Бүгін еліміздің барлық мектептерінде жаңа 2012-2013 оқу жылы басталды. Таңның атысымен құшақ-құшақ гүлдерін құша ұстап, мұнтаздай киініп, бал-бұл жайнаған жайдары балалар ата-аналарымен бірге мектептерге қарай ағылды. Жүздерінде жылы күлкі. Көздерінде от. Олардың арасында тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын білім мен ғылымның алтын ұясы мектебінің ақ босағасын алғаш рет аттағалы бара жатқан сан мыңдаған бүлдіршіндеріміз бәйгіге бапталған тай-құнандай құлпырады. Қадамдарың құтты болсын, кішкентай кемеңгерлер. Дендерің сау, мол білімді, елін-жерін сүйетін мықты азамат болып ер жетіңдер. Ертеңгі ел тізгіні сендердің қолдарыңда. Ақ жол!
… Алматы қаласында бұрын бір ғана қазақ тілінде сабақ беретін мектеп болса, қазір олардың саны 54-ке жеткен. Солардың бірі, бірі болғанда ашылғанына отызға жуық жыл болған Алматы қаласы, Алмалы ауданының Шона Смаханұлы атындағы 62- гимназия. Бүгін сіздердің назарларыңызға сол мектептің салтанатты жиынынан дайындалған фоторепортажды ұсынамыз.
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған – Ақтанай мен Бексұлтан
Мектеп директоры Атығай Бүркітбайұлы мен осы мектептің қазақ мектебіне айналуына еңбегі сіңген ардагер ұстаз Дария Әбіқұлқызы
Мен мектепке барамын, оқу қиын ба?!
Мінбер-ақпарат
Парақшамызға жазылыңыз
Мынау сенің мектебің,
білім басы – көктемің.
осы күнге жетсе деп,
қаншама жыл көкседім.
сәтті болсын сапарың,
менің жасыл көктемім!