Ал жаңа ғана пайда болған мәліметтерге қарағанда, қанды сойқаннан жалғыз өзі тірі қалған Владислав Челах 14 шекарашының өлімін өз мойнына алған. «Интерфакс» агенттігінің сенімді дерек көздеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 19 жастағы қарағандылық сарбаз тергеу кезінде қасындағы қызметтестерін қырып салғанын айтыпты.
Қалай, не үшін өлтірді бұл жағы әзірше беймәлім. Десек те, бұл сұмдық ақпаратты ресми орындар әлі растаған жоқ. Сондай-ақ шекарашыларға тиесілі жоғалған жылқылар да табылды деген ақпарат бар. Іс кесушілер тұяқтыларды тау бөктерінде жайылып жүрген жерінен жолықтырған. Ешқандай жарақаттары жоқ. Сол күйінде шекара бекетіне айдалып әкелінгенкөрінеді.
Дереккөз: КТК
Парақшамызға жазылыңыз
Сұмдық-ай, сұмдық… Бұл мүмкін емес меніңше… Бір адам қалың жауынгерді қалай қырып салады? Әй, сайқал саясат-ай!
Үйірлі жылқыны 5 күн іздеп зорға тапқан ізшілер де кереметекен!
Менің осы оқиғаға қатысты мынадай сұрақтарым бар, кім жауап береді:
1 Қайтыс болған 14 жауынгер тарапынан оқ атылған ба?
2. Застава постыға 2 күн бойы неге хабарласпаған?
3. Челах жай киімдерді қайдан алған?
4. Аттар ер тоқымды болған ба әлде жайлақ па?
осы сияқты нақты сұрақтарға жауап алмай тұрып біреуді кінәлауға болмайды!
Менің жеке ойым бұл қайғылы оқиғаға Владиславтың мүлдем қатысы жоқ сияқты. Қалай 19 жасар сарбаз өзімен бірге жүрген достарын оп-оңай өлтіре салады. Оның үстіне олар 1-еу емес 14? Бұл жерде не болғаны нақты әзірше аллаға ғана белгілі ғой, түбінде жауаптылар табылып, жазаларын алады деп сенгім келеді.
Не деген масқара, қазақ деген атымызға уят. Ойға мүлдем келмейді бір ғана Владислав 13 адамды қырып салу мүмкін емес. алдағы уакытта бергілі болатына толық сенейік.Қытаймен Қазахстан арасында бір шикілік бар екені бергіл, алдағы уақытта тергеуде білікті мамандармен камтылған сондықтан,біз сенеміз………..
Осындай адилдиги жок елде турып жатканым кандай окиништи.