Иә, айтулы құжатқа қол қойылған күн – 1952 жылдың 13- наурызы.
Сол күні Демократиялық Партияның төрағасы және Басминистр Аднан Мендерестiң басқаруында жиналған Түркия Республикасы Министрлер кабинеті Пәкстан, Үндістан және Кәшмірдегі 1850 қазақтың Түркияға қоныс аударуын қабылдаған шешімді мақұлдаған-ды.
Осы құжатқа 60 жыл толуына байланысты Түркия қазақтары 17 Наурыз 2012 сенбі күні сағат 14.30-да Топкапы ауданындағы Басминистр Аднан Мендерестің кесенесіне барып, оның аруағына Құран оқып түрік халқына деген алғыстарын тілге тиек етеді.
Осы іс-шараға бір қатар саяси партиялардың өкілдері, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі және консулдықтың қызметкерлері, жергілікті қазақтар, олардың ұйымдары, журналисттер, ғалымдар және көптеген адам қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар, бұл іс-шарада Түркияның 1991 жылдың 16 желтоқсаны күні Қазақстанның тәуелсіздігін әлемде тұнғыш таныған ел болуы, сондай-ақ, 2 Наурыз 1992 жылы екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарының басталуының 20 жылдығына байланысты қазақ халқының алғысы айтылады. Сол үшін Басминистр Аднан Мендерестің кесенесінің қасындағы Президент Тұрғыт Өзалдың да бейітіне барып аруағына Құран бағышталады.
Жасасын түрік – қазақ халықтарының достығы, жасасын Түркия мен Қазақстан Республикалары.
Әбдіуақап Қара,
Мимар Синан инстиутының профессоры,
Ыстамбұл.
Парақшамызға жазылыңыз
Қазақтың қаралы көшінің ізі қайда қалмады… Түрік бауырларымызға Алла разы болсын!