Кезінде қазақ зиялылары өмірде өз орындарын ойып тұрып алу үшін орыс, еврей немесе татар қыздарын келін етіп алған еді… Бүгінде керісінше қазақтың әлеуеті мен саяси салмағы артқандықтан ба, қазақтан келін алып жатқандардың қатары көбейіп келеді…
Жалпы статистикаға жүгінсек, орта есеппен елімізде бір жылда 100 мың неке тіркелсе, соның 20 пайызы өзге елдің азаматтарымен болатын көрінеді.
Самал ӘБІЛДИНА, Ақмола облысы Әділет департаментінің АХАЖ бөлімінің бас маманы: – Еліміз өз тәуелсіздігін алғалы бері қазақ қыздары арасында өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығушылар қатары артып келеді. Әсіресе, біздегі мәліметке назар аударсаңыз, қазақ қыздары көршілес Ресей, өзбек, қырғыз және түрік азаматтарына тұрмысқа шығуға қарсы еместігін көресіз. Тіпті, соңғы кезде Израиль, Германия мен Пәкістан азаматтарына да шыққан қазақ қыздарының саны күрт өскен.
Әділет департаменті берген мәліметтерге қарағанда, елімізде жиендердің де саны жылдан-жылға жедел қарқынмен өсіп келеді. Ақмола облысының өзінде ғана 2011 жылдың қорытындысы бойынша, бір жылда 6273 неке қиылса, соның 227-сінде қазақтар өзге диаспора өкілдерімен некелескен.
НартайЫСҚАҚОВ,Ақмолаоблыстықмәслихатыныңдепутаты: – Ұлтпенұлыстыңөзарақарым–қатынасындатонныңішкібауындайболыпараласумемлекеттіңдеіргесінмықтыетіп, берекеменбірліктіңшырағынжағады. Біздің еліміздегі ұлттардың тарихи тағдырлары астасып жатқандықтан бір-бірін өзара бауыр тартады. Өйткені біздің елді қиын-қыстау кезеңде паналап, сая тапқан әрбір ұлт қазаққа қарыздар.
Сонымен, бірқатарелгетұтқаболаразаматтардыңпікіріосындайойғасаяды. Яғни, бүгінде татулықтың тұрағы, бейбітшіліктің мекені болып әлем елдеріне үлгі болған – қазақ елінің гүлдене түсуіне түрлі ұлттар арасындағы неке еш қандай кедергі бола алмайды.
Алайдасаясаттыңшоқпарынбелінеқыстырыпжүргендерараласнекеніңсаясиастарықазақүшінекіұштыболадыдегенпікірде. Әсіресе, қытайдың, өзбекпенқырғыздыңқазаққыздарынақұмарлығыныңартыпкележатқанынаоларалаңдайқарайды.
ҚайратАБАЙДОЛЛАЕВ,Ақмолаоблыстықмәслихатыныңдепутаты: – Араласнекеелімізгеүлкенқатертөндіруіықтимал. Өйткені халқы жылдан-жылға кемерінен асып, жеріне сыймай жатқан Қытайдың Орталық Азия елдеріне қазірдің өзінде осы әдіспен еркін еніп келе жатқаны байқалып келеді. Сондықтан іргеміздің бүтіндігін, тәуелсіздігіміздің баяндылығын ойласақ, аралас некеге аса сақтықпен қарауымыз керек.
Үлкен саясатты сарапқа салып жүрген бірқатар саясаттанушылар алдағы бес жылда қазақ жеріне 5 миллионға тарта Қытайдың енуі мүмкін екенін айтады.
Кезінде Асет Вацуева есімді чешен қызы ресейлік «НТВ» телеарнасының бетке ұстар журналистерінің бірі болған. Асет жүргізетін «Страна и мир», «Сегодня» сынды бағдарламалардың рейтингі шарықтап, шешен қызы тележұлдызға айналды. Сол Асеттің бір сұхбатында: «Махаббат деген таңғажайып сезімді бастан өткергім келеді. Бірақ басқа ұлттың өкілін сүю арқылы өзін туған халқынан, ұлтынан, отбасынан, дәстүрінен ажыратқан адамның алды – түнек. Ол қараңғылыққа батырады. Шынымды айтсам, мен мұндай некелерді құптамаймын да, мойындамаймын да», – дегені бар.
Яғни шешен қызы ұлттың қаны бұзылмас үшін аралас некеге қарсы екенін ашық айтқан.
Дегенмен басқа ұлт өкілдерімен шаңырақ құрғандар ата-ананың қарсылығына қарамай отбасын құрса да, бақытты отбасы болып тірлік кешіп жатқандар да баршылық. Мәселен, көкшетаулық қазақ Сәбит Жантаев пен кәріс қызы Елена Лю осыдан жеті жыл бұрын некелерін қиған.
Сәбит ЖАНТАЕВ, тағдырын өзге ұлтпен байланыстырған: – Менің ойымша, махаббат бар жерде ешқандай да кедергі болуы тиіс емес. Пәк те адал сезім барлық әлемдегі күштерден артық деп есептеймін. Мейлі, ол қай ұлттың өкілі болсын, сүйіспеншілік болса, бәрі де жақсы болады. Ал аралас неке мемлекеттің мүддесіне қайшы келеді деген пікірмен мүлде келіспеймін.
Ең бастысы, елдегі тыныштық пен береке-бірліктің ортаймауы қажеттігін басты бағыт ұстанған соң, бұған да хош дейік. Бірақ қазақты өзге ұлтпен ұйыстырған мұндай «құдалық» қауіпсіздігімізге игі ықпалын тигізгенімен, ұлттың болашағына кері әсер етіп жүрмей ме деген беймаза ой да мазалайды. Себебі, жыл сайын жүздеген ұлт тарих сахнасынан тұтас ұлт ретінде мәңгілік жойылып кету қаупімен бетпе-бет келіп отыр. Сонда әлем бойынша 15 миллионға жетер-жетпес қазаққа не істемек керек. Қазаққа ең алдымен ірілік қажет. Әр қазақ өзгеге емес, өзгені сіңіріп алу әдісімен өмір сүруді игеруі керек. Еліміздің басты қазынасы, һәм ұлы мұрасы – тәуелсіздіктің тамырын нұрландырып, байтақ мекен Отанымызды ұрпаққа таза сақтап қалсақ деген ойымыз бар.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Көкшетау, «Алаш айнасы», мақала ықшамдалды
Парақшамызға жазылыңыз