қажеттігі болмас еді.
Сонымен, ҚР Жоғарғы Сотының 18.12.1992 жылғы №6 Нормативтік қаулысына мыналар ұсынылады:
1) 8-тармаққа мына мазмұнда екінші абзац енгізілсін:
«Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы істерде Соттар жауапкердің таралған пікірлердің емес, таралған мағлұматтардың шындыққа сай екенін дәлелдеуі керектігін ескеру тиіс;
2) сонан соң 8-тармаққа мына мазмұнда үшінші абзац енгізілсін: «Пікір – бұл ойлар, идеялар, түсініктер және құнды ой жүгірту».
Мұндай толықтырулар, біздің ойымызша, соттардың ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы істерде заңдарды біркелкі қолдануы үшін керек болар еді.
Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді сақтау немесе соттан тыс қорғаудың нәтижесі – теріске шығару.
Теріске шығару міндеті авторға немесе бас редакторға емес, сол мағлұматтарды таратқан редакцияға, баспаға және т.б., жүктеледі, журналистер мен БАҚ басшылары да, кейде соттар да солай деп санайды. «Надежда» газетінің (Орал қаласы) журналистермен болған жайды еске түсірейік, онда журналистің өзі ғана жауапкершілікті көтерді.
Теріске шығару мерзімі бір ай («БАҚ туралы» Заңның 19-бабының 3-тармағы). Бұл ретте іс бойынша жауапкердің – БАҚ-тың түсінік беруіне рұқсат етілген, бірақ ол сот тұжырымына қайшы болмауға тиіс. Бұл – Заң талабы.
«БАҚ туралы» Заң (19-баптың 3-тармағы) мен ҚР АК (143-баптың 4-тармағы) бұқаралық арқпарат органы тіреске шығарудан бас тартқан жағдайда ғана сотқа жүгінуге рұқсат береді. Басқа сөзбен айтқанда, дауды соттан тыс шешу мүмкін болмағанда ғана сот арқылы қорғануға болады.
Және де, «БАҚ туралы» Заң мен ҚР АК-і теріске шығарудан бас тартқанда ғана емес, жариялау тәртібін бұзғанда да, бұқаралық ақпарат органы таратылған жағдайда да шағымдануға жол береді.
Мысалы, теріске шығару жөніндегі орындаушы талабына жауап берудің заңда белгіленген бір айлық мерзімін редакцияның өткізіп алуы теріске шығару тәртібін бұзғандық болып саналады.
ҚР АК-ның 143-бабы 4-тармағының ережесіне сәйкес өзінің құқықтары мен Заңмен қорғалатын мүдесіне нұқсан келтіретін мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген азамат сол ақпарат құралында өз жауабын жариялауға құқылы. Ол жайында, біздің ойымызша, «БАҚ туралы» Заңда айтылуға тиіс, ал Заңда ол айтылмаса азамат тиісті органдарға шағымдануға, талап арызбен сотқа жүгінуге болады. Соған байланысты «БАҚ туралы» Заңға мынадай толықтыру кірсе: 1) 19-баптың 2-тармағын мына мазмұндағы абзацпен толықтырса: «жарияланған материалда өзінің атына кір келтіретін мағлұмат болса азаматтың репликаға құқығы бар».
«БАҚ туралы» Заңда дауды соттан тыс реттеу басты құрал болып табылады. Мұндай тәртіп дауласушы тараптардың уақытын үнемдеуге, жарияланғаннан бастап теріске шығарғанға дейінгі аралықтағы мерзімді қысқартуға мүмкіндік береді. Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы талап-арыз берерде, орындаушы өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар жариялаған. БАҚ-тағы міндетті түрде алдын ал жүгінеді:
Егер талап-арыз БАҚ-тың теріске шығарудан немесе артына кір келген адамға жауап беруден бас тартқандығына байланысты берілсе, онда бұл талап-арызды сот ондай жарияланымнан БАҚ редакциясы бас тартқан не оны Заңда белгіленген уақытта жарияламаған жағдайда қарайды.
Заңның бұл талабы да Жоғарғы Соттың Нормативтік қаулысында көрініс табуға тиіс. Соған байланысты Жоғарғы Соттың 18.12.1992 жылғы № 6 Нормативтік қаулысына мынадай ұсыныс енгіземіз:
1) 1-тармақты мына мазмұндағы абзацпен толықтыру керек:
«БАҚ туралы» ҚР Заңының 19-бабының 3-тармағының және ҚР АК-ның 143-бабының 4-тармағының мәніне сәйкес, егер азамат дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін пайдаланбаған болса, онда ол өзінің ар-намысында, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды сот арқылы теріске шығаруды талап ете алмайды. Мұндай жағдайда сот талап-арызды қараудан бас тартуға тиіс».
«БАҚ туралы» Заңда, егер азаматтық ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таралған болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегін теріске шығарылуға тиіс.
(19-баптың 2-тармағы).
Сонымен, «БАҚ туралы» Заңда теріске шығарудың басқа тәсілдері жайында айтылмаған. Дегенмен, практикада соттардың басқа да тәсілдерді қолдану фактысы кездеседі. Сөз болып кеткен бір мысалға оралайық. «Надежда» газетінде (Орал қаласы) жарияланған «Вакханалия у вечного огня. Чьи права охраняют правохранительные органы?» деп аталатын мақалаға байланысты кафе иесі Тұрсынованың талабына қатысты шешімінде Батыс Қазақстан облыстық сотының Азаматтық алқасы журналисті моральдық зиянды өтеп ғана қоймай, мақаланы теріске шығарып, оны мемлекеттік органдарға – қалалық әкіматқа, маслихатқа және «Надежда» газетінің редакциясына жазбаша жіберуді міндеттеген[18].
Сот ҚР АК-ның ретіске шығаруды жазбаша таратуға қатысты бөлігін орындаған (АК-ның 143-бабының 2-тармағы сотқа ондай құқық береді), ол «БАҚ туралы» Заңның 19 бабының 2-тармағындағы үшінші абзацқа сәйкес келеді, онда «Өзге жағдайларда теріске шығару тәртібін сот белгілейді» делінген. Сонымен қатар, мақаланы мемлекеттік органдар жіберіп жазбаша теріске шығару туралы сот шешімі «БАҚ туралы» Заңның 19-бабының 2-тармағындағы бірінші абзацқа, және де ҚР АК-ның 143-бабының 2-тармағына қайшы келеді. Онда: «Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы таратылған болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегін теріске шығарылуға тиіс» деп көрсетілген. Бұл жағдайда теріске шығарудың өзге тәсілдері заңда айтылмаған. «Өзге жағдайларда теріске шығару тәртібін сот белгілейді» дегенді «БАҚ туралы» Заңның 19-бабының 2-тармағынан алып тастаған дұрыс деп ойлаймыз. Бұл жағдайда заң жалпы журналистер мен БАҚ жағында болар еді.
ҚР АК-ның 143-бабының 6-тармағына сәйкес, азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, ол мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен қатар, олардың таратылуымен өзіне келтірілген Залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
ҚР АК-нің 143-бабының 6-тармағында (жаңа редакциясы) азаматтық іскерлік беделін қорғау тәртібін тиісінше Заңды тұлғаның іскерлік беделін қорғауға да қолдану көзделген, бірақ моральдық Заңның орнын толтыру туралы талап қарастырылмаған. Бұл заңды тұлға өзінің іскерлік беделіне кір келтіретін, шындыққа сай қызметін мағлұматтардың теріске шығарылуын талап етуге құқылы екенін білдіреді. Ол жауаптың ақпарат құралдарында жариялануына және таралған жала мағлұматтардың шындыққа сай емес фактысын сот арқылы анықтауға, және де іскерлік беделіне жасалған қастандықтан келген мүліктік залалдың өтелуіне құқылы.
Ал, моральдық зиянды өтеу мәселесін алатын болсақ, қазіргі кезде ол ҚР АК-ның 143-бабы бойынша азаматтар құқығы бұзылғанда ғана қолданылады. Жоғарыда біз заң шығарушының мұндай шешімінің дәлелін келтіргенбіз. Бірақ бұл Заңды тұлға қызметшілерінің өздеріне келген моралдық зиянның орнын бастыруды талап етуге құқығы жоқ дегенді білдірмейді.
Егер заңды тұлға жайындағы шындыққа сай келмейтін мағлұмат нақты жеке тұлғаға тиісті болса, моральдық зиянның орнын толтыру құқығы пайда болады. Бұл жайында Жоғарға Соттың Нормативтік қаулысының тиісті түсінігінде көрсете кету керек. Соған байланысты Жоғарға Соттың 18.12.1992 жылғы № 6 Нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер ұсынылады:
1) 13-тармақта:
екінші абзацтағы «немес заңды тұлға» сөзін алып тастау;
мына редакциядағы үшінші абзацпен толықтыру:
«Егер заңды тұлға туралы шындыққа сай келмейтін мағлұмат нақты жеке тұлғаға қатысты болса, онда сот заңды тұлға қызметшісінің өзіне келген моралдық зиянның орнын толтыру туралы талабын қорғауға құқылы».
Осы айтылғандарға байланысты «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қорының президенті Т. Калееваның сөзін келтірейік: «егер журналист қайсы бір кәісіпорындағы кемшілік жайында жазса, онда директор немесе оның орынбасары, немесе басқа жауапты қызметкер ол сынның өзіне тікелей қатысы бар екендігін және одан өзі қанша миллионға зардап шеккендігін дәлелдеуге тиіс[19].
Жоғарыда атап өткендей, БАҚ үшін қиын проблема–талап сомасының өте үлкендігі. Оны өтей алмағандықтан, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жабылып та қалды.
«Интерньюс Казахстан» өкілдігінің директоры О. Кациевтің пікірінше «талапкерлердің БАҚ-қа қойған жорықсыз талаптары–журналистика бостандығымен күресу әдістерінің бірі»[20]. Және де, мұндай талапкерлердің кейбірі БАҚ жауапкерлері есебінен баюды да көздейді. Оған мына талап мысал бола алады. Қарағандының «Реклама и новости» газетіне мағлұматты теріске шығару және 5 миллион мөлшерінде моралдық зиянды өтеу туралы талап қойылды. Талап қоюға «За свои «страдания» вымогательница потребовала 10 тсыяч долларов «мақаласы себеп болды. Жарияланымда қылмыскердің жинақтама бейнесі берілген. Оның кім екендігі, аты-жөні айтылмаған. Соған қарамастан талапкер мақала өзі жайында жазылған деп санайды[21].
Мұндай проблеманы шешу үшін «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қорының президенті Т. Калеева мынадай ұсыныс жасайды: «азаматтық дауды жұтату және өш алу құралы ретінде пайдалану мүмкіндігін заң арқылы жою үшін талаптың көнелік мерзімін бір аймен шектеп, моралдық зиянды өтеудің мәлімдеген сомасының 5 %-ын мемлекеттік басшылығына жатқызу керек[22]. Оның ойынша, бұл жерде, журналистер бірлестігінің құқығын сотта қорғауға қандай да бір кепілдік бар.
Біз өз пікірімізді айтайық.
1) Журналистер бірлестігінің талап кенелігіне… мерзімін бір аймен шектеу керек дегені іске аспайтын ұсыныс, себебі ол азаматтық заңнаманың талап көнелігі жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау жөніндегі талаптарға таралмайды деген мәніне қайшы келеді. (ҚР АК-ның 187-бабының 1-тармағы).
2) Ар – намысты, қадір – қасиетті немесе іскерлік беделді қорғау туралы істерде кейбір талапкерлердің БАҚ–ты «жұтатуды немесе одан өш алуды» мақсат тұтандығына келсек, мұндай қорғаудың сыншылы (журналисті және тиісті ақпарат құралын: баспаны, редакцияны және т.б.) құрту немесе заңсыз баю құралына айналғанын көреміз.
Бұл – талапкердің қорғану құқығын пайдаланып қиянат жасағандығын көрсетеді, ал оны сот шешім шығарарда ескеруге тиіс.
Мұндай жағдай жоғарғы соттың 18.12.1992 жылғы № 6 нормативтік қаулысында тікелей көрсетіліп, 13 – тармақтың үшінші абзацы мына мазмұнда толықтырылуға тиіс:
«Сот талапкердің қорғану құқығын теріс пайдаланғанын анықтаған жағдайда моральдық зиянды өтеу туралы талап қанағаттандыруға жатпайды».
3) Талаптардың мәлімделген сомасына қарай мемлекеттік баж салығын ұлғайтуға келетін болсақ, оның жақын аралықта іске асуы қиындау. Көрсетілетін қызмет бағасы өсіп отырғанда сотқа мемлекеттік баж салығын төлеу мелекеттің әлеуметтік бағдарын көрсететін сияқты.
Моральдық зиянды өтеу проблемасы, әсіресе оның ақшалай мөлшерін анықтау, қазіргі кезде едәуір қиындық тудыруда. Моральдық зиян келтірендік үшін қарастырылған жауапкершілікте өтеу – айыппұлдық сипат бар. Күйзелісті ақшамен бағалау мүмкін емес.
Біздің ойымызша, ҚР АК – ның 952-бабының 2-тармағында моральдық зиянның өтелімін анықтау кезінде соттар сүйкенетін бағдар табуға талпыныс бар. Сот жәбірленушінің өзіне келен моральдық зиянға берген субъективтік бағасын ескереді, сонымен қатар жәбірленушінің қаншалықты тән-жан күйзелісіне ұшырағандығын көрсететін объективтік мәліметтерді, атап айтқанда таралып кеткен жалған мағлұматтардың таралу сипаты мен өрісін ескереді. Басқа да елеулі мән-жайлар есепке алынады.
Келген моральдық зиянның дәлелдемесі субъективті, көбіне талапкер өз талабын сотта қандай да бір құжаттармен растайды. Ол «қолайсыз жағдайда қалдым», «ұятқа қалдым», «жүйкем жұқарды» деен сияқты сөздер болады. Заң шығарушы моралъдық зиянның мөлшерін анықтауды соттың еркіне қалдырды.
Жоғарғы соттың ұйғарымы бойынша, сот азаматтың жеке мүліктік емес құқықтарының бұзылуымен байланысты барлық нақты мән-жайларды ескере және сот белгілеген мөлшер талапкер қойған талапты жеткілікті қанағаттандырды деп айтуға негіз болса, онда моральдық зиянды өтеудің ақшамен алғандағы мөлшерін әділ және жеткілікті деп санау керек[23].
Осыған байланысты өтеу сомасын анықтарда сот сүйенетін белілі бір базис белгіленсе.бұған судьялардың өздері де қарсы емес[24]. Азаматтық істердің осы санаты бойынша талапкерлер сомасының өсуі ғана емес, елдегі ақпарат құралдарының көбеюі де осыған итермелеп отыр. Сотқа берілген талаптар саны жылдан-жылға артуда. Егер, 1991 жылы Қазақстандағы БАҚ саны 10-нан аспаса, қазір олар 2973-ке жетті, олардың 80% – ы мемлекеттік емес[25].
Соған байланысты БАҚ-тан талап етілетін өтеу сомасын анықтау үшін сүйенетін «базис» ретінде БАҚ меншік иесі активтерінің жылдық орташа құнын алу керек, бұл 31.01.2006 жылғы «Жек кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңының 6-бабының 3,7 және 8-баптарында белгіленен. Бұл критерий бойынша заң шығарушы кәсіпкерлік субъектілерін шағын, орта және ірі бизнеске жатқызған[26].
Осы ұсынысты Жоғарғы соттың 21.06.2001 жылғы №3 Нормативтік қаулысына (өзгертулермен және толықтырулармен 20.03.2003 жылғы №3 нормативтік қаулымен) енгізген жөн:
1) 7-тармақтағы үшінші абзац мына редакцияда берілсе: «Бұқаралық ақпарат
құралдарынан (баспасөз, радиохабарларын тарату, телевидение, агенттік баспасөз қызметі) моральдық зиян үшін өндірілетін ақша мөлшерін анықтағанда сот БАҚ активтерінің жылдық орташа құнын ескеруге құқылы».
Сонымен қатар, моральдық зиянды өтеу мөлшерін анықтағанда сот ескеретін объективті мәліметтер қатарына іскерлік беделдің төмендеу дәрежесін, ар-намыс пен қадір-қасиетке кір келтіретін мағлұматтардың сипатын, олардың қаншалықты таралғандығын, бұқаралық ақпарат құралдарында баяндалу формасын қосуды ұсынамыз. Ол Жоғарғы Соттың түсіндіруінде болуға тиіс.
Осыған байланысты Жоғарғы соттың 21.06.2001 жылғы №3 Нормативтік қаулысына (20.03.2003 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен) мынадай толықтыру енгізілсін:
1)7-тармақтағы бірінші абзац мына редакцияда берілсін: «Іскерлік беделдің төмендеу дәрежесін, ар-намысқа және қадір-қасиетке кір келтіретін мағлұматтардың сипатын, олардың таралу ауқымын, бұқаралық ақпарат құралдарында олардың баяндау формасын».
Баяндамада нақты ұсыныстармен көтерілген мәселелер журналистерге, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарына ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғауға қатысты қойылған талап-арыздар сотта қаралғанда заңдылықтың нығаюына алып келеді.
Біздің ескертулер мен ұсыныстарды ҚР Жоғарғы Соты назарға алады деген сенімдеміз, себебі Ұлт басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне тұру салтанатында – «Біз жауапты және азат БАҚ жүйесін дамытатын боламыз» деген сөзі бар. Бұл мақсатты іске асыру үшін журналистерді де, БАҚ-тарды да сотта қорғауға тиісті заңдарды жетілдіруде біздің ұсыныстарымыз керек болады деп ойлаймыз.
Есберген Алауханов
Заң ғылымдарының докторы, профессор
әл-фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика
факультетінің деканы, ҚР Жоғарғы сотының
ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі
[1] «Законодательство и практика СМИ Казахстана» 2006. Қаңтар. 46-б.
[2] По сообщениям Интерфакс-Казахстан и Каз ТАГ. Телетайп. Знамя суда. // Время. 2011. 12 сәуір
[3] Журналист у судьебного барьера. Сборник судебных решений РК по делам с участием СМИ журналиство за 1996-2000 г.г. – Алматы: Фонд «XII век», 2001. 430-б.
[4] ҚР-дің 07.10.1998 жылғы Конституциясы өзгертулермен және толықтырулармен және Конституциялық Кеңестің ресми түсінік беруімен. – Алматы, 2001. 19-б.
[5] «ҚР-дің азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы». 25.03.2011 жылғы 412-…… ҚР заңы.
[6] Аимбетова М. Критикуйте – невзирая на ………….! // «Время» газеті, 2011. 16 сәуір.
[7] Балтабай М. Анализ некоторых проблем законодательства о СМИ и ответственности за его нарушение // Журналист у судебного барьера. Сборник судебных решений РК по делам с участием СМИ и журналистов за 1996-2000 г.г. – Алматы: Фонд «XXI век», 2001. 11-12-б.б.
[8] Федорова К. «Общество» и пустота. // «Новая газета», 21.04-28.04.2011
[9] Додонов В.Н., Каминская Е.В., Румянцев О.Г. Словарь гражданского права / Под общей ред., д.ю.н. В.В. Залесского…. – М., 1007. 48-б.
[10] А. Дроздов «Конечная остановка»: «Москва. Третий Рим». // Новая газета, 21.04-28.04.2011.
[11] Информационно-аналитический бюллетень «Законодательства и практика СМИ Казахстана». 2006. Қаңтар. 30-б.
[12] Дроздов А. Кончная остановка: «Москва –Третий Рим». // «Новая газета». 21.04-28.04.2011.
[13] Додонов В.Н., Каминская Е.В., Румянцев О.Г. Словарь гражданского права. // Под общ. редакцией, д.ю.н. В.В. Залесского. – М.: ИНФРА – М., 1007. 53-б.
[14] СМИ и судебная власть а России (проблемы взаимодействия). М.: Фонд защиты гласности, 1998. 195-б.
[15] Права и свободы человека: Сборник нормативных правовых актов. –Алматы: ЮРИСТ, 2003. 26-б.
[16] Информационно-аналитический бюллетень «Законодательство и практика СМИ Казсхатана». 2007 ж. Ақпан. 43-б.
[17] Информационно-аналитический бюллетень «Законодательство и практика СМИ Казахстана». 2007 ж. Сәуір. 33-б.
[18] Инф.-аналитический бюлеттень «Законодательство и практика СМИ Казахстана».
[19] Айымбетова М. Критикуйте – невзирая на юолица…! // газета «Время». 2011. 16 сәуір.
[20] Связина О., Нитченко Ю. За право на свободную критику. // газета «Фокус». 2009, 10 қараша.
[21] Инф. – аналит. Бюллетень «Законодательство и практика СМИ Казахстана». 2007. Қыркүйек. 44-б.
[22] Калеева Т. О Законах идеальных и реальных. // Законодательство и практика СМИ Казахстана. 2005. №3. 44-б.
[23] Жоғарғы Соттың 21.06.2011 ж.ылғы нормативтік қаулысы (20.03.2003 жылғы өзгертілерімен және толықтыру сатымен) // Нормативное постановление ВС РК. – Алматы: Изд. дом «Бико», 2004. 71-72 б.б.
[24] мысалы, Судья суди 32 года Усть-Каменегорск Солтанбеков Е. //Солтанбеков Е. Возмещение морального вреда. // «Юридический вестник в Казахстане» №16 (100ф) тамыз 2006 ж.
[25] Джамилова А. Научно-практ.конференция по вопросам СМИ и прав человека… //газета «Панорама», 2009, 11 желтоқсан.
[26] О частном предпринимательстве. Закон РК – Алматы: Юрист, 2006. 7-8 б.б.
Жала жабу мен қорлауды Қылмыстық баптан алып тастаймыз дегелі қашан? Посткеңестік мемлекеттерде ғана бұл баптар Қылмыстық Кодекске енгізілген. Өзге дамыған мемлекеттерде журналистер жала жапты, қорлады деген жаламен сотталмайды.
Мақала өте жақсы жазылған. Мысалдары да, бүгінгі Қазақстандағы құқықтық мәселелер мен журналистиканы жақсы талдаған.
Біз облыста жаңадан құрылған қормыз. Қандай да бір шара өткізу үшін облыстық Ішкі саясат басқармасымен келісу керек пе?
Жанерке, жұмыс істегеніме алты ай болды. Кезекті еңбек демалысына кете алам ба?