«Жас кәсіпкерлер клубының» мәліметі бойынша, жастардың барлығы дерлік өз ісіңді тек ықпалды таныстарың болған жағдайда бастауға болатынына сенімді. Сонымен қатар бастапқы капитал өте қомақты болуы тиіс. Ал оны несие арқылы алу мүмкін емес.
Сондай-ақ қарызға алынған қаражатты рәсімдеудің қиындығы жас кәсіпкерлердің бизнесін дамытуда кедергі тудырады.
«Заң бойынша, 21 жасқа толмаған адамдарға несие берілмейді. Сол себепті, біздің балалар несиені туыстарының атына рәсімдеуге мәжбүр. Ал ол көп уақытты қажет етеді», – дейді «Жас кәсіпкерлер клубының» модераторы Павел Коктышев.
П.Коктышевтің айтуынша, ұйым қызметін бастаған 2 айда оған қатысушылар саны 2 есе артқан.
«Қазір біздің клубтың 63 қатысушысы бар. Алматыдан бөлек, Орал, Астана, Шымкент және Қарағанды қалаларының жастары клубқа мүшелік етеді. Біз семинарлар мен кездесулер өткіземіз. Жуырда іскерлік кітап сабақтарын ұйымдастырдық. Таяу арада дағдарыс кезінде бизнес құру жөнінде семинар өткізу жоспарда бар» дейді П.Коктышев.
Сарапшы «Жас кәсіпкерлер клубының» кәсіпкерлер қауымдастығы және «Даму» қорымен тығыз қарым-қатынаста екенін хабарлады.
«Биыл алғаш рет жастар кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы бекітілді. Бұл стратегияның негізгі мақсаты – жас бизнесмендер үшін оқытып-үйрету бағдарламаларын жүргізу. Тіпті жас кәсіпкерлерге арнап арнайы мектеп ашу да жоспарда бар» дейді клуб модераторы.
Дереккөз: 1tv.kz
Парақшамызға жазылыңыз
Таныс – тамыр арқылы жұмысқа орналасу деген тағы бар. Кімнің дәулетті көкесі бар, сол бірінші креслоға жайғасады. Бұл қоғам не боп барады?