«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Солтүстік облыстардың журналистеріне арнап, «Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» тақырыбындағы бір күндік дөңгелек үстел өз жұмысын бастап кетті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты азаматтық қоғамды дамыту үрдісі мен қазақ қоғамында пікір алмасу алаңын арттыру, ресми емес, азаматтық журналистиканың дамуына үлес қосу.
Дөңгелек үстел барысынан бейне-баян.
Мінбер-ақпарат
Суреттерді түсірген Бақытгүл Салыхова
Парақшамызға жазылыңыз
Үлкен кісілер көп болған сияқты ғой. 🙂
Дұрыс, жақсы зал алыпсыңдар, қазақ журналистерін өгейтсітпей. Суреттер де ұнамды. Істеріңе сәттілік тілейміз.
әдемі екен. Сәттілік! Солтүстіктің журналистеріне…
рахмет !!!
Суреттегі кісілерді таныстырмайсыздар ма?
Тілектеріңізге көп рақмет. Суреттерде Петропавл, Павлодар, Астана, Қостанай, Көкшетаудан келген журналистер, сонымен бірге журналистикада оқитын студенттер де бар. Кейбір суреттерге барлық журналистердің есімдерін жазу мүмкін болмай жатыр 🙂 Тағы екі күн семинар болады, содан сурет, видео баяндар болады, сол жерде журналистерді жеке-жеке таныстырып өтеміз.
Күтеміз
Суреттер жаксы беріліпті, Шымкенттегімен салыстырып отырмын…
Қай жағынан?
Қызылжарда “Мінбер” өткізген семинардан көп әсер алдым. ОЛ туралы өзіміздің “Северный Казахстан” газетінде жаздым. Өкінішке қарай газеттің сайты істемей тұр. Интернет қазақ журналистеріне ұлттық идеологиямызды насихаттауға шексіз мүмкіндік береді, бірақ бұл жағынан біз әлі артта қалып келеміз. Бізде өзін ақынмын, жазушымын дейтіндер құмырсқадай өріп жүр, ал техникада құмартатындар тым аз. Қызылжарда қай компьютер дүкеніне барсаң да мамандардың бәрі орыс.
Марат