“Әдiл сөз” сөз бостандығын қорғау ұйымы “Қазақстан президентiнiң саяси, адами беделiн, ар-абыройын қорғауды мақсат ететiн” интернет-қауымдастығынан “ерекше” хат алғанын жазады. Бiрақ хатта аттары аталған мекемелер ондай қауымдастықты бiлмейтiнiн айтады.
– Бұл – өздерiнiң жеке бастамасы. Себебi бiзге ешкiм мұндай бастама айтып келген жоқ. Бiз бiреуге “жасаңдар” деп айтпаймыз ғой. Бiзбен келiсiлмеген, – дедi. Президент әкiмшiлiгiнiң баспасөз өкiлi сөзiнiң соңында ресми өтiнiш жiберу қажет екенiн айтты. Алайда ресми өтiнiш жiбергенiмiзбен, оған әлi жауап келген жоқ. Мұндай ресми сауалды “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорына да жолдаған едiк. Қордың жұртшылықпен байланыс департаментiнен:
– “Kazakhstan Online” аталатын қауымдастықтың Қорға еш қатысы жоқтығын және онымен ешқандай байланыстың болмағанын хабарлайды, – деген жауап алдық.
Өткен аптада “Қазақстан президентiнiң ар-абыройын қорғауды мақсат ететiн” интернет-қауымдастық өкiлдерi көрсеткен электронды адреске де хат жiбергенбiз – одан әлi күнге дейiн жауап келмедi.