///

Журналист қандай болуы керек?

2990 рет қаралды
26

Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Инновациялық технологияларды ендіру және ақпараттық сараптама орталығында  “Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу” тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті. Осы семинар-тренинг барысында қатысушылар көптеген тапсырмалар орындады. Соның бірі “Журналист қандай болуы керек?” деген сұраққа ой алмасу еді. Осы тапсырманың қалай орындалғаны, қатысушылардың  сұраққа берген жауаптарын келесі видеодан көре аласыздар.

PS: Сәуірдің 20-21-і күндері Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Инновациялық технологияларды ендіру және ақпараттық сараптама орталығында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының қолдауымен “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу” тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда және Тараз қалаларынан 20 журналист қатысты.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

Парақшамызға жазылыңыз

26 Comments

  1. “Журналист қандай болуы керек?” охо, жауаптар бірін-бірі қайталағандай сезілді. әйтседе,Samsung Galaxy алдында екі ауыз сөздің басын құрау да оңай болмады. Бақтгүл апай, Көп (Рахмет)2

  2. Дегенмен жақсы шықты ғой 🙂 Негізі ойды ең азы бір, ең көбі үш сөйлеммен жеткізу керек еді.

    • Кешіріңіз. Ой қайталануларды айтпақшы едім. Мәселен, (Америка журналисттері ақпаратты эмоциясыз береді дегендей, Информация таратуда әр қоғам мүшесі жеке журналист) дегендей

  3. “Енді өздерің емес пе бір-бірлеріңді қайталаған” деп күлейінші 🙂 🙂

  4. “Енді өздерің емес пе бір-бірлеріңді қайталаған” ақталуға болмайды, идея сізден. Хе….Хееееехе

  5. жалпы, жаксы бастама болды ари карай жалгасы керемет болып жатса айтарга соз жок

  6. Ақталып жатқаным жоқ. Идея менен болса да, осылай айтыңдар деп сөздеріңді дайындап бергенім жоқ қой 🙂 Әлі жассыңдар, талай нәрсені үйренесіңдер, ойларың өзгеріп, кеңістіктерің кеңееді. Бұл сұраққа бірнеше жылдан кейін басқаша жауап беруің де ғажап емес.

  7. Планшеті тамаша смартфонға қол жеткізу, андройд-қол жетімділік, 3G немес 4G лік жиілікті бағындыруға не жетсін. Мейіржан сынғаніңдай бар.
    “ақшаң болса қалтаңда, Galax алып талтаңда” (($)) керек екен.

  8. Бақытгул апай, “университеті” дегенді институты деп өзгерте саларсыз, макул ма?

  9. Пединституттың дарежесін бірден көтеріп жіберіпті, ректоры оқыса қуанғаннан Бақытгүл апайды Шымкентке тағы бір шақыртып, “прафессор” атағын беріп жібереді ғой. Хе…хЕ…хехе

  10. Журналист жанып тұру керек жұртым деп. Яки намысшыл болуы керек. Болмаса білімі бар талай “белсенділіер” бүлдіріп жүр…

  11. Басқасын қайдам, бірақ біреудің жазбасын қайталап немесе көшірмеу керек…. Бізге дубликат журналистер керек емес….

  12. Бұл өмірдің өзі көшіру емес пе? Өзгенің жақсы қасетін өз бойына сіңіруде ешқандай ұяттығы жоқ. Сондықтан да қаламгер әр уақытта ізденісте жүргені ләзім.

    • ким кимди кайталаса да бала көңілдегі оймызды айттык кой. магыналары уксаган шыгар сонда да создерди турлендирип айту да журналистің шеберлігі

  13. — Интернеттегі материалды сілтемесіз ұрлай салу — талантсыз журналистің бас кәсібі;
    — Қазақша өте жақсы білемін деп ойлайды. Жалпы бар ойы – осы ғана. Бұдан басқа ойларын Инеттен көшіріп алады;
    — Internet-те, тіпті Ethernet-те аноним пікір айтуға шебер.
    Орташа Есеппен Қазақ Журналисті (ОЕҚЖ) оылай.
    (Асаубота дәптерінен)

  14. Журналист, болашақтың Бұқаралық ақпарат құралдары қандай болуы керек деген сұраққа мамандардың жауабын http://bit.ly/IeOCK7 оқыңыздар

  15. Бәрiнен бұрын жаңа медианы журналистерге тегiн үйретiп жатқан кiсiлерге ризамын!

  16. Тәжірибелі журналист деп жатсыңдар ал осы тәжірибелі журналистті тәрбиелеу максатында не жасау керек? кандай максаттар орындалуы тиіс? Бұл туралы не ойлайсыз Бакытгул апай? ито студенттер бірінің сөзін бірі кайталап тур…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар