/

Назарбаев Университетінің Хақан Одұнжыұлы қазасына байланысты хаты

1470 рет қаралды
2

Назарбаев Университетінің студенттері мен қызметкерлері Инженерия мектебі профессоры Хакан Одинчу/Хақан Одұнжыдан көз жұмғанына қайғы-қасіретке ортақтасып отыр. Хакан Одинчу өмірге құштар болған, белсенді өмір сүрген, адал азамат ретінде біздің есімізде мәңгі қалады.

Хакан Одинчу/Хақан Одұнжы осы жазда отбасын Қазақстанға әкеліп, еліміздің кең жерлерін көрсетуді армандаған болатын. Осы өткен Наурыз мерекесінде көңілденіп, қара жорға биін билеп ұсынған болатын.
Оның Назарбаев Университетінің дамуына, сондай-ақ Түркия мен Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасының бірігуіне қосқан үлесі туралы ешқашан ұмытпаймыз. Бүгін университетте Көңіл айту кітабына көңіл айту сөздері мен ниет тілектері жазылып жатыр, бұл кітап профессордың отбасына беріледі. Университет атриумында қаралы тақта орнатылған. Сонымен қоса, еліміздің салт-дәстүрі бойынша, отбасына көмектесу мақсатымен әріптестері қаржы жинады.

Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Ажал бір айтып келмейді. Жақысылардың ғұмыры әр қашан қысқа. Жатқан жерің жәйлі болсын Хакан Одинчу

  2. Айгуль Жилкибаева, Гаухар Ораз, Динара Валеева says:

    Одинчу Хаканның жанұясына шын жүрегімнен қайыр болсын жеткіземін. Осындай азаматтан айырылу біздің барлығымыз үшін де орны толмас қайғы болды. Одунчыны жаны таза, ардықты да салиқалы азамат ретіде жадымызда мәңгі сақтаймыз. Жатқан жері жарық, топырағы торқа болғай!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

2024 жылдың айшықты оқиғалары

2024 жылы Қазақстанда көптеген маңызды оқиғалар болды. Осы жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен АЭС құрылысы талқыланып, су