Министрліктер мен әкімшіліктерге,
Ұлттық, отандық және шетелдік компанияларға,
ҚР Президенті жанындағы инвесторлар Кеңесі мүшелеріне,
Бала-бақша, мектеп, лицей және ЖОО-на,
Қаржы институттары мен елшіліктерге,
Партиялар мен қоғамдық ұйымдарға
Ашық хат!
Осы ашық хатты ағымдағы қыркүйектің 23-ші жұлдызы қоғам бірлігі мен тұрақтылығының кепілі, елді дамытушы негізгі күш Мемлекеттік тіл күнін республика деңгейінде толыққанды өткізу және болашақта оның маңызын арттыру мақсатында жазып отырмыз.
Мемлекеттік тілді қоғамның барлық салаларына енгізу, – ол экономиканы басқарудың жаңа Қазақстандық жүйесін жасаумен қатар, интеллектуальды ұлт қалыптастыратын және мәдениет (білім, ғылым, мораль, өнер…) пен жалпы қоғамды дамытатын негізгі күш болмақ.
Ол, елде жүріп жатқан реформалардың шикізатқа тәуелділігін азайтып, адам капиталы мен инновациялық технологияның экономиканы дамытуға, азаматтардың тұрмыс деңгейлерін жақсаруға тікелей әсер етеді. Яғни ол, жан-жақты дамыған қоғамды өркениетті елдердің қатарына қосатын халықаралық тәжірибеде дәлелденген бірден-бір сара жол.
Біз, мемлекеттік тілді дамытудағы Президенттің жолдаулары мен 2020 жылға дейінгі Үкімет қабылдаған бағдарманың толыққанды іске аспай жатқанына алаңдай отырып, барлық құзырлы органдар мен азаматтардың, елдегі шетелдік компаниялардың жоғарыдағы мемлекеттік маңызды жоспарларды іске асыруға белсенділік танытатынына сенеміз.
Мемлекеттің тіл күні басталып, облыстар мен ірі компанияларда, оқу орындарында жыл сайын өтетін тіл олимпиадаларын мемлекеттік маңызды шара ретінде қарап, ондағы үздік шыққандарды Тәуелсіздік күні құнды сыйлықтармен (автокөлік т.б.) марапаттап, арнаулы стипендиялар тағайындап, қызметте өсіру сияқты ынталандыруға шақырамыз. Осы ашық хаттағы мәселені іске асыру мақсатында қосымша шаралар қабылданып, олардың орындалуы БАҚ құралдары арқылы сараланады.
Бәріміздің ортақ шаңырағымыз Қазақстанның алға басуына барлығымыз атсалысайық.
Қол қойғандар:
Айтбаев Ө.А. – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы, ф.ғ.д.,
профессор, академик;
Ақуов Т. Ж. – Қазақстан тәуелсіз кәсіпкерлері қауымдастығының Төрағасы;
Алдамжаров Ғ. А. – Қазақстан коммунистік партиясының төрағасы;
Алшанов Р. А. – ҚР Жоғарғы оқу орындары қауымдастығының Төрағасы, э.ғ.д.,
профессор;
Аханов С.А. – Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының Төрағасы;
Әшімов А.Ә. – Қазақстан театр қауымдастығының Төрағасы, Халық әртісі,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері;
Әкім Ж.М. – Халықаралық адам институтының Президенті, биол. ғылымының
канд., Қазақ Ұлттық жаратылыстану ғылымдар Академиясының
корр.- мүшесі;
Бапи Е. – «Дат» газетінің Бас оқырманы, қоғам қайраткері;
Ғабжалилов Қ.М. – «Алаш» ТЗО Президенті, тарих ғылымының кандидаты,
Әлеуметтік ғылымдар Академиясының корр.-мүшесі;
Ғабдолла Қ. М. – «Жұмадағы жүздесу» газетінің Бас редакторы;
Жәкиев Ғ. – Республикалық «Ұлы дала» қозғалысының Төрағасы;
Жұрынов М.Ж. – ҚР Ұлттық ғылым Академиясының Президенті, х.ғ.д., профессор,
академик;
Иса Қ. – «Жас қазақ үні» газетінің Бас редакторы, ақын, Алаш
сыйлығының иегері;
Құлыбаев Т.А. – «Қазэнержи» компаниясының Төрағасы;
Құлкенов М.Қ. – «Өнер» баспасының директоры, қоғам қайраткері;
Мырзахметов А.И. – «Атамекен» кәсіпкерлер қауымдастығының Төрағасы;
Оразалин Н. О. – Қазақстан жазушылар Одағының 1-ші хатшысы, ақын,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері;
Осман А. – «Мемлекеттік тілді қолдау» қорының Төрағасы, Қазақстан
халықтар Ассамблеясының мүшесі;
Перуашев А.Т. – «Ақжол» партиясының Төрағасы;
Сарым А. – «Абай» сайтының төрағасы, саясаттанушы;
Сәбден О.С. – Қазақстан ғалымдар қауымдастығының Төрағасы, э.ғ.д.,
профессор, академик;
Сәрсенбай Р. С. – «Жас алаш» газетінің Бас редакторы;
Тайжан М. Т. – «Болатхан Тайжан» қорының Төрағасы;
Терещенко С.А. – Славян, орыс, казак қауымдастығы бірлестігінің Төрағасы,
мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері;
Тоғжанов Е. Л. – Қазақстан халықтар Ассамблеясы Төрағасының орынбасары;
Тоқашбаев М. – «Президент және халық» газетінің Бас редакторы;
Тұяқбай Ж. – «Азат» ОСДП партиясының Төрағасы;
Нығматуллин Н.З. – «Нұротан» ХДП Төрағасының орынбасары;
Шүкеев Ө.Б. – «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әлауқат қоры» акционерлік қоғамының
Төрағасы.
Қазақ тілі – мемлекеттің тілі ғана емес, біздің тарихымыз, ата дәстүріміз. Қазақ қоғамы тілдің сол қасиетін білгендіктен қор болған жоқ, ұлт болып ұйысты. Ғылым-білімі дамымады демесеңіз, даналығы өз алдына, соның белгісіндей дәстүріне берік болды. “Ата тұрып ұлы сөйлеп, шешесі тұрып қызы сөйлеген жоқ”. Ұрпақ тәрбиесін бесіктен бастап, сөзге тоқтады. Қолына мылтық ұстап, түрме ұстамай-ақ жер дауын, жесір дауын шешті. Жесірін жылатпады, жетімін қаңғыртпады.
Кеңес өкіметі де ақымақ емес екен.
Бізді тілімізден айырды. Өз тарихымызды өзімізден жасырды. Мен ойлаймын қазіргі зинақорлық, парақорлық, жезөкшелік, сектаға “сіңу” т.с.с сияқты имансыздық атаулы бізді бір ғасырға жуық уақыт тіліміздің тереңінде жатқан тарихи-мәдени мағынаны жасырып, арысымызды қарсы қойып, “халық жауы” атандырған отарлаушы өкімет саясатының жемісі. Басқа ештеңе де емес. Оның орнын толтыру үшін, ұлт мүддесіне жұмыс жасайтын зиялы көбейсе дейсің. 20-ғ.басындағы сияқты ғылым-білім беру жүйесі ұлттық мүддеге қызмет істесе. “Көп түкірсе көл” ғой…