Алматы облысындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде қаза тапқан шекарашылардың қай өңірлерден шақырылғаны белгілі болды.
Атырау – 4
Ақтөбе– 2
БҚО – 1
Қарағанды – 2
Жамбыл – 2
Павлодар – 1
Алматы – 3
Еске сала кетейік, 31 мамыр, бейсенбі күні таңертең қазақстандық БАҚ шекара заставасында әскери қызметкерлердің қаза болу оқиғасы туралы хабарлады. Сол күні шекара қызметі 30 мамырда болған шекара заставасындағы өрттен кейін 13 адам – 12 шекарашы мен бір қорықшының денесі табылғанын мәлімдеді. 15-ші шекарашының тағдыры әлі белгісіз.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары басшыларымен өткізілген кеңесте болған оқиғаны террористік акті деп атады. Мемлекет басшысы Үкіметке қаза тапқан шекарашылардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Бүгін Қазақстанда аза тұту күні жарияланып отыр.
Дереккөз: bnews.kz
Сурет: nur.kz
Парақшамызға жазылыңыз