Жақында болған партияның Орталық кеңесінің отырысында «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы, белгілі қазақ ақыны Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары болып сайланды.
Ал «Ақ жол» партиясы төрағасының ежелден келе жатқан орынбасары Бөріхан Нұрмұхамедов «Әрдайым оперативті қызметте болу мүмкіндігімнің жоқтығына байланысты партия төрағасының орынбасары қызметінен босатуды сұраймын» деп арыз жазып, қызметінен кетіпті. Бірақ, ол партияның Орталық кеңесінің құрамында қала береді. Сондай-ақ, «Ақ жолдың» Алматыдағы филиалының жетекшісі, партия төрағасының орынбасары болған Талғат Әбдіжаппаров та қызметінен босатылды.
«Ақ жол» партиясында болып жатқан бұл кадрлік өзгерістердің шынайы себебі әзірге белгісіз. Партия төрағасы Азат Перуашевтың ойында не бар екенін ешкім білмейді.
Дереккөз: serke.org
Парақшамызға жазылыңыз