//

“Әл-Жазира” телевизиясы

1112 рет қаралды
2

«Әл-Жазираның» өмірге келуі

«Әл-Жазираның» негізін Давид және Жан Фридмандар салған. Оларда мұндай идея Ицхак Рабин есімді достарын белгіс біреулер өлтіріп кеткеннен кейін пайда болды. Давид Фридманның айтуы бойынша, олар арабтар мен израильдіктер арасындағы араздықты ашық пікір алаңына айналдыра алатын телеарна жасағысы келді. Жаңа бағыттағы арна қос әлемді татуластырып, ақылдастырып, тәжірибе алмасуы үшін қызмет атқару керек-тұғын. Өйткені бүгінгі соғыс жағдайы – мәселелірді бейбіт жолмен шешуге кедергі болып тұр.

Ағайындылардың жеке телеарналарын ашып, ойларын іске асыруға оңтайлы жағдаяттар көмек болды: «Orbit» деген арабиялық компания ВВС компаниясымен жаңалықтарды араб тілінде тарату құқығы туралы келісімшар жасасады. Алайда, еркінсөз бен тәуелсіздікті бойына сіңірген  британ журналистерінің көзқарастары мен сауыд монархиясының әміршілдік талаптары мүлдем келіспейді. Келісімшарт бірден бұзылды да журналистер далада қалды. Осы сәтті пайдаланған «әл-Жазиралықтар» оларды бірден жұмысқа қабылдап алды.

Фридмандар арналарының бағытын араб идеологиясына жақын деп танығанды жөн көрді.  Бұл үшін олар жаңа ғана өз әкесін тақтан тайдырған араб әмірі Хамид бин Халифа әл-Танинің көмегіне жүгінеді. Шейх арнаны өз мүддесін асыру мақсатында қолданбақшы: жарты ғасырға созылған дау-дамайдың дәл ортасында жүріп жеке саясатын жүргізбекші болады. Сөйтіп, алғашқы қадам жасалды. Бас уәзір Израиль еліне Дохадағы өкілдігін ашуға министрлік атынан рұқсат береді. Жобаның негізі Фридмандардың жеке ақшасына, сондай-ақ әмір берген 150 миллион долларына қаланды. «әл-Жазира» әу бастан жерсеріктік телеарна боп ашылып тәулік бойы жұмыс істеуге арналған. Бүкіл әлемге хабар араб тілінде тарады.


«Әл-Жазираға» атақ қалай келді?

«Әл-Жазираның» тiлшiлерi өз өмiрiн де, бар игiлiгiн де осы телеарнаға арнады. Жаңа ашылған арнаның бірден «тік» тұруы оның жанқияр журналистеріне тиесілі. Өкiнiшке қарай, телеарнаның атақ-абыройының төмендеуі Бин Ладенмен байланысты. Мұның артынша көптеген адамдар «Әл-Жазираны» лаңкестердiң қолшоқпары» деп айыптады. Мұндай айыпты көтеру қиынға соқты.


Үлгілі журналистері

Көрермен «әл-Жазирадағы» пікір алуандылығына қайран қалды. Шын мәнінде де белгілі бір мәселенің түбіне жету үшін сан-салалы, алуан түрлі пікірлер келтіріліп жатты. Алғашында, «Әл-Жазираның» ең танымал бағдарламасы «Кейінді пікір» хабары болды. Бағдарлама әңгіме-талқы формасында өтетін. Оның жүргізушісі, қайсар мінезді Файзал әл-Кассай қоғамның түсінігінде мықтап бекіген нанымдарды түбегейлі бұзып жоққа шығаруға тырысты. «Әл-Жазира» бұл бағдарламасы арқылы көптеген халықтың дүниетанымын кеңейтті. Қалай болғанда да осы бағыттағы жұмыс күллі араб әлеміндегі телеарналардың аудиовизуалдық бейнесіне әсер еткені анық.


Телеарна репортерлерінің Ауғанстан мен Парсы шығанағындағы ерліктері, Америка арналарынан таратылған жаңалықтарды өтірікке  шығаруы «әл-Жазираның»  қатардағы арналардан агенттік дәрежеге дейін өсуіне мұрындық болды. Алайда, кез келеген нәрсенің жақсы мен жаман жақтары болады. Журналистер ерліктерін ауыр жазамен өтеді. Дохадағы телестудияны бомбылауға Джорд Буштың қолы бармады, әрине. Дегенмен, батыс «әл-Жазираға»  тіс қайрай бастады. Тарик Айуб есімді журналист дұшпан қолынан қаза тапты. Тайзир Алуни құрықталып, Сами әл-Хаджи Гуантаномо абақтысына қамалды.


2005 жылдағы қайта құру

Давид Фридманның өлімінен кейін арнаның бағыты қатты өзгерді. Бин Халифа «әл-Жазираны»  бөліп-бөліп бірнеше телеарна құрмақшы болады. Уақытпен  бірге нарық та өзгеріске түсті. Ірі мемлекеттердің барлығы өздерінің спутниктік арналарын ашып жатты. 50 миллиондық аудиториясын жоғалтып алмау үшін «Әл-Жазираға» өзінің ағылшынша нұсқасын жасау керек болды. 2006 жылы арна ағылшын тілінде сайрады. Содан бері оның көрермендері тек көбею үстінде.

«Америка дауысының» бұрынғы журналисі Вадах Ханфар «әл-Жазираны»  қолға алып оның дамуына өз үлесін қосты. Саяси сауатты әрі өз мамандығының нағыз шебері боп танылған Ханфар, «әл-Жазираға» саяси реңк беріп, ықпалды арнаға айналуына барлық күшін салды. Осы мақсатпен ол, Насердің бұрынғы өкілі Мохаммед Хассанеин Хейкалды мінберге шығарып, Мысырда қуғын-сүргінге ұшыраған Юсуф әл-Кардавиді арнаның «рухани тәлімгері» етеді.


Катардың басты арнасы ең биік шыңдарды бағындырып, бүкіл әлемді өзімен санастырды. Белгілі телеарналардың арасынан Тунистегі көтерілісті алғаш боп көрсеткен «әл-Жазира» болған. Муамар Каддафидің өлі денесі видеоға түскен кадрларды да бірінші боп «әл-Жазира» таратқан.


«Әл-Жазираны» бүгінгі деңгейіне жеткізген оның адал сарбаздары – қайсар журналистері. «Террор» десе зәресі ұшатын  АҚШ азаматтары да соңғы кезде жаппай «әл-Жазирашыл» болып алды. Кім шындық айтып, кім өтірікті соғып тұрғанын олар да аңғара бастағандай. Америка  тұрғындары арнаны интернет арқылы көреді.

2006-ның күзінен бастап «әл-Жазира» ағылшынша сөйлей жөнелді. Араб телеарнасының бұл қадамы BBC-дің жынына қатты тиды. Белгілі бір президенттің іс-сапармен аттануы BBC-ліктердің басты жаңалығы болса. Ол сапардың нақты мақсаты мен мәнін анықтау «әл-Жазира» журналисерінің көздегені. Екі жақтың позициялары осыдан-ақ айқын аңғарылады.

Осы тұста бір сұрақ туындайды, егер Мысырдағы яки Ливиядағы «өрт» әмір сарайында өршісе, ол «әл-Жазира» журналистеріне репортаждарын жасай беруге рұқсат берер ма еді?

Дайындаған: О.ОҚАС

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Жарайсың бауырым! Сәттілік алдағы уақытта осындай мақалаларыңмен халқыңды қуанта түс

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар