Мекен-жайдың ауысуына байланысты есепке қою туралы куәлікке өзгертулер енгізуге бола ма?
БАҚ туралы заңның 10-бабында мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпарат агенттiгiн есепке қою, қайта есепке қою туралы айтылған Мерзiмдi баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттiгi: – меншiк иесi ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, – атауы, – сондай-ақ мерзiмдi баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттiгiнiң аты, – басылымның не материалдар мен хабарлардың тiлi, – таралу аумағы, – негiзгi тақырыптық бағыты және шығарылу мерзiмдiлiгi өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға жатады. Яғни мекенжай өзгерген кезде қайта есепке қойылмайды.
Парақшамызға жазылыңыз