//

Жаңаөзендегі тәртіпсіздік ісі бойынша сот отырысы кейінге қалдырылды

2092 рет қаралды
2

2011 жылдың 16 желтоқсаны күні Жаңаөзенде орын алған тәртіпсіздікке қатысушылардың қылмыстық ісіне байланысты сот тергеуі сағат 15.00-ге шегерілді.

Бұған себеп – процесске қатысушылардың бірі Мұқашев Нұрсұлтанның келмеуі.

Сот ісі өтетін «Арман» жастар орталығы лық толы. Зал 200 адамға лайықталса да, мұнда келгендер саны одан да көп. Айыпкерлердің 200-дей туыстары орын жетпегендіктен, көшеде тұр.

Қазақстандық оппозицияның өкілі Болат Әбілов әкімдікке барып, Бауыржан Мұхамеджановтан үлкенірек ғимарат сұрауға ниетті екенін жеткізді.

Сот процесін өткізу барысында «Арман» орталығына апаратын жолдар жабылып, периметр бойымен қоршаулар қойылды. Ғимарат жанындағы автобустарда омондықтар отыр.

Дереккөз және суреттер: lada.kz

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Құдай сақтасын! ҚАНШАМА АДАМ ЗАРЛАП ҚАЛДЫ. СУРЕТТЕРІ ЖҮРЕКТІ АУЫРТАДЫ ЕКЕН!

  2. Бұл істің қай жағы ақ, қай жағы қара екенінің ақиқаты әлі айтылған жоқ. Оны айтатын күн де туады деп ойлаймыз.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар