«Арқанкерген» шекарашылар арасында жалғыз тірі қалған Власдислав Челахтың атасы Владимир Челах Ұлттық баспасөз клубында баспасөз конференциясын өткізді. Ол Үшарал қаласында немересімен кездесіп қайтқан еді. Олардың кездесуі ақпарат құралдары, әскерилер мен бақылаушылар алдында өткен. Баспасөз конференциясына баласының ауырып қалуына байланысты Владислав Челахтың анасы Светлана Ващенка қатыса алмады.
Баспасөз конференциясы қаза тапқан шекарашыларды 1 минут еске алу рәсімінен басталды. Сарбаздың атасы жиналған журналистерді өзінің айтатын барлық сөздерін нақты, дәйекті жеткізуін сұрады. Себебі, кейбір газеттер оның сөзін бұрмалаған көрінеді. Сондықтан жағдайды қиындатпауды өтінді. Жолдан шаршап келгеніне қарамастан, Владимир Челах өзін сенімді ұстап, немересімен кездескен кезінде болған жайттарды айтты.
«Кеше мен немереммен кездестім. Бұған дейін бізді тергеу жұмыстары болып жатыр деп көп уақыт бойы кездестірмеді. Бізді (келініммен бірге-ред.) кездесудің алдында 2,5 сағат бойы ұстап, барлық әдеп нормаларын сақтауды сұрады. Сөйтіп, әрқайсымызға онымен кездесуге тек бес-бес минуттан уақытқа ғана рұқсат берді. Ал заң бойынша, тергеуде отырғандармен кездесу үшін әрқайсымызға 20 минуттан кем емес уақыт беруі керек. Балам бүкіл БАҚ алдында, бақылаушылар арасында қалай жауап бере алсын? Өздеріңіз ойланыңыздаршы. Ол әлі психологиялық зақымнан айықпаған. Қатты қорқып қалған. Немеремді тауып алған кезде онымен не істегенін ешкім білмейді ғой. Оны қыстақтан, төсек астынан тапқан. Төсек үстіндегі қабырғада тапанша ілініп тұрған. Ал қасында арақ бөтелкесін тапқан. Мен Құдайдың атымен ант етемін, ол мүлдем ішімдік ішпейді. Бұл біріншіден. Ол өзін шығарып салу кезінде ғана достарын ренжітпеу үшін ғана бір жұтым сыра ішті. Екіншіден, немеремді адамдарды атты деп айтты. Жалғыз бір адам тау ішінде адамдарды атуы мүмкін емес. Мен 1 немесе 2 адамды өлтірді десе, сенер едім. Бірақ, атып жатқанда кезде ондағы адамдар ештеңе істей алмайды дегенге сенбеймін. Бұл миға сыйымсыз нәрсе ғой! Бұл жерде біреу өзінің дарынсыз қаскөй іс-әрекетін жапқысы келеді. Себебі, маған қорықшы оқиға болмас бұрын 2 күн бұрын өлтірілді деп айтты. Бұл шекарашылар постқа келмей тұрып болған. Осыған байланысты олардың постқа келген күнін жарияламай отыр. Баспасөзде оларды постқа мамырдың 28-і күні келді деп жазылды. Ал 29-ы олармен байланыс үзілген. Ал 30-ы күні осы жағдай орын алған. Ал тікұшақпен үстілерінен қарағанда пост шала өртеніп жатқан екен. Ал 4-і күні менің қорқып, шошып қалған немеремді тауып алған. Қорыққандығы сонша, бір ауыз сөз айта алмаған. Бұл қылмысты жасағандар оны тек кінәлі ретінде (козел отпущения) пайдаланған. Осы баланы кінәлі ете отырып, өздерінің қылмыстарын жауып отыр. Демалыста шыққан отряд командирімен сөйлескен уақытында, оны 30-ы күні демалыстан шақыртып алған екен. Сөйтіп постқа барған. Жоғалған жылқыларды әлі таппады. Бірақ баспасөзде шекарашылар жылқылары табылды деген еді. Жылқылар мылтық дауысынан қорыққанымен, адамдардан қорықпайды. Демек, мұны әлдебіреу жасаған. Әрбір сөзімнің ақиқат екеніне қаныммен қол қоямын. Өзімнің денсаулығым мен жағдайым жеткенше, бүкіл әлемге немеремнің кінәлі еместігін дәлелдеймін. Оны пайдаланып өзге біреулер қылмыстарын жапқысы келеді. Қазір олардың өзі осындай шу көтергеніне өкініп отыр. Президент бұл оқиғаға алғашында теракт деп баға берген. Бұған дейін де ол шекарада бірнеше рет терактілер орын алған. Бірақ олар айтылмай келген. Бірақ бұл жолы олай болмайды. Мені қолдайтындар бар. Бұрынғы кеңестік дәуірден бері 3 мың туысқаным бар. Олар бұл туралы білсе, тіпті естіген де шығар, онда үлкен наразылық болады. Менің мәліметімше, шекара есірткі өткізетін жолайрық болып табылады. Бұл жолмен кеңес кезінде де Қытайдан Ресейге есірткі тасымалдаған. Сондықтан бұл жерде есірткімен байланысты топ немесе бұзақы топ, есірткі жолын бөгемеуді тілейтін адамдар болуы мүмкін. Бұл пост уақытша болып саналады. Себебі, қыста ол жерге тек шаңғымен жетуге болады. Сондықтан, менің немеремді кінәлауға қатысты айтарым, мұның бәрі ақылға қонымсыз сөздер. Егер мына БАҚ арқылы сөйлегендерім көмектеспесе, егер Құдай басқа салмасын, оны кінәлі деп тапса, мен тек алқа билер сотының болуын ғана емес, адам құқықтары жөніндегі Страсбург сотына да барамын. Егер көместепесе, онда басқа жолдарға жүгінемін. Міне, менің айтарым осы», – деп баспасөз өкілдері алдына шығудағы мақсатын баяндап берді.
Журналистердің немересімен не жөнінде әңгмелескенін, оның бұл оқиғаға байланысты қандай нұсқалары бар екеніне қатысты сауалына Владимир Челах былай жауап берді: «Ол маған ештеңе де айтқан жоқ, үндемеді. Тек тергеушілер тарапынан еш қысым болмағанын айтты. Ол барлық тергеу жұмыстарына қатысқан екен. Оның жауаптары бейнекамераға түсірілген».
«Владсилав Челахтың денесінде ұрып-соғу, зақым белгілерін байқадыңыз ба?» деген сауалға: «Ондай зақымдарды байқамадым, көрмедім. Тек мұрнында, қолында ғана аздаған зақымдар болды» деді.
Баспасөз конференциясы кезінде немересінің қару атуға бейімі бар ма екені, басқа да бір спорт түрлеріне әуестігі сұралды. Оған атасы: «Жоқ қару атуды білмейтін. Веложарысты, машина жөндеуді хобби ететін, менімен бірге балық аулайтын» деп қысқа қайырды.
Бір журналистің «Пистолеттен басқа, оның кінәлі екенін көрсететіндей қандай дәлелдер табылған?» деген сұрағына: «Пистолетті әлі сараптамаға тексеруге бермеген. Шекара заставасы басшысының айтуынша, барлық қаруда оқ болған. Автоматтар жауынгерлік әзірлікте тұрған. Казармаға кіре берісте жатқан өлі адамның астынан екі қап оқ табылған. Оның жерлеуін теледидардан көрсеткен уақытта, оны мұсылмандық салтпен жуындыру сәтінде арқасының оң жағынан 3 пышақ жарасын, денесінен түрлі жарақаттар көрген.
Немересіне тағылған айыптың негізсіз екенін айта отырып, жиналғандарға «Физикалық дайындығы, у-шу, дзюдодан хабары бар және басқа да спорт түрін меңгерген ҰҚК-де 25 жыл жұмыс істеген офицерді 19 жастағы жасөспірім қалай күш көрсетіп, өлтіре алады? Мұндай болуы мүмкін бе? Бұл миға сыйымсыз! Қаза тапқан офицердің ағасының сөзіне қарағанда, офицердің арқасында 6 пышақ жарасы болған. Басына тағы оқ атқан. Ал мұның бәрін үйді өртеу алдында жасаған. Мұны жалғыз бір адам жасай алады ма?», – деп ашына сұрақ қойды.
«Ал немереңіз сізге «мен кінәлі емеспін» деп айқайлағаны рас па?» деген сауалымызға: «Жоқ, ол олай айқайлаған жоқ. Бұл шындыққа жанаспайды. Қазір осы мәселені айтуда, журналистер этикадан аттап жатыр. Сондықтан, ақпараттарды шынайы жеткізсе. 5 минут ішінде камера, қоршалған адамдардың алдында не айтуға болады. Егер ол артық сөз айтса, тағы айыпты болып қалуы мүмкін. Сонымен бірге, туысқандарының келгені ол үшін күтпеген жағдай болды. Жақындарының келуі өте маңызды. 2-3 күннен кейін сабасына келіп, есіне барлығын түсіретін шығар», – деп өз сөзін жалғастырған В.Челах – «Айтыңыздаршы, қай қылмыстық кодексте жеміс-жидек, көкөніс т.б. заттарды айыпталушыға беруге болмайды деп жазылған? Олар тек киім, конфет-печеньені ғана өткізді. Қалғанын қайтарып жіберді. «Ол құсып жіберуі мүмкін» деді. Бұл нені көрсетеді? Олардың адамдарға деген суыққанды қатынасын білдіреді. Менің әдебиеттен біліуімше, тіпті, большевиктер кезінде түрмеге қамалғандарға барлық заттар кіргізіліп отырған. Егер біз құқықтық мемлекет орнатқымыз келсе, заңды орындауымыз қажет емес пе?! ЕҚЫҰ-ға бостан-босқа кірмеген шығармыз. ЕҚЫҰ-ға кірген соң, өз міндеттерімізді орындауымыз керек. Бізде демократия тек қағаз жүзінде. Мені бүгін немесе ертең өлтірсең де бәрібір. Мен 70-тен астым, ештеңеден қорықпаймын. 1943 жылы әпкемнің алдында немістер өлтірмек болған. Тірі қалдым. Демек, Құдай мені босқа тірі қалдырған жоқ».
«Қайтыс болған шекарашылардың ата-аналарымен кездестіңіз бе? Олар не дейді?» деген сауалға: «Бізге ДНҚ тапсырыңдар деген кезде мен ата-аналармен көрістім. Олардың қолдауын сезіндім. Олар жасөспірімнің жасағанына сенбейміз дейді. Менде Владиславтың басқа сарбаздармен, олардың аналарымен бірге түскен суреттері бар. Бір ана жылап келіп: «мені дарға асса да, оның өлтіргеніне сенбеймін» деді. Ата-аналары менен хабар сұрап тұрады. Жалпы, ұлттар арасындағы араздықты қоздырғысы келді дейтін болса, менің отбасым түгелдей интернационалистер. Балаларыма интернационалистік тәрбие бердім. Қазақстанға 19 жасымда келдім. Мұнда халықтың қонақжай екенін көрдім. Міне, осы топырақта тұрып жатқаныма 50 жыл болды», – деп жауап қатты.
«Оған қысым көрсетіліп пе? Жалпы сізге, оның анасына қандай да бір қысым көрсетілді ме?» деген сауалға, «Оған қысымды тек нағыз қылмыскер жасауы мүмкін. Оны мұндай жағдайға түсіру үшін психотропты, есірткі немесе арнайы дәрілер берген сияқты. Ал мені қорқытып, қысым көрсетуі мүмкін емес. Маған қысым жасағандарды оңдырмаймын. Ал анасына не үшін қысым көрсетсін? Ол ештеңені білмейді ғой», – деді.
Ал іске қатысты қандай да бір сараптаманың жүргізілу жөніндегі сұраққа, «Сараптама жайында ештеңе айтпады. Мен бірден тәуелсіз сараптама жүргізуді талап еттім. Бірақ, ешкім оған мән бермеді». «Сізге әкімдіктен адамдар келді деседі. Қандай мәселемен келді?» деп сұраған едік: «Әкімдіктен маған емес, келініме келді. Оған заңсыз пәтер иелендің деді. Бірақ, күйеуі тиісті құжаттарды көрсеткен соң, олар кетіп қалды», – деді В.Челах.
Біздің: «Егер 1 аптадан соң сізге «немереңіз жағдайға шыдай алмай, өзіне қол салды десе оған сенесіз бе?» деген соңғы сауалға: «Маған бұл туралы ой жол үстінде келді. Оларға олай ету тиімсіз. Бірақ мен оның өз-өзіне қол салуы мүмкін емес дер едім. Ондай жағдай бола қалса, барлығының үстінен сотқа беремін», – деп мәлімдеді.
Владимир Челах өзінің немересі Владислав Челахпен енді қашан жолығатыны жөнінде айтпады. Өйткені 27 мың теңге зейнетақысы Қарағанды мен Үшарал арасындағы жолдың тек жартысына жететінін айтады. Бірақ сот болып жатса, келетінін мәлімдеп, немересін адвокатпен қоса, өзі де қорғайтынын жеткізді.
Диас Бейсенбек, Жаңа өзен.лз
Парақшамызға жазылыңыз
Мақсат біреуді қаралау емес, Қоғам тыныштығын сақтау. Қылмыскер жазасын алсын. Жаза занмен берілсін
Қырғынға себепші майталмандар емес, сол жердегі азаматтар, Челахтың тірі қалуы оның тағдыры болуы мүмкін, бірақ қылмысына күмән жоқ. Ол ер болса сол жерде барып айту керек еді.
Челахтың кінәлі деп есептеймін. Шынымен ер болса жата жастанып қалдарды қорғау керек. Олардың бұның жаны артық емес
Шекара ойыншық емес. Бірақ барлық жердегідей бізде өз шекарамызды қорғаумыз керек. Ұлан байтақ жер бар, қорғайтын сарбаз жоқ масқара. Оның үстіне ЧЕЛАХТЫң ісі жығылғанға жұдырық болды
Әркерге бару адал борышты талап етеди. Ондай адалдықты ЧЕЛАХтан көре алмадым.
Шынымен ақ бұл бізге ҰЯТ болды. Сондықтан әділ жаза бұл ұятты өшіреді. Сондықтан әділ жаза бұл ұятты өшіредіСондықтан әділ жаза бұл ұятты өшіреді
Әй жігіттер ҰЯТ дейсіндер. Сол ұятты ЧЕЛАХ білема? Бекем, берік болайык
ЧЕЛАХ кінәлі болса жазасы берілсін. Әркеге сын келді дегеніміз тыныштықты түрті деген сөз. БІЗГЕ адалдық пен тыныштық керек. АДАМДАР
Өз басым Челах өлтірді дегенге еш сенбеймін, бул істі адастыру ушін жасап жаткан ертегі гой, шын мәнінде болган нәрсе мулдем баскаша деп ойлаймын. Өздерін ойландаршы бұл оқиғаға неліктен “Қаралы күн” жарияланды. Байғұс бала тірі қалғаны үшін кінәлі ме