///

Шұғыл. Қарағандыда бес қабатты үй құлады

1462 рет қаралды
1

Қарағандыда үш жыл бұрын үлескерлердің қаржысына салынған «Бесоба» кешеніндегі бес қабатты үйдің апатты бөлігі опырылып түсті.

«Бүгін үйдің апатты бөлігі опырылып құлады, оқиға орнына комиссия мүшелері келді», – деп хабарлады Қарағанды қаласы баспасөз қызметінен.

Бұрын хабарланғандай, 1 сәуір күні бұдан үш жыл бұрын үлескерлердің қатысуымен салынған Қарағандыдағы «Бесоба» шағын ауданының № 7 үйінде құрылыстық салмақ түсетін конструкциялар опырылып құлады. Үйдің сыртқы қабатындағы төртінші және бесінші кіреберістер арасында техникалық қабаттың іргетастық блогының төменгі бөлігі жарылған болатын. Бұл кіреберістердің арасында ғимараттың негізгі тіректері орнынан жылжып кеткен. Екі кіреберістегі пәтерлердің қабырғалары жарылған еді.

Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен 3 сәуір күні тұрғын үйде ескерту шаралар кешенін орындау үшін төтенше жағдай режимі енгізілді.

Қаржы полициясы бұл үйдің құрылысымен айналысқан «Сервиспромснаб» ЖШС-нің директоры Андрей Маляновқа қатысты үлескерлерді алдау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Алданған үлескерлердің ақшасын жымқырып, ізін жасырып кеткен компания басшысына іздеу жарияланды.

Ақпарат: “ҚазАқпарат”

Суреттер: ekaraganda.kz/

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар