Бүгінгі жазбамда көптеген газет-журналдардың танымалдылығы мен оларға деген  оқырман қызығушылығын арттырған ақпаратты ұсынудың  тиімді тәсілдерінің бірі инфографика туралы сөз қозғайын.

Алдымен осы сөздің анықтамасына назар аударайық:

Инфографика – хабарды, ақпаратты, білімді  графикалық тәсілдер арқылы ұсыну.

Инфографика деп қандай да бір оқиғаны сипаттау немесе деректерді жеткізу  мақсатында кез-келген мәтін мен графиканың үйлестіріліп берілуі.

Инфографика  – бұл ақпаратты визуалды түрде ұсыну. Көбінесе қиын ақпаратты тез, оңай және анық жеткізу қажет болғанда қолданылады.

Инфографиканың қолдану аясы өте кең: ол географияны, журналистиканы, білім саласын, статистиканы, техникалық мәтіндерді қамтиды.  Инфографика кең көлемді материалдарды ұйымдастырумен бірге, заттар мен фактілердің байланысын, ара салмағын уақыт пен кеңістікте көрнекі түрде көрсете алады.

Ең алғаш инфографиканы 1982 жылы USA Today   газетінің баспагерлері қолдана бастады. Осының арқасында газет ең көп оқылатын басылымдардың үздік бестігінің қатарына енді.

Уақыт өткен сайын инфографика тек қана технология мен бизнес емес, сонымен қатар өнер екені де анықтала бастады. Сонымен бірге осы өнерді жетік меңгеру баспа бизнесінің табысына тікелей әсер ететіні де анық болды. Сондықтан «Эсквайр» және «Нью-Йоркер» сияқты журналдар  инфографиканы жасау жұмысын идеяның авторы болып табылатын  бір журналист пен  3-4 дизайнерге тапсырады.

Бірақ инфографика тек қана кәсіби дизайнерлердің қолынан келетін шаруа ғана емес, оны қызығушылық танытқан, үйренемін деген әрбір маман да жасай алады. Соңғы кезде бұл тенденция журналисттер арасында кеңінен тарап жатыр. Түрлі семинарлар, мастер-кластар өткізіліп, инфографиканы жасау жолдары түсіндірілуде.

Инфографиканың мысалдарын көруге болатын ресурстар өте көп, әзірше мына екі сілтемеге назар аударыңыздар (біріншісі ағылшынша, екіншісі орыс тілінде)

http://dailyinfographic.com/

http://infographer.ru

Инфографика жасаудағы алғашқы қадамым ретінде бір тақырыпқа жасалған екі нұсқаны ұсынып отырмын.  Бұл мысалдар әлі толықтырылып, жөнделіп, басқаша келбетте де көрініс табуы мүмкін. Келесі жолы оны көріп өз бағаларыңызды бере жатарсыздар.

Дайындаған Бақытгүл  Салыхова

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Я часто использую инфографику, для повышения уровня доверия со стороны клиентов. И чем наглядней представление, тем больше эффективности.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар