Бүгін, яғни, 12-ші ақпан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақтың XX ғасырдағы тұғырлы тұлғасы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған Республикалық ақындар айтысы мәреге жетті.
Екі күнге созылған айтысқа бүкіл республикадан 9 жұп ақын шақырылған болатын. Айтыстың екінші күніне бес жұп ақын іріктеліп алынды. Ақтық сында екі жұы ақын бағын сынап, бірінші орынға Аманжол Әлтаевқа бұйырды, екінші орынды Жандарбек Бұлғақов қанжығасына байланса, үшінші орынға Айнұр Тұрсынбаева лайық деп танылды, ал, Бауыржан Қалилолла төртінші орынға тұрақтады. Бекарыс Шойбеков айтыс демеушілерінің арнайы жүлдесімен марапатталды. Жүлделі ақындарға темір тұлпар табысталумен бірге, айтысқа қатысқан барлық ақынға ат мінгізіп, шапан жапты.
Аталған айтыс туралы арнайы сараптамалық мақаламызды алдағы күндерде оқитын боласыздар.
Мінбер-Ақпарат
Сурет: “Азаттықтан”
Парақшамызға жазылыңыз