///

Тау көтерген толағай – Илин

4320 рет қаралды
1

Үш дүркін әлем чемпионы, Бейжің олимпиадасының алтын медаль иегері – Илья Илин қос сайыста 418 келі зілтемірді қиналмай көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Серпе көтеруде бұған дейінгі олимпиада рекорды – 2008 жылы Бейжің олимпиадасында Илья Илин көтерген 226 салмақ болған екен.

94 келі салмаққа дейінгі спортшылар Илья Илин тоқтатқан осы бір салмақ дәрежесін көтеруге талпыныс танытты. Ресейлік Александр Иванов 224 келі салмақты алғанымен, үшінші талпынысында 228 салмақты көтере алмай, олимпиаданың күміс медалін қанағат тұтты. Бұл сәтте Илья Илиннің қанжығасына Лондон олимпиадасының алтын медалі байланып та қойған еді. Алай Иин онымен тоқтағысы келмеді, әлем рекордын 1999 жылдан бері жаңармай келе жатқан рекордты жаңартуды мақсат етті. Сөйтіп, 233 келі зілтемірді еш ойланбастан, қиналмастан төбесіне көтерді. Сөйтіп өос сайыста 418 келі зілтемірді көтеріп, қос дүркін олимпиада чемпионы атанды. Қазақ тумасы, Қазақстан туын Лондон төрінде тағы бір желбіретті. Ән ұранымызды тағы да қалықтатты. Алаш жанкүйерлері ерекше рухтанды. Олимпиаданың алтыншы күнінде 5 алтынды қоржынға салдық, Тәуба Алаш! Тәуба, Қазақстан! Көк туын көкте желбірей берсін!

http://www.youtube.com/watch?v=CcZDlEo_NOs

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Қазақ үкімет қараулық жасамай, мына қазақтың арыстары Илин мен Ниге Қазақ Елінің қаһарманы атағын беру керек

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар