2012 жылдың 20 наурызында номиналы 500 теңге «Наурыз мейрамы» монетасы айналысқа шығарылды.
“Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген.
Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөліктерде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) халықтың көктем мерекесі – Наурыз мейрамын қарсы алған Қазақстанның көпұлтты халқын аясына біріктірген үйдің символы ретінде киіз үйдің шаңырағы бейнеленген. Жоғарғы жағында айналдыра мемлекеттік тілде «Наурыз мейрамы» деген жазу бар. Оң жағында моншақталған жиектің бір бөлігі, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Сол жағында моншақталған жиектің бір бөлігі. Күміс монетаның сол жақ бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазу бар.
Қыры бедерлі.
Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм, дайындалу сапасы – «proof», таралымы – 4 мың дана. ”
Ақпарат http://www.nationalbank.kz/?docid=479 сайтынан алынды.
Парақшамызға жазылыңыз