Қазақ әріптер жинағы – KZChars
Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға KZChars – қазақ әріптерін iPhone/iPod құрылғыларында теруге арналған бағдарламасын ұсынып отырмыз.
Бағдарламаның мақсаты – қазақ тілінде ғаламтор және түрлі байланыс құрылғыларындағы мақалаларды, мәтіндерді, пікірлерді ыңғайлы өңдеуге, жариялауға көмектесу.
Бағдарламадан шықпай-ақ Twitter арқылы қазақ тілінде шағын жолдамаларды жариялауға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, осы бағдарламаның мәзірі арқылы терілген мәтінді sms және e-mail түрінде де жолдауға болады.
Бұл бағдарламаның алғашқы нұсқасы, егер KZChars-қа қатысты қызықты ойларыңыз, толықтыруларыңыз болса, оларды пікір не жеке хат жазу арқылы білдірсеңіз болады.
Келесі 5 код (redeem) алғашқы оқырмандарға бұл бағдарламаны app store-дан тегін жүктеуге мүмкіншілік береді:
JRXHYTXFRE6F
NN6YNREWJN9W
XXPXM4A4FHTH
MFE9A3M3KNM4
AJJK4HN4FWTA
Бағдарламаның атауы: KZChars
Баспа/өңдеуші: Beisenbek Baisakov (@bsnbk)
Бағасы: 0.99$
Сілтеме: iPhone – http://itunes.apple.com/us/app/kzchars/id561406956?ls=1&mt=8
Авторы: Бейсенбек Байзаков
Парақшамызға жазылыңыз
Рахмет.