Қытайдағы қазақ мектептерінде қазақ ауыз әдебиетін жаңғырту, ұрпақ санасына сіңіру мақсатында Қисса сыныптары ашыла бастапты. Бұл туралы Шыңжаңның Тарбағатай ақпараттық сайты хабарлаған. Бір мысал ретінде Тарбағатай аймағындағы №2 орта мектепте қисса сыныбы ашылғанын жазады.
Қиссашылар жетекшісі Кәбира Мүсінатқызының айтуынша, аталған мектепте «Оқушыларды жан-жақты баулу» 2007 жылдан бастап оқыту бағдарламасына енген. Ал қисса орындауды үйрету осы бағдарламаның «Көне жазбаларды зерттеу» тақырыбына жататын тәлімгерлік түрі болып саналады. «Топтық қисса орындаудан жеке орындауға көшіп отыратын сабағымыздың алғашқы нәтижесі көңіл толарлық. Біздің мақсатымыз – қисса жаттатып, оны орындату арқылы балалардың талантын ұштап, өнерін дамыту» дейді Кәбира Мүсінатқызы.
Қуана құптарлық жаңалық!