Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалинді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан Жазушылар одағының кезекті съезіне дайындық мәселесі және отандық әдебиетті дамыту келешегі талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев ұлттың рухани әлеуетінің дамуында еліміздің жазушыларының қызметі маңызды екенін атап көрсетті.
Осы орайда, Нұрлан Оразалин алдағы уақытта өтетін съездің қарсаңындағы кездесудің мәнін атап өтті және оған қатысушылар Мемлекет басшысының ұсыныстарын іске асыруға күш-жігерлерін салатындығына сенім білдірді.
Дереккөз: “Егемен Қазақстан”
Парақшамызға жазылыңыз
Мемлекет басшысы қандай ұсыныс айтыпты? НО-ны қайта сайлаңдар деп пе?