//

Тағы да ескілік көлеңкесінде

2528 рет қаралды
5

Әлем жұрты 2011 қоян жылын артқа тастап, 2012 ұлу жылын қарсы алды. Жалпы жан-жануарлар атауымен жыл қайыру шығыстық ежелгі дәстүр-салтқа жатады. Өзімізге қатысты айтар болсақ өткен ХХ ғасырда билікке коммунистердің келуімен жыл қайыру, жыл санау дәстүріміз ескілік, кертартпалық, жабайылықтың бір нышаны саналып халық жадынан, яғни сол дәуірді бастан кешірген үш ұрпақтың санасынан, әсіресе соңғы үшінші ұрпақтың жадынан мүлдем шығып қалды. Оның орнын өзге тілден (нақтылап айтсақ орыс тілінен) енген атаулар мен олардың түпкілікті негізгі ұғымдары аударма арқылы сіңісті де соның кесірі әлі күнге дейін санамыздан арылып өзінің байырғы, тәнменшік мәніне ие бола алмай отырғанын байқаймыз. Сондай қарекеттің бірі биылғы 2012 – Ұлу жылын қарсы алған кезде де байқалып қана қоймай оның негізсіз түпкі түсінігі етек алып, жайылып кеткені еріксіз қынжылтады. Мәселен, қоян жылын шығарып салып, ұлу жылын қарсы алар тұста орталық қалалардың безендірілуінде, ашық хаттар мен күнтізбелерде келген жыл Ұлу емес, оның есесіне Айдаһар бейнеленіп халық жадын мүлдем қате ақпаратпен адасырып жатырмыз. Шын мәнінде насихатқа тұрарлығы айбынды, аузынан от шашқан ажал ошағы айдаһар емес, ұлу емес пе?!  Алаш баласы атам заманнан бері он екі жылдың бірін ұлу атап, жыл қайырып, сан санап, уақыт мөлшерін белгіліеп келді емес пе? Енді келіп сол уылжыған ұлудың орнына қатыгездік пен қаһардың белгісіндей айдаһарды әспеттеуіміз не? Бұны ендеше «ескілік көлеңкесінде» демеске лажымыз жоқ. Санадағы сіңісті жаттық ұғымдардың әліде шықпай бой тасалап жатқан көрінісі екені дау туғызбаса керек. Санамызға сыналап енгізілген осындай өзгелік салт-дәстүрден әлі де айыға алмай жатуымыздың себебі біздегі өздік үгіт насихаттың, сондай-ақ  сананы тәуелсіздендіру іс-әрекеттерінің жүйелі түрде жүрімегендігін көрсетеді. Өзімізше емес, өзгеше өмір сүретін қалыпқа түсіппіз. Соның әсрінен ұлу мен айдаһарды айырмайтын күйге жеткен екеміз. Ұлу – теңіздерде, сондай-ақ құрлықтардың дымқыл, ылғалды жерлерінде  өмір сүретін омыртқасыз, жұмсақ денелі, сауытты жәндік. Айдаһар қазақ ұғымында, ол – ертегілік кейіпкер.  Үрей, қорқыныш, дию күш, қасырет-қайғы, алапат апат әкелетін тажал. Ұлумен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Осы адасушылықтан болып келген жылға кері, жағымсыз болжамдар айту көптеп ұшырасып жатыр. Демек бізге «ескілік көлеңкесінен» шығатын әлі де көп жұмыс атқаруымыз, еңбек етуіміз керек екен.

Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Өз қағынан өзі жеріген халықтың әрекеті бұл. Әйтпесе, о заманда, бұ заман ұлу мен айдаһарды шатастырғанымыз не?

  2. отарсыздандыру, сананы бостандыққа алып шығару қатарлы тәуелсіз ел болудың негізгі шарттарының жүргізілмеуінің бір көрінсі осы. Орыстық ұғыммен келе жатырмыз

  3. Қазіргі жастар осыны өздері түсініп, тарихқа бойлауы керек. Кім дос еді, кім қас еді дегенді. Өткенде 25 жасар жігіт “кеңес одағы кезінде керемет еді” дейді. Оны сен қайдан білесің десем? солай дейді ғой дейді. Міне, біздегі тәрбие түрі. Сонда ол сенің ұлуың мен ұлуыңды (көкке) қайдан ажыратады.

  4. Біз тәуелсіздігімізді жариялауға мәжбүр блған елміз. Соның салдарынан 20 жыл өтсе де, ұрпақ санасына тәуелсіздік рухы сіңірілмеді. Керісінше, әлі күнге дейін болашағымызды Ресеймен байланыстыру тенденцияға айналды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар