1 желтоқсанда алғаш рет пайдалануға берілген Алматы метрополитені еліміздің 20 жылдық мерейтой қарсаңында халыққа жасалған ең үлкен тарту болды.
23 жылға созылған метро құрылысының аяқталуы тек қана Алматы қаласының тұрғындарын ғана емес, күллі қазақстандықтарды қуантып, мерейін асқақтатты. Себебі, метро сынды үлкен қомақы қаражатты талап ететін көлік қозғалысымен әлемнің 45 елі ғана қамтамасыз етілген.
Француздың «метрополитен» сөзімен қолданылатын ыңғайлы көлік рельсі ең алғаш 1863 жылы 10 қаңтарда Лондонда іске қосылған. Ең ұзын метролар Еуропа құрлығында да жеткілікті. Мысалы Будапеш қаласында 1896 жылы ашылса, Парижде 1900 жылы құрылысы біткен, Беринде метро 1902 жылдан бастап жұмыс істеді. Ал Мәскеуде тұңғыш метро желісі 1935 жылы 15 мамырда ашылды. Алматы қаласының метрополитетінің тарихы сонау кеңестік дәуірдің 70 жылдарынан бастау алады. Негізінен қарқынды өсіп келе жатқан қала болса да, сейсмикалық жағынан қауіпті аймақ болғандықтан, Алматы метросының салынуына қарсылық білдірушілерде табылды. Сонымен қатар Кеңес Одағында метро миллион тұрғыны бар қалаларда ғана салынатын. Уақыт өткен сайын бір метроның Алматы қаласына қажет екендігі айқындалды. 1981 жылдың желтоқсанында ресми деректер бойынша Алматы қаласының миллионыншы тұрғыны дүниеге келген. Ұзақ пікір- сайыстан кейін КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы А.Косыгин арнайы үкімет қаулысына қол қойды.
Қазіргі таңда тұрғын саны көп, ірі қалаларда көлік қөзғалысында қауіпсіздігі, ыңғайлығы жағынан әлемде метромен теңдесетін бірде – бір көлік түрі жоқ. Бұған 1 желтоқсаннан бастап Алматы қаласының тұрғындары көз жеткізді.
Метро алғаш ашылған күні – ақ 11 мың адам метроға мінсе, 3 күннің ішінде жаңа көлік түрін пайдаланушылар саны 130 мыңға жеткен. Статистикаға сүйенер болсақ, негізінен күн сайын орта есеппен 3 мың адам метро қызметіне жүгінеді екен.
Орта Азияда Ташкенттен кейін 2 ші орында, ТМД аумағында 16 шы болып іске қосылған метромыздың жалпы ұзындығы 8,56 шақырымды ұрайды. Ал тереңдігі 40 метрді алып жатыр. Жерасты жолында 7 станса бар. Атап айтар болсақ «Райымбек» , «Жібек жолы», «Алмалы» , «Байқоңыр» , « М.Әуезов атындағы драма театры» және « Алатау» мен «Абай». Әр станса өзіндік ерекшеліктерге толы. Мысалы «Байқоңыр» стансасының өзі ғарыш кеңістігін көз алдыңызға алып келеді. Метродағы стансалар ұзындығы – 140, биіктігі 6 метр. Барлығы әлемдік стандарт бойынша құрылған.
Жеті вагоннан тұратын жолаушы тасымалдайтын көлік жылдамдығыв сағатына 40 шақырымды құрайды. Поездардың уақыт арақашықтығы 15 – 20 минут. Бірақ бір қолайлысы халық жұмысқа және жұмыстан уйге қатынайтын уақытта 9 минут сайын келіп тұрады. Сыйымдылығы 940 жолаушыны құрайды. Алматы метросын салуда сейсмикалық қауыпсіздік шараларына айрықша көңіл бөлінді. Мамандардың айтуынша Алматы мертополитені 9 балдық жер сілкінісі ешқандай әсер етпейді дейді. 1988 жылы құрылысы басталғанмен қаражаттық тапшылықтан метро ісі біраз тоқтатылып қалғанмен, кейін бертін келе қайта қолға алынды. Мемлекет бюджетінен 165,9 миллиард теңге бөлініпті.
Десе де қаншалықты метро тиімді болады дегенмен , кептелісті азайтты деп тұжырымдағанменен автобустармен бәсекеге түсіп, жүргізушілердің табыс көзін кеміткен.
№ 29 бағыттағы автобус жүргізушілердің бірі Досым:
– Біз сенбі, жексембі күндері 30 – 35 мың теңге «план құятынбыз». Ал қалған жұмыс күндері орындайтын планымыз 40 мың теңге болатын. Міне, бағытқа өзгеріс енгелі күндік жоспар 15 – 20 мыңға дейін түсіп қалды. Соның салдарынан табысымызды екі есеге азайтып отыр,- деп мұңын шертті.
Ал қала тұрғындарымен жүргізген сауал барысында көбіне күнделікті жүріп жүрген бағытпен жүру тиімді деген жауапқа қанық болдық. Сонымен қатар қаражат жағы тағы бар. Студенттерден сұрау барысында айлық тегін жол билетпен жүру метромен жүруге қарағанда әлде қайда қолжетімді дейді.
Метро қызметімен қолданбайтын жүргіншілердің жартысынан алған жауабымыз төмендегідей: негізінен метро стансасы жетеу. Және әр стансаның арақашықтығы бірталай жер. Әдеттегі автобустың 3 аялдамасына метроның 1 стансасы сай келеді. Жолаушылар керек аялдамасынан не асып кетеді не біраз жер жетпей қалады.
Жалпы желісінің ұзындығы 8,56 шақырымды құраған Алматы метросын «Гиннестің рекордтар кітабына» ең қысқа метро ретінде енгізуімізге болады. Алдында бұл атаққа тоғыз шақырымы құрайтын Екотеренбург метросы иемденіп отырған.
29 түрлі қауіпсіздік жүйесіменен қамтамасыз етілген біздің метромыз сарапшылардың айтуынша тәртіп бұзушыларды, террористік актілерді қадағалап отыратын бейнекамералармен жерасты стансаларында да, вагондар ішінде де орнатылған деседі. Бірақ дәл осы құрылғыларды орнату мақсатында жұмсалған 165,9 миллиард теңгені құрайтын қаражат орынды қолданды ма?
Метро стансаларын аралау барысында, қабырғаларда сызаттарды байқадық. Бұл өз кезегінде құрылыстың шалалығын байқатады. Сонымен қатар басқа да метролар бар елді мекендерде жер астында ұялы телефонның байланысы ешқандай ахуалсыз жұмыс істейді. Ал біздің метромыздың эскалаторынан түскен мезетте байланыс кенеттен үзіліп кетеді. Бұл тұрғындар үшін қолайсыз жағдай туғызады. Басқа осындай қаржы бөлінген тұрғылықты мекендердегі метролар стансасы халқы үшін қолайлы жасалған. Мысалы үлкен – үлкен, маңызды деген мекемелерге барады, университеттерге жол тарса, ал біздің метромыз 7 стансадан тұрса да қолайлы жерлерге тоқтатылмайды. Сол себептен болар алғашқы күндерге қарағанда метромен жүрушілердің саны саябырлаған. Халық метроға қараған әдеттегі автобустармен жүру қолайлы деп шешіпті. Сол себепті болар мемлекеттің құрылысқа жұмсалған қаражаты толыққанды ақталмай отыр. Кейбір деректерге сүйенер болсақ жақын арада метромызды жабады деген ақпараттар да бар. Қаншама жыл күткен қуанышымыз ұзаққа созылмады…
Меруерт Сағымхан
Сурет: akorda.kz сайтынан
Парақшамызға жазылыңыз
Бірақ, метроның қазақ өміріне әкелген өзгерісі ірі. Енді оның бағыты Қалқаманға дейін созылады дейді ғой. Тез ұзарса екен.