Әлемде Альфред ақсақалдың, Нобельді айтам да, атындағы сыйлықты алуды армандамайтын пенде жоқ шығар. Екінің бірінің маңдайына жазыла бермейтін бұл бақытқа қолы жеткендер де аса көп емес бүгінде. Дегенмен, бағымызға қарай осынау мәртебелі марапатты иеленген біртуарлар қатарында алаш азаматы да бар екен.
Ғаламтор кеңістігін кезіп жүріп, көңілімді марқайтып тастаған осындай ақпаратты оқыдым. Оқыдым да «Тәубе!» дедім.
Мені бір таңғалдырғаны, ілуде біреуге ғана бұйыратын сыйлықты таза еңбегінің арқасында еншілеген тұңғыш қазақ жайында туған халқының бейхабар болуы, білмеуі. Белгілі бір топтың төңірегінде қалып қойған бұл хабар бүкіл елге ақпарат құралдары арқылы сүйіншіленбегені түсініксіз жайт. Бәлкім бір-екі рет айтылған да, жазылған да шығар. Сонда да жеткіліксіз, бұқара халық Достай Раманқұловтың кім екенін дұрыс білмейді. Иә, әлемдегі ең бағалы сыйлық – Нобельге тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш ие болып, алаштың абыройын асырған дарынды ұлдың есімі – Достай Раманқұлов! Ол – Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық поли-техникалық университеттің түлегі.
Әріптесіміз Сәлімгерей Сұлтанғалиевтің жазуынша, еліміздің Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі және «КАТЭП» (Казатомэнергопром) Ұлттық атом компанияларының бұрынғы еңбеккерлерінің бірі, Ақтау қаласының Құрметті азаматы Совет Татамбаевтың «Атом империясының радиоактивті мұрасы немесе радиациялық экология» атты еңбегінен Достайға қатысы бар мына бір жолдарды кездестіргенін алға тартады. Онда: «…Бүкіл дүниежүзі бо-йынша ядролық қауіпсіздікті сақтаудағы еңбектері жоғары бағаланып, МАГАТЭ ұжымы және оның Бас директоры Мұхаммед әл-Барадей халықаралық Нобель сыйлығымен марапатталды. Айта кететін бір қуанышты жайт, МАГАТЭ бойынша Нобель сыйлығымен марапатталған 11 адамның ішінде біздің жерлесіміз – қазақстандық Достай Төлемішұлы Раманқұлов бар. Д.Раманқұлов – бұрын Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі агенттігінде, кейіні-рек Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде қызмет атқарды, қазір МАГАТЭ-нің жауапты қызметкері. Нобель сыйлығының Қазақ елінен шыққан бірінші лауреаты. Ең кереметі – берілген жалпы сомасы 1,3 миллион АҚШ долларын құрайтын сыйлықтың 50 пайызы әл-Барадейге тиесілі еді, бірақ ол қаражатты түгелімен Мысырдың жетім балалар үйлеріне, қалған 50 па-йызын лауреаттар толығымен ісік ауруымен кү-реске аударыпты! Нобель сыйлығын алушылардың қатарына Раманқұлов – Достайдың қосылуы Қазақстан Республикасының қазіргі және келешектегі атом энергетикасы саласындағы алатын алдыңғы қатардағы орнының бір көрінісі деп те білуге болар» деп жазылыпты.
Совет Татамбаевтың мәліметтеріне қарағанда, 1999 жылы МАГАТЭ-нің штатында 2212 адам жұмыс істеген. Нобель сыйлығының лауреаттығына осыншама қызметкердің ішінен Достай сияқты 11 кәсіби маман ғана таңдап алыныпты.
Әрине, кейбір адамдардың айтуы мүмкін: «бұл – Достайдың ғана емес, бүкіл бір ұжымның еңбегі» деп. Дұрыс, орынды уәж. Алайда екі мыңнан астам дүлдүлдің ішінен іріктелген таңдаулы он бір адамның қатарына қосылудың өзі кімнің кім екенін аңғартып тұрған жоқ па?! Және де Нобельді белгілі бір топ өкілдеріне беру – әу баста қалыптасқан дәстүр. Ғылым, техника және басқа салалар бойынша бір мезгілде бірнеше адамға берілгендігі тарихтан мәлім. Солардың бәріне «Нобель сыйлығының лауреаты» деген диплом тапсырылған. Ендеше, отандасымыздың бағындырған биігіне күмәнмен қарамауымыз керек. Керісінше, оның жетістігімен мақтанып, қуануымыз керек.
Достайдың Нобель сыйлығын алуына оның халықаралық қауымдастық мойындаған, бірақ тиесілі жерлерде ғана жарияланатын еңбегімен бірге, тәуелсіз Қазақ елінің, оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ атом энергетикасы саласындағы ашық жүргізіп отырған саясаты да тікелей әсер еткені талассыз. Өйткені, бүгінде МАГАТЭ-нің жүргізіп отырған іс-қимылдарының қазақстандық бағыты еліміздің сыртқы саясатына сәйкес келеді және өзара тығыз ынтымақтастықта. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бас-тап халықаралық инспекторларға ел аумағындағы ядролық нысандардың барлығын өз көздерімен аралап көруге рұқсат берген-ді. Бұл, әрине, халықаралық қауымдастық пен АҚШ тарапынан қызу қолдау тапқан. Демек, ядролық қарусыздану мен бейбіт
атомды дамытуды ту еткен біздің елдің бастамасы мен іс-әрекеті МАГАТЭ-нің мақсатымен үндесіп жатыр. Ал осы адамзат үшін аса маңызды делінген ядролық қауіпсіздікті сақтауда білек сыбанып еңбек қылған Достай Раманқұловтың Нобель сыйлығының лауреаты атануы заңдылық!
Деректер не дейді?
Нобель сыйлығының алғаш дүниеге келуіне жеке ықпал еткен және оған дем берген шведтік белгілі химик Альфред Нобель болды. Жарылғыш заттарды ойлап табу арқылы зор байлыққа ие болған ол 1895 жылы артына ұлағатты өсиет қалдырды. Өзінің өмір бойғы жиып-терген бар байлығын бұдан былай адам игілігі жолында ұлан-ғайыр қызмет жасап, жаһандық жаңалықтар ашқан тұлғаларға сыйлық ретінде үлесті-ріп беруді мұра етті. Сөйтіп, Нобель өсиеті 1896 жылы 10-желтоқсанда күшіне енді. Альфред Нобель Сан-Ремо қаласында қайтыс болғаннан кейін-ақ іле-шала «Нобель қоры» құрылады. Оның жарғысын Швецияның Корольдік кеңесі 1900 жылғы 29-шілдеде бекітті. Араға бір жылдан астам уақыт салып, 1901 жылы 10-желтоқсанда, яғни, Нобель қайтыс болған күні тұңғыш рет алғашқы Нобель сыйлықтары өзінің лайықты иелеріне табыс етілді. Бұл күнде сыйлықтар аталмыш өсиетнамаға сәйкес мына бес сала бойынша беріледі: әдебиет, физика, химия, физиология және медицина, бүкіл әлемде бейбітші-лік орнатуға бағытталған іс-әрекет.
КЕРЕК ДЕРЕК
Достай Раманқұлов 1960 жылы қасиетті Түркiстан топырағында дүниеге келген. Қарапайым қазақ отбасында туылып, қазақ мектебiнде білім алған. Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық политехникалық университетiн бiтiрген. Кейiн Мәскеудің жоғары оқу орындарында білімін шыңдап қайтады. Елімізде Атом қуаты жөнінде комитет құрылғанда сонда қызмет істейді. АҚШ-тағы Қазақстан елшiлiгiнде ғылыми-техникалық кеңесшiсi болып еңбек етеді. 1998 жылдан берi МАГАТЭ ұйымында жұмыс iстейдi. «Нобель» сыйлығын алған тұңғыш қазақ Достай Раманқұлов бүгiнде Венада тұрады. Жары Әлия екеуі екі ұл өсіріп, үлкені Данияр сонда университетте, кішісі Дәурен мектепте оқиды.
Дереккөз: altaynews.kz
Парақшамызға жазылыңыз
Нобель Сыйлығы туралы мақалада тұрған Достай Раманқұлов емес, Дос Сарбасов, және сілтеме де соның профиліне берілген. Неге дұрыстап тексермейсіздер ақпаратты?
Мынау мақаланы оқып таң қалдым! Шынында да “Нобель сыйлығын” алған тұңғыш қазақ жайында неге газеттерде жазылып, теледидардан хабар неге көрсетілмейді ? Ал, мынау “пікірдегі – Достай Раманқұлов емес, Дос Сарбасов – деген не сөз ? “Екпін” журналы келесі санында осы мәселені анықтаса екен ? Қалай болғанда да қуанышты хабар, РАХМЕТ айтамын.
Нобель сыйлығын қашан қазақтар да алады екен деп жүрсем, алған қазақ бар екен ғой! Бұл БАҚ-та кеңінен айтылған жоқ. Әйтпесе, еститін едік қой. Бүкіл қазақстандықтарды бұл жеңіспен құттықтаймын! Даңқың мен жеңісің құтты болсын, ДОС САРБАСОВ!
Құрметті Достар мына сілтемеге өтіп http://www.nobeliat.ru/allyears.php#2010 нобель силығын шынайы кімдер алғанын көре аласыздар!
Неге жалған ақпарат таратасыздар??? қазақтан нобель силығын иемденген ешкім жоқ қой… қандай өкінішіті, өтірік халықты алдамаңыздарсайшы!
Казактар Нобелевской силыгын ешким алмаган