//

Бұқарбай Бейсен:Түркі түгелденсе, Орыс қайда барады?

1635 рет қаралды
7

Путин қазақты ренжітсе қаран қалады

Соңғы 1 жылдан бергі Орыс саясаткерлерінің тірліктері түсініксіз боп бара жатыр. Тіпті Орыс президенті Владимир Путин де шалыс басып жүр.  Әсіресе Путин мырзаның Кеден Одағы төңірегіндегі  атқарып отырған жұмыстары қарынды ашырады. Себебі Кеден Одағында қолдау жоқ тек мүдде саясаты жүріп жатыр. Осы Мүдде саясатының өзі де өте тар шеңберде іске асуда.  Кезінде Қазақ президенті Нұрсұлтан Әбішұлының аузымен айтылған «Евроазиялық Одақ», «Кеден Одағы» деген идеялардың  алғашқы жемісі ретінде құрылған Кеден Одағы Ресей  үшін май шелпек болып тұр. Ал Қазақ елі үшін саяси жақтан шала, экономикалық жақтан пайдасыз бір ұйым болып қалуда.

Ресей, Беларусь, Қазақстан арасындағы Кеден Одағының соңғы уақытта еліміз экономикасына кедергісін нақты статистика көрсетті. Біз миллиондаған қаржыдан қағылдық.  КО құрылғалы Беларустың экспорты 22 пайызға, Ресейдікі 28-ге өскен. Ал біздікі ҚР керісінше, 30 пайызға кеміген!  КО дейін де Ресеймен саудада 0 пайыздық кедендік ставка болатын. КО аясында 92 пайыз кедендік тариф саясаты Ресейдікі болғандықтан, шетел тауарларының бағалары күрт өсіп жатыр. Кедендік салықтардан түскен қаржының 88 пайызы Ресей бюджетін, 7 пайызы ғана Қазақстан бюджетін толықтырады.( http://www.ult.kz/kz/article/view?id=621 ) Ал Орыстар осы жағдайды көре тұрып, нақты қадамға бармады, себебі олар нағыз саясатты түсінсе де, болашақтарына жұмыс жасауды ұмытып қалған сыңайлы.

Менің айтайын дегенім дәл осы Қазақ елінің Кеден одағының  бір аз салмағын көтере тұра, пайдасынан қағылуына Путин мырзаның  ешқандай аңыс білдірмеуі болып тұр. Бұл шынын айтқанда Кеден Одағының тағдырына қатысты мәселе екені Путинді ойландырмай ма?  Грецияға есепсіз ақша аударған Европа Одағынан үлгі алып, ақшасын бермесе де тығырықтан шығуына бар күшін салып көмектесуге міндетті. Бұл жағдайды көре тұрып басқа елдердің бұл одаққа кіруге талпынуы мүмкін емес. Тек бір-біріне көмектесіп, пайда келтіргенде ғана барлық мүше біріге алатынын орыстар түсінбей ме? Мін бұл Орыстардың  такаппарлығы мен саяси танымдарының қаншалықты екенін көрсетпей ме?

Бізге ұзақ болашақтық саясат керек, Ол – Түркі одағы

Бұл жерде Қазақтың «Өз өлтірмейді, жат жарылқамайды» деген мақалы біраз нәрсені түсндіріп берді. Орыстар бізді ешқашан жарылқаған емес, жарылқамайды да.  Дәл солай Түркия республикасы да Еуро одақтан дәмете-дәмете, ақыры үмітін үзгелі қашан. Енді сол Еуропа Одағына кір деседе кірмейтінін Ережеп Тайып Ердоған ашық айтқанын жұрт біледі. Қазақстанды Орыстар «былай» лақтырып отыр. Түркия елі жаңа саяси бағыт жасауға талпынып отыр, оған «іздегенге сұрағандай» болып Қазақстанның қосылуы заңды.

Бұл жерде көптеген саясаткерлер «Өзбек синдромын» алға тартып, Түркі жұртының бірігуіне күманмен қарайды. Шын мәнінде Өзбекстан сияқты  бірер елдің бұл идеяға ешқандай пайдасы да зияны да жоқ. Олар ешқандай өзгеріс әкеле алмайды.  Түркі Халықтары одағын құру шын мәнінде бір аз уақыттан бері жемісті түрде алға жылжып келеді.  Егер осы Түркі жұртының бірігуі іске асып жатса негізінен кіші Азия түбегінен Түркия, Орта Азиядан Қазақстан, Қаптауынан Әзібайжан, Ресейден Татарстан елдері басты рол ойнайды. Оған Шығыс Еуропадан Венгерлер де қосылатыны соңғы 5-6 жылдан бергі саяси жағыдайдан белгілі болып отыр.

Бұл саясатта этнографиялық туысқандық өте маңызды рол ойнайды. Яғни Қазақ, қырғыз, Татар, Башқұрт, Қарақалпақ, Ноғай, Құмық қатарлы ұлттардың тілі ешқандай аудармашысыз түсініледі, яғни тілдері 95 пайыз ұқсас. Оған діндері мен қатар жағырапиялық жағын қоссаңыз бұл ұлттар бірін-бірі бір ұлттай сезіне алады. Бұл халықтар бір-біріне жұтылып кетеміз деп те қорықпайды сол үшін кез келген істе бірге болатыны даусыз. Ал өзбектер баяғысынша анадан бір қызғанып, мынадан бір қызғанып екі ортада жүреді.  Өзбектерге жақындығы бар Ұйғырлар мен Тәжіктердің азғантай ықпалы болуы мүмкін бірақ жалпы тұрғыдан олар шамаларының келісінше ортақ топта болғысы келеді. Әзірбайжандар мен Түркия Түріктерінің айырмашылығы шамалы ғана, енді оған Қаптауы  халқы жақын екені белгілі. Міне осы елдер өзара бір блок болуы мүмкін. Бұл жерде тағы Хакастар(Қазақтар кәпір қырғыз дейді, Ислам діні тарамай қалған Енесей қырғыздары) мен Алтайларды(Ислам діні жетпей қалған Қазақ тайпалары) тегі мен тіліне қарай отырып ортақ топқа қосуға мүмкіндік бар, себебі олар сонда ғана өсіп-өркендей алатынын түсінсе бірден бізге тартылады және өздеріне пайдалы блок жасауына барынша көмектескен жөн. Ал онан арман Жақұттар(Якутия) мен Тываларды, Чуваштарға да кеңейтіп, ақырындай көмектесуге болады.

Мүмкін біреулер Ресейде Түркі жұртымен қалай байланысқа түседі деп ойлап қалар. Менің көзқарасымша бұл да мына бірнеше саяси себептерден біздің пайдамызға шешілуі мүмкін. Біріншіден, Ресейде нығаю үстіндегі Автономиялық республикалар. Жалпы Ресей  халқының  25 пайындан астамын ұстайтын халықпен санаспауы мүмкін емес; Екіншіден, Ресей Орта Азиядағы өз  ықпалынан айырылып қалудан қорқады, тіпті стратегиялық маңызға ие елдермен атап айтқанда Түркі тілді мемлекеттермен тығыз қарым-қатынаста болуға мүдделі болады; Үшіншіден, қазіргі халықаралық геосаяси жағыдай барған сайын күрделенуде. Міне бұл Орыстарға сенімді серікті, мүдделі одақты талап етеді. Еуропа одағының ешқашан Ресейге пайда әкелмесі анық, Арабтар күйреуде, енді Масондардың Сионистік тәртібі Орыс империясына бағытталуда. Сондықтан Ресейге біз ең сенімді одақтас бола аламыз, ол бізге де пайдалы, бұл жерде Орыс бізбен санаспаса әрине опық жейді;             Төртінші, Түркі жұрты тарихи сыннан өтті, кімнің дос, кімнің қас екенін түсінді. Ата салты мен дінін сақтаған, рухани жақтан орныққан жұрт. Міне бұл Рухани азғындап, танымы тоза бастаған Ресейге ең керегі. Ал Ресейдегі  Түркі республикалары даму жолында, әрі сындарлы саясат қолдануда,  қазірдің өзінде және болашақта олар саяси сахнада Ресейдің атойшылары бола алады.

Дәйек ретінде бірнеше саясаткердің көзқарасын беруді жөн көрдік:

Нұрсұлтан Назарбаев: «Ататүрік айтқандай, «Бүкіл түркілердің бірігетін кезі келеді». Сондықтан, мен бүкіл түркітілдес ағайындарды қуанышпен қарсы ала отырып, біз доспыз дегенді айтқым келеді. Алтай мен Жерорта теңізінің аралығында 200 миллионнан астам ағайындар өмір сүруде. Егер біз, барлығымыз бірігетін болсақ, әлемдегі үлкен күшке айналамыз» (Н.Назарбаевтың қазақ-түрік бизнес-форумының жабылу салтанатында сөйлеген сөзі)

Кирилл Бенедиктов(Россия) — о том, сменит ли Нурсултан Назарбаев евразийство на пантюркизм? Население самого Казахстана — 16,4 млн человек, из них собственно казахов — 10,5 млн. Еще 75 млн тюрков живут в Турции. В общий счет пошли также прочие государства Средней Азии и Азербайджан. Но остальные-то миллионы где? Вероятно, в России. И, судя по всему, именно проживающих на территории нашей страны тюрков намерен включить Назарбаев в то «большое и влиятельное в мире государство», про которое он рассказывал в Стамбуле.  Идея не новая. Называется она, правда, не евразийство, а пантюркизм. Идеалом пантюркизма является воссоздание великого государства всех тюрок — когда-то оно у них было и называлось Вечный Эль (что приблизительно соответствует немецкому «Тысячелетнему Рейху»). Судя по словам Назарбаева, новый Вечный Эль должен раскинуться от Алтая до Белого моря, включая в себя Турцию, республики Средней Азии, Кавказа, Поволжья… Совершенно очевидно, что подобное национальное образование может возникнуть только в случае полного распада Российской Федерации. Тогда евразийская интеграция автоматически меняется на тюркскую — даже если под сурдинку придется ассимилировать оставшихся на новых территориях Вечного Эля русских.

(http://izvestia.ru/news/537872 )

Серік Ерғали(Саясаткер): Ой, осы жұртты-ай. Елбасы Мәскеуден Анкараға барып саяси бағытты өзгерте салады дегенге кім сенеді.Онда оған орыс та, түрік те сенбес еді. Бұл жерде көпвекторлы саясаттың бірыңғайлана бастағанын, кімнің дос, кімнің бауыр екенін ажырату қажетігі туғанын уақыт көрсетіп тұр ғой. Бұдан нәтиже шыға қоятыны, әрине мүмкін емес. Бірақ болашаққа іргетасты осылай неге құймасқа.

Мұхтар ТАЙЖАН (саясаткер): Қазір Кеден Одағына кіруден ба­сы­мызға бақтың орнай қоймағанына көзіміз анық жетті. Күнделікті қант-шайымыз бен құрт-майымызға, эконо­микалық сауда-саттығымызға орасан нұқсан келтіргенін, әсіресе, Ресеймен шекаралас облыстардың іскер адам­дары айтып-шағынғанда, етектері жас­қа толады. Менің ойымша, Елбасынан бастап, елдің ең жасына дейін, ең алдымен, ұлттың тағдыры мен мемлекеттің мүд­десіне қатысты мәселелерді ең маңыз­ды қатарға қоюы керек. Өркениетті ел­дердің өнегесі біздің бәрімізді және әрбірімізді елдің тағдырынан бөлін­беуге үйретеді. Сондықтан, Қазақстан оппози­циясы өкілдерінің жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастамасы шырт ұйқыдағы жұртты шошытып оят­­қандай болды. Қазақстанның 14 об­­лысынан және Алматы мен Астана қа­­лаларынан 30 делегат жиналып бір мәмілеге келсе, жалпыұлттық референдум өткізуге болады. (http://dala.tv/news/reseimen-odak-kursak-tagy-da-otar-elge-ainalamyz )

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ (Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары): Иә, бүгін Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Түркия Президенті А.Гүлді Кеңестің көк байрағын көтеріп, ғимаратымызды ресми түрде ашады деп күтіп отырмыз. Былайша айтқанда, түгел болған төртеудің туы тігіліп жатыр Стамбул көгінде. Сонымен қатар, Кеңестің кеңсесінде мүше елдердің де тулары ресми түрде көтеріледі. Енді Стамбулда Қазақстанның туы тұрақты желбірейтін тағы бір мекеме бар деп айтуға болады.(Араша сайытына 2012жылы 12 –қазанда берген сұхбаты http://arasha.kz/post/1008  )

Түркінің арманы, Алаштың аманаты орындалар күн тусын деп тілейік, Ағайын!

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Бұқарбай ағамыздың мақаласы жақсы жазылыпты! сөзінің астарында улкен мән жатыр, расымен Түркі халықтары біріксе жалпы сол елдердің экономикасы да діни-рухани жағынан мызғымас күшке кенелетіні анық. Бірлік бар жерде тірлік бар дейді қазақ атамыз. Желі тұрса орманы, жауы шапса қорғаны болар Алаш ұлтына бақ берекет тілеймін! рахмет

  2. Мұндай бірлестік құру үшін көп уақыт, күш-жігер қажет. Себебі әлемнің алпауыт елдері бұған жол бермесі анық. Кезіндегі әлемді аузына қаратқан Осман империясының өзі Англия, Франция елдерімен құлатылды. Ал енді сол кездері тамырын жаюға жол берілмесе, қазіргі таңда да сондай болуы ақиқат. “Бірігіп көтерген жүк-жеңіл”демекші бірігіп жатса,әрине игі іс болады.

  3. Бүкіл түркілердің бірігетін кезі келді. Түркі халықтарының мықтылығы тарихтан мәлім. Шыны керек, түркілердің қуаттылығын Америка да, Еуропа да мойындап қойған, бірақ мойындағылары келмейді. Діні, тілі сан алуан Еуропа Еуроодақ құрғанда,тарихы, тілі, діні бір түркі халықтары қалайша біріге алмайды?

  4. Бүкіл түркілердің бірігетін кезі келді. Түркі халықтарының мықтылығы тарихтан мәлім. Шыны керек, түркілердің қуаттылығын Америка да, Еуропа да мойындап қойған, бірақ білдіртпейді. Діні, тілі сан алуан Еуропа Еуроодақ құрғанда,тарихы, тілі, діні бір түркі халықтары қалайша біріге алмайды?

  5. Өкінішке орай, қазіргі таңда кейбір жастарымыз бұл мәселенің маңыздылығын жете түсінбейді. Яғни, тарихты терең білмейді деуге болады. Басқа түркі халықтары өкілдеріне деген жеккөрушіліктен арылуымыз керек. Неге екені белгісіз, бірақ бір-бірін жек көретін түркілер де бар. Сол үшін халықты сауаттандыру керек деп ойлаймын.

  6. Бұқарбай ағамыздың мақаласы, расымен, тамаша! Жақсы көтерілген мәселе. Саяси тұрғыдан толығымен, жан-жақты сараланғаны көрініп тұр.«Өз өлтірмейді, жат жарылқамайды»

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар