//

Дипломымды жоғалттым

1003 рет қаралды
4

Құрметті оқырман! “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы былтырдан бастап, “Заңгер кеңесі” айдарын жүргізуді қолға алғаны мәлім. Алайда, қаржыландырудың болмауы себепті, біраз уақыт жаңаланбай келді. Бірақ, соған қарамастан, біздің заңгерімізге сауалдар толассыз түсіп жатты.Заңгеріміз соның бәріне үзіліссіз жауап беруге тырысты.  “Сорос Қазақстан” қорының қолдауымен, 2012 жылдың соңына дейін “Заңгер кеңесін” жаңалауға тағы да мүмкнідік алып отырмыз. Сауалдарыңызды жолдаңыздар, ағайын!

САУАЛ: Саламатсыздар мен жақында дипломымды жоғалтып алғам. Бірақ мен оқыған оқу орны жабылып қалды. Енді қайтадан дипломымды қалпына келтіре алам ба? Келтіре алсам жолдары қандай?

Жауабы:

Жоғалтып алған дипломыңыздың дубликатын (телнұсқасы) жасатуға болады, бірақ сіз оқыған оқу орны жабылып қалғандықтан, бұл оңай бола қоймас.

«Білім туралы мемлекеттік нысандағы құжаттардың формаларымен түрлерін бекіту және оларды беру тәртібі туралы» ҚР-ның Үкіметінің Қаулысының 6-шы тармағына сәйкес жоғалтқан құжаттардың орнына сол құжаттардың дубликаты (телнұсқасы) беріледі. Оқыған оқу орныңыз жабылып қалғандықтан оқу орны орналасқан қаланың Білім беру Департаментіне барып өтініш білдіріңіз немесе министрлікке де жазуыңызға да болады. Жабылған оқу орнының құжаттары мемлекеттік архивке өткізілуге тиіс.

Өтінішпен бірге жинайтын құжаттары:

– дипломыңыздың «Егемен Қазақстан» немесе «Казахстанская правда» газеттерінде жоғалғаны жөнінде жарияланған данасы

– нотариалды түрде куәландырған жеке төл құжатыңыз

– жоғалғаны туралы анықтама (справка с Бюро находок)

– Дипломның көшірмесі немесе ол жөнінде ақпарат (қазақ және орыс (ағылшын) тілінде жазылған аты-жөніңіз).

Министрлік арқылы да мұмкін болар, өйткені олар қалалық аудандык білім департтаменттері арқылы жоғары оқу бітірушілерге дипломның бланкілерін, тиісті бітірушілер санын көрсеткен бұйрық негізінде арнайы СҰРАНЫМ арқылы алады.

Құрметпен Жанерке

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Жұмысқа орналасайын десем, сотталмағаның туралы анықтама әкелуімді талап етті. Оны қайдан алам?

  2. Мен қытайдан келген оралманмын. Қытайдағы жүргізушілік куәлігім(прауам) ҚР-да іске жарайды ма?

  3. Мен жеке куәлігімдегі атымды өзгерттім едім, жаңа куәлікті алғаныма екі айдай болды, жаңадан алған кезде жұмыс қарбаластығынан сол жеке куәлікті тіркетіп үлгере алмадым. Енді тіркеуге апарсам айыппұл салынады ма? Қаншалық мөлшерде?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар