///

Есенгүл Кәпқызы: Қытайда қазақтың бекзат өнері жақсы сақталған

1297 рет қаралды
8

Salemetsiz be, Qitayda boldingiz ba? Qitay Qazaqtari twrali qanxaliq bilesiz?

Қытайға былтыр күзде барудың сәті түсті. Үрімжіде үш күндей болдым. Мені Үрімжілік қазақ жастарының ұлттық рухы қайран қалдырды. Қазақтың арғы бергі тарихын жақсы білетін болғандықтан, олардың тарихи атамекенінде отырғанын жақсы білемін. Тек отаршылдардың үстем саясатының салдарынан өзге елдің иелігінде қалып қойған. Жалпы Қазақстанға оралғандарының біразын білем, араласам, сондықтан Қытайға бармасам да, ондағы қазақтың арман-мүддесімен жақсы таныспын деп айта аламын. Осында келген зиялыларымен, өнер адамдарымен жолығып сұхбаттасып қалуға тырысам. Дегенмен, олардың көбі сақ, Қытайдың қызыл режимінен қорқады, сұхбат беруден бас тартады. Олардың арасында қазақ тілін білмейтіндер болмайды. Қазақтың бекзат өнері жақсы сақталған. Қазақтың қос өнерін Гиннестер кітабына енгізген қандастарымыздың жат елдің қарамағында отырғаны қынжылтады. Егер сондағы қазақтың бәрі елге оралғанда, қазынаның үлкені сол болар еді. Соны түсінетін шенеунік аз боп тұр ғой, әттең.

Сәлем әпеке!
Тарыдай
шашыраған қазақтың көзі ата-мекенге қарап жаутақтайды, оны бізден артық білесіз.Әсіресе көзі ашық, санасы ояу жастардың көбі өз болашағын ата-жұртпен байланыстырғысы келеді.Бірақ арман көп те дәрмен жоқ! Біреу туған жерін қимайды, біреу жеп отырған бір жапырақ нанын қимайды дегендейін…ендеше сіз осы төңірегінен жастарға жебеу болардай мақалаларды көп жазсаңыз. Тағы бір сұрарым, тәуекел деп барғандар ата-жұртта нендей күнде жүр? Әрине жұрт арасы бір-бірімізден естігеннен өздеріңіздей ұлт жанашырларынан естігендей болмас-ау! Егер тіпті желілес хабар жазсаңыз тіптен жақсы болар еді. Тартыншақтап  тұрған жастарға азда болса қамшы басар едіңіз !?

Мен бұндай мақалаларды көп жаздым деп айта алам. «Азаттық» радиосының сайтында шыққан бір мақалама пікір қалдырған бір оқырман «Есенгүлдің көші-қоннан басқа тақырыбы жоқ па?» депті. Тәуекел деп келгендердің жерде қалғанын көрген жоқпын. Ең болмағанда, дипломын қалтасына салып, базар жағалап күн көреді. Оралмандардың көбі мәдениет саласында, жоғары оқу орындарында, БАҚ саласында қызмет етеді. Жеке кәсіппен айналысатындар, әсіресе, Қытайдан келгендер арасында көп. Тек мемлекеттік қызметте және жоғары шенді орындарда ресейлік қазақтар болмаса, алыс шетелден келгендер болған емес. Оның себебін оралмандардың орыс тілін білмейтіндігімен байланыстыратындар көп.

Сәлем! Қытай Шыңжаң педагогика уинверситетінің қытай әдебиеті кәсібін тәмамдап, өзім тұрған ауылға барып 15 жыл оқтушы болып істедім. Егер сіздер жаққа барсам маған не кәсіп, не харекет бұйырар еді? Менің дипломым ол жаққа жарай ма? Жалғасты оқытушы бола алам ба? Соған шынайы лебіз өзіңізден болсын деп өтінер едім?

Жалпы, Қытай мен Қазақстан арасында білім жөнінен арнайы келісім шарттар жоқ. Ол түгілі кеше 70 жыл бойы бір шаңырақ астында күнелтіп келген ТМД елдерімен де өзара дипломды тану жөнінен келісім шарт жоқ. Бірақ, соған қарамастан шетелден оралған қазақтардың дипломдарын тануды жөн санап келеді. Ол үшін дипломыңызды білім және ғылым министрлігіне нострификацияға (дипломды тексеру) жібересіз. Олар оның талапқа сай екенін анықтағаннан кейін, диплом жарамды болып табылады. Дегенмен, сізге айтар кеңесіміз Алматыдағы Мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтынан курстан өткеніңіз жөн болар еді. Қанша дегенмен, оқыту стандарттары өзгеше, батыстық оқыту моделіне бағытталғандықтан аздаған өзгешеліктері болуы мүмкін. Жалпы Қытайдан келгендер арасында мектепте, жоғары оқук орындарында сабақ беретіндер көп.

Сәлеметсізбе әпеке, мен Қытайда оқып жатқан студентпін, таяу жылдардан бері Қытай шекара райондардың экономикасын дамытуға деген белсенділгі еселеп артқан сайын, ұлыттың қытайласуы да онан арман тездеп бара жатқандай, өзімнің бала күндегі білім алғаныммен қазіргі енді ғана мектеп есігін ашқан ұлтмыздың балапандарын салыстратын болсам жермен көктей парық бар, негізінен ұлыттық оқыту күшін күннен күнге жойып бара жатыр, халық күн көріснің жақсы, қарыны тоқ қайғы жоқтың күнін кешіп жатқандай, бірақ бұл мәселе бұл жақтағы ұлтжанды азаматтардың көңілін алаңдатады, жылдар осылай кете берсе ертеңгі ұрпағмыздың күні қалай болады деп көп алаңдайды. Онсызда жетпіс жыл орыстың отарында болған Қазақстанның халы қандай дәрежеге барғаны айтпасақта белгілі, бірақ Қытайдағы қазақ жастарында үміт зор, ұлтшылдығы күшейіп келеді, бірақ бас құрап бауырына қазақ асқаннан кейін, тынымсыз тіршліктің күйбіңі кешегі арманы мен мұратын жоқ қылады. Егер Қытайдағы қазақтардың ұлттық ерекшелігін сақтап қалатін түбегейлі шешім – тек көштің басын ата мекенге бұру. Дүниеде қазақ тілін құтқаратын, оны онан арман байта алатын мекен тек Қазақстан ғана. Оны Бекболат Тілеухан билік басында тұрған кездеде анық айтқан болатын, Бірақ жылдан жылға саябырлаған қазақ көші адамның көңлін екі ойлы етеді, егер Қазақстандағы бүкіл халық ашты шындықты білетін болса, билік қазақ көшінің ақаусыз болуына азда болса кепілдік ететін болса онда Қытайдағы қандастарыңның көзі ашлатын еді, сізден тілеріміз шырқыраған шындықты билік басына, Қазақстандағы қазақ қауымна жеткізсеңіздер екен .

Әрине, бұл жайында қолымыздан келгенін жасаудай-ақ жасап келеміз. Осы тақылеттес тақырыпта бірнеше рет мақала жаздым. Депутаттарға сауал жолдадым, бірақ қайыр аз боп тұр ғой.

Қазір менің айналамда Қазақстаннан келіп оқып жатқан студенттер көп. Бір қызығы – солар тек ойын мен күлкі үшін ғана жүрген сияқты. Онсызда қара көз қыздарымызда қайдағы шетелдік кәпірлердің етегінен ұстап, қазақ намсын таптатып жүргендері де жоқ емес. Әрине көпке топырақ шашуға болмайды, барлғын бір шбықпен айдағаным емес, бірақ бұл шындық. Түнгі клоуб, дискатиека, у – шу төбелестің арасынан қазақ баласын тауып аласыз. Айналып келгенде бұл елдің байлғын албаты шашудан басқа не болсын. Егемен ел ертеңгі ұландарымыз деп үміт артып отырғанда бұлай жалғаса беруі расында намы.

Балалық, жастық шығар. Бәріне бірдей қара күйе жаға бермейік. Балалықты басынан кешірмей, ұлт көшін бастар көсем бола алмайды ғой. Бәлкім, есейер есі кірер.

Salemetsiz be.sizdin kaliniz kalai?menin bir suragim bar edi,sizge 1-otinish:KItaidagi stundentter turali kop zhazsanz deimn,minda kizdardin zhenil zhurisin..2-shi suragim Azzatyg.org saity Sufizm kolshokpary deidi,osi ras pa?..rahmet sizge,enbeginzge zhemis tileimin.

Саламатсыз ба, кешіріңіз менің одан хабарым жоқ. Сол себепті де ол жайында ұшқары пікір айта алмаймын.

Көші-қон саласы бойынша үлкен қызметке шақырып көрді ме? Шақырса барар ма едіңіз?

Жоқ, лауазымды қызметке шақырған ешкім жоқ. Шақырса да, шенеуніктік біздің табиғатымызға жат секілді.

(Соңы)

“Қамшыдағы” онлайн конференцияның жалғасы

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. Қазақтың бәрі өз ұлтына осылай күйінсе ғой шіркін…

  2. “Бекзат өнері” – деген сөзді “Бекзаттық мұралары немесе Бекзаттық өнері” деп өзгертсеңіз дұрыс. грамматикалық қателіктен мағыналық қателік шығып тұр. бұл сөзіңіз тілдің тәбиғатын түсінбейтіндер термин ретінде пайдалануы мүмкін!

  3. Қазақ тілінде бекзат сөзі саф алтындай таза, гауһардай қымбат, қасиетті, асыл деген сөздердің орнына да қолданылады. Бегзаттық десек өзіңіз айтқандай мағыналық қателікке ұрынамыз. Меніңше “бекзат өнер” тамаша термин, қолданысқа алуға жаралық екен. Бекзаттық дегенде “қасиеттілік” не “асылдық” деген сияқты болып кететәндей. Бұл жерде Бекзат өнері емес “Бекзат өнер” десе тіпті тамаша болар еді. Қандай ғажайып өнер. Бекзат өнер!

  4. Есенгул апай, мына суреттегі Сіз деп ойламаппын. Жас кезіңіздегі сурет пе деймін. Керемет фото!

    • Салем, Раушан, иә осыдан тура он жыл бұрынғы сурет. Түсірген Шүкір Шахай.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар