//

Елу жасар еркекті…

724 рет қаралды
2

Елу жасар еркекті Алматы облысының Ескелді би ауданының Қарабұлақ кентінің орталық ауруханасының жап-жас дәргері «екі қабат» деп диагноз жасаған. Бұл туралы көптен жергілікті «Время» деген газет «шүйінші» сұрған. Естімеген елде көп дегендей, бақсақ, бұл рас сөз екен. Марал Қабдешева деген дәргер сымақ әлгі азаматтың медициналық тексеру анықтамасына «аяғы ауыр, іші үлкейген» деп сүйкеп жіберіпті. Дәргерге өлердей сенгіш халықпыз ғой, әлгі, тәңірі жарылқағыр да қолындағы құжатты тым болмаса бір оқымай газбен дәнекерлеушілікке қабылдамақ яғни анықтама сұратқан фирмаға апарып бере салады. Ал ол фирманың ашық ауыз медбикесі оны тағы біреуге айтып қалған ғой. Ертесінде-ақ әлгі «жүкті болған» азаматтың аты жер жарып шыға келеді. Жергілікті газетте «Сидоров қашан босанар екен деп бүкіл Қарабұлақ шулап жүр, әуелі ұл ма, қыз ба десіп, болашақ нәрестеге ат та тауып қойыпты» деп жалынды мақала жарқ ете түссе керек. Сөйтіп, атын айға шығарған дәрігер Марал Қабдешева, фирманың медбикесі және жария жасаған газетті сотқа беремін деп Сидоров сыбанып жүрген көрінеді.  Ал Марал Кабдешева болса қатесін мойындайды деп жазылса керек….

Ал іс аяғы немен тынарын уақыт көрсетер.

Қарамер

 

дерекMail.Ru-дан (17.10.2012) алынды

 

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Көпке топырақ сепкенім жарамас, бірақ біздің елімізде осы тектес жағдайлар аз емес! Болған істен басқалары сабақ алар деп ойлаймын!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар