Бүгін (04.07.2012ж) Астана қаласында қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы ескерткіші ашылды. Даланың ұлы дарын иесіне қай жерден де, қандай ескерткіш орнатса да артық болмайтынын алаш баласы біледі. Бірақ мәселе қандай ескерткіш орнатылды, ол Құрманғазының арман-аңсарын, болмыс-бітімін, ішкі жан дүниесін аша алды ма дегенге саяды. Ол үшін біріншіден, біздің ойымызша авторлар Құрманғазы қандай адам еді деген сұраққа жауап беруі керек еді. Әрине, ұлы күйшіні танып білу үшін ең әуелі оның құдыретті күйлеріне назар аударылып, терең зерделеніп, ой таразысына салынылып, жан-жақты аса ыждағаттылықмен електен өтілуі тиісті. Осы тұрғыдан келгенде ескерткіштен елеулі кемшіліктерді табуға болады. Әттеген-айлар жеткілікті екен. Біткен іске сыншы көп дейміз ғой. Алайда қандайда болмасын өнер туындысына жеңіл-желпі қарауға бола ма? Болмайды ғой. Өнер туындысы бірінші кезекте ұлтқа, оның ұрпағына, келер келешегіне, ертеңгі болашағына керек. Соның үшінде оның сомдалған тұла бойынан ұлтық рух аңқып тұрмас па? Бірден көрермен көзіне шалынатыны алты метр тұғыры емес, оның үстіндегі мүсіннің мүддесі ғой. Алып күйші мүсінінен біз бұның авторы Құрманғазы туындыларын жетесіне жеткізе түсінбейтін талантты мүсінші болғанын аңдаймыз. Мынау сондай мүсіншінің қол таңбасы екенін бірден көреміз. Бір қарап отырсаң қазір дүмбілез дүниелер көбейіп кетті. Аты бар, заты шамалы, саны бар сапасы төмен нәрселермен көз алдай беретін болдық.
Амал нешік туындыгер тым болмаса ұлы күйшінің «Сары арқасындағы», «Адайындағы», «Кісен ашақанындағы», «Қайран шешеніндегі» буырқанған алапат күш қуатты сезініп жеткізе алмаған. Құрманғазының болмыс-бітімі оның күйлерімен айқындалады. Жалпы Құрманғазы күйлерінің арқауы алаш баласының атамекенімен ұштасып, байланысып жатады емес пе. Ол – Алатаудай асақақ, Сары арқадай кең, теңіздей телегей. Найзағайдай отты, тау өзеніндей тасқынды, желдей жүйрік, құлагердей тынысты еме пе? Демек, Құрманғазы осындай адам. Асқақ, өр, қаһарман, қуат жігері мықты адам болған. Осы бір құдыретті күшті, буырқанған жігерді, қаһарлы қайратты Құрманғазы мүсінінен көреміз бе? Жоқ!
Өйткені соңғы кезде мына сурет өнерінде қазақты жасық қып көрсету тенденциясы орын алған сияқты. Өздері, керісінше, біз қазақты керемет ойшыл-философ қылып жатырмыз дейді. Ау, сонда биік рух, өжет намыс, қайсар тек қайда қалады? Көк Түріктің тұқымы Көкке қарап өспеді ме? Жалпы алаш баласы аспанға қарап өседі. Ал біздің мүсіншілер болса ұлттық рухтан жұрдай, қазақтың бір туар тұлғаларын сомдағанда түгелімен тұмсығымен топырақ иіскетіп, жерге қаратып, бастарын салбыратып қойды. Соңғы кездерде кемеңгерлерді жалаң бас, тоқыр етіп кейіптейтінді тауыпты. Анау Атыраудағы Ер Махамбет, анау Москва төрінде отырған Абай тағысын тағы, мынау Құрманғазы. Бас киім қазақ үшін қасиетті. Мынау шаш қойған, ата дәстүрден қол үзген заманнан бері жалаңбас жүргеніміз болмаса, бұрын бас киімсіз қазақ болмаған ғой. Басқамыз білмесекте өнер адамдары бұны білуге тиіс еді ғой. Аталарымыз тақияларын алшысынан тастап қасқайып отырмаушы ма еді. Құрманғазы ескерткішінде осы аталғандардың бірі де жоқ. Құрманғазы жанарынан «Сары арқаны» да, «Адайды» да, «Кісен ашақанды» да, «Қайран шешемді» де таппайсыз. Мүсін сырт көзге әдемі, бірақ сұлу емес. Көрген жанның көкірегі сергіп, бір серпіліп қалатындай отты болса не шара. Мүсіннің көлденен жатқан аяғы мен ойға батқан келбеті бір-біріне мүлдем сәйкеспейді. Құрманғазы мүсінінің белуардан төменгі жағы күй тартып отырған адамға, ал кеуде тұсы мүлгіп ойланып қалған кісіге ұқсайды. Екі бөлек дүние. Тұтастық жоқ. Мүсінші күйшіні адамды танымайды, зерттемеген. Құрманғазы «Сары арқасын» шығарғанда табанынның астына емес, ано-оу ұшықиырсыз шексіз көк жиекке қарады. Хан тәңірінің ұшар басын көз алдына әкеліп отырып «Алатауды» жазды… буырқанып отырып «Кісен ашқанды» дүниеге әкелді… Олай болса ол неге қылжиып ши түбіне қарап ойлануы керек? Біздің көркемдік деңгейіміздің жеткен жері осы болса не амал бар?! Қайран баба, қасиетіңді қашырдық-ау?!
Қарамер
Парақшамызға жазылыңыз
Оууууу аға кайсыбырын айтып бұларга түсындіріп жатамыз! Қазақ қазақты мазақтаганнан бі түрлі керемет әсер алатын көрінеді!Құрманғазы туралы бір ауыз соз оқымаған осы мүсіншілер бір қазақша күй тыңдап көрды ма екен?Тіпті домбыранын өзі казыр тыңкылдақ болып кетты гой! Казақ домбырасын ішектен бабын келтырып жасаган! Қазыргілерін көп тыңдасан миың ауырады! Бір кем дүние!!
Қазақтың осындай рухсыз ұлдары неге ылғи төрде жүретініне таңмын, Жігер.
Біткен іске сыншы көп дегенге сай айтпайын десең де мынандай сорақылықты көріп тұрып қалай үндемей қаласың!
Ә дегеннен-ақ мақала авторы айтқандай үш қате сүйекке түскен таңбадай болып көзге ұрып тұр
1-ші: о заманның адамдары қазіргідей орындыққа мініп көрген емес;
2-ші: осы қателіктен өрбіп келесі қателік туындаған, яғни, аяғын асып қойған;
3-ші: жалаңбас хақында, тым болмаса бұрынңының шалдарындай бір шекесінен түйген шыт тартқызып қою керек еді.
біз 02.062012 жылы осы сайтта “Хантауға қасқыр басты ту тіккен” атты мақаламызда тағы да бабалар ескерткішіне қатысты би деген едік: “ерен ескерткіштің он алты тонна салмағын қайтейін, хандарымызды бар қасиетінен айырып, алтын тағын былай қойғанда, астындағы атын аудырып алып, жайдақ ерге шоқитып қойғаны жаман ырым болды-е-е”. Көнеге бойламай көз алдын ғана көрген мүсінші тағы да үлкен қателікке жол берді. болмаса аз да болса маңдайдан бір тамшы тер шығарып ізденсе дәл мынандай сорақылыққа ұрынбас еді.
Біз неге де болса тез бейімделетін, көнтерлі компіс халық екенбіз. Екі ғасыр бойына созылған құлдықтың тақия таңбасы басымыздан әлі кете қоймапты. Құлдықтың иіс-қоңысын кетіру үшын, оны ең алдымен төңкеріс жалынымен өртеу қажет. Сонан соң азаттықтың алтын күрек сары желі ұзақ жылдар тыңбай соғып туру керек қой…Ғалымдар Херосимага тасталган атом бомбасының зардабы жапондардың әлденеше әулетіне жетеді деп отырған көрінеді. Тіпті қазірдің өзінде жапон әйелдері кем-кетік балаларды көп тауып жатса керек…Сол сияқты екі ғасыр бойына егілген құлдықтың ұрығы да арамшөп құсап үздіксіз көктеп тұрмақ.
Қабдеш Жүмәділовтың Соңғы көш романынан үзінді
азаттықтың алтын күрек сары желі соқпақ түгіл шөптің басын да қимылдата алмай тұрған жоқ па. Билікті маргиналдар құлдық сананың үрімдері жаулап алды. қазіргі ұлтсыздықтың бәрі соған тікелей байланысты. Қабдештің мынау сөзін дұрыс тауып жазыпсың, бұл оқығандықтың, білімділіктің белгісі. Қазіргі біздің кейбір жастар оқымай-тоқымай туа “жұлдыз” юоламын деп жар соғып жүрген жоқ па. солардың ішінен таңғы жұлдыздай болса да бірен-саран, сирек жандарды көргенде риза болып қаламыз. Үміттенеміз. Құр үміттен басқа қайран қалмай тұр ғой қазаққа.