//

Қытайда қазақ кестешілерінің мерекесі өтті

1107 рет қаралды

Маусым, шілде айларында Шынжаңда қазақ мәдениетін, ұлттық болмысын айқындай түсетін кестешілік өнерінің мерекелік көрмесі болып өтті. Көрме Мори қазақ автономиялы ауданы, Құмыл аймағының Баркөл сынды қандастарымыз жиі қоныстанған аудандарында ұйымдастырылды. Ежелгі өнердің қыр-сырымен таныстырып, қазақ қолөнерінің жауһарларын әйгілеуді мақсат тұтқан атаулы мерекеде көркем әшекейленген киіз үй, ши жабдықтар, кестемен безендірілген күнделікті бұйымдар және той көліктері жұртқа көрсетілді. Мори қазақ автономиялы ауданында 31 кестешілік компаниясы жұмыс істейді. Қолөнер бұйымдары Шынжаңдағы қазақ жұртына, Қазақ елінің көзайымына айналып отыр.

Қытайдағы қазақ телевизиясының атаулы мереке туралы хабары.

Дереккөз: kazakh.people.com.cn

“Мінбер – ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар