Қазақстан Үкіметі шетелдегі бес миллион қазақтың көшін тоқтатты. Жылына он мың отбасына бөлінетін квота туралы Үкімет қаулысы “ерекше құзыры бар пәрмен келгенше” деп, кері қайтарылды. Неге? Бұл “оралмандар – оралмаңдар!” деген ұранның заңды күшіне енгені ме? “Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды” десек те, бұл жолғы Қаулыны ешкім қуанышпен қарсы ала алмай отыр. Құлынды, Алтай, Тибет, Гималайдың басынан табаны тасқа тілініп көшкен елдің, Тәуелсіздіктен күткен сыйы осы ма еді?
Оралман оралма! Үкіметтің шеттегі қазақтарға бөлінетін квотаға қатысты желтоқсан айында ғана күшіне енген қаулыны кері қайтарып алуын – елдегі ағайын осылай түсініп отыр. Отанының, онсыз да санаулы қандасты еліне қайтарып алуға құлықсыздық танытуы – қазақтануға қарсы жүргізілген саясат, – дейді “Қазақтану” қоғамдық қорының төрағасы ИБРАГИМ ҚАШҚАР . Алдыңғы көштен қалмай, елге оралған ағайын, онсыз да өз елінде өгейсініп жүрген оралмандардың жайын оңалтамай жүргенде, “өлсем, өз елімнің топырағы бұйырсын!” деп атамекенін аңсап жүргендердің арманына бұл қаулы балта шауып отыр, – деп ашулы.
-Қазақта сөз бар, атамның шоты шапқан сайын шытынайды” -деген. Оралмандарға қатысты саясат – атамның шаты болып тұр.Алғашқы кезде, тәуелсіздік алған жылдары көш жақсы еді.
-Ұрғаным бар… Ибрагим мырза, үкіметтің бұл әрекетін, Мамашевтің “оралмандарға ұрғаным барын” қолдағаны деп біледі. Әйтпесе, айы онсыз да оңып тұрғаны шамалы, оралман ағайынның осындағы тобын да түрпектеп жүргендердің тірлігі өз алдына, азаматтық алуды қиындатудың да әлдебіреулерге керек өз қисыны бар. Айналып келгенде, оралмандарға қатысты орашолақ саясаттың жүргізілуінен секем алам,- дейді Қашқари текті Ибрагим аға.
-Талғаттың айтқаны анау. Оралмандардың азаматтық алуына қиыншылық туып еді. Мұның бәрі орыс тілді биліктің қылып отырғаны. Қазақтың көбеюі жақпайды оларға. Баласынан жерінген көкек ананың кері сынды, шеттегі қазаққа іргемізді жауып тастауымыз – азаматтығын ала алмай, жүргендердің айқайын әдірем қалдырды. Бір ғана қытайдағы бір жарым миллион қазақтың баласы – қазақ мектебінен таршылық көріп, қытай кітабына үңіліп, қытай әнұранын жадында жаттауға мәжбүр мүшкіл күйде, – деп күшенгеніміз де жайына қалды. Өзінің қазақ екенін жүрегімен сезінгенімен, бөгде елдің бауырында өскен балаға “атамекеніңді аттап баспайсың!” деген бұйрыққа балайды үкіметтің қаулысын Қайрат Байтұллаұлы.
ҚАЙРАТ БАЙТҰЛЛАҰЛЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ОТАНДАС ЕЛ” ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАС ХАТШЫСЫ: -Ондағы мектептердегі енді бір он жылда дүбәра қазақтар пайда болады. Қазақтан тірідей айырыламыз. 2014 жылға дейінгі квотаға қатысты мәселе парламенттен өткенімен, үкімет кері қайтарды. Оралман оралма дегені ғой бұл.
Жанардың сюжетінен… Күні кеше, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары туған елінің тасын сүйіп, тәубе етіп, еліне ағылған ағайын, бүгінгі билігінің шеттегі қандастарға қатысты қаулысына қапалы. Күн сайын бағасы қарыштап бара жатқан алақандай телімді сатып алуға да жетпейтін, әйтеуір, өз еліне келгенде өгейсінбей, далада қалып қалмасы үшін жасалатын кішігірім көмек-квотаны қандасының қалтасына қимаған үкіметтің көксегенін көбі түсінбей дал. Бірақ бұлай жалғасуын құптамайтындарын таяу арада ашық білдірмек.
Қазақ үкіметінің өзі кедергі келтіріп тұр. Егер іс асқына берсе, баспасөз мәслихатын өткізіп, президентке хат жазып, мал екеш мал да қарыздар алдында, тұяғын серпиді ғой.
ИРИНА СОВЕТЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН СҮЛЕЙМЕНОВ. 31-телеарна, Информ бюро
Оралмаңдар мен Оралмандар өте ұйқасады екен.
Үкімет қазақ көшін тоқтата алмайды. Бұл уақытша ғана қабылданған Қаулы. Егер, көшті біржолата тоқтататын болса, бүкіл қазақтан теріс айналды деген сөз. Ал халық оған жол бере қоймайды.
Ай, үкіметім, дегеніңе жеттсің бе, улап-шулап жүріп. Бірақ, бұның ақыры неге апарып соқтыратынын кеңесшілер көрмей қалған екен. Елбасыға өзіне сайма-сай жөні түзу бір ақылшы керек-ау!
Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,
Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді?
Сәлем, Ұланбатыр!