///

Мультфильм – маңызды мәселе

3868 рет қаралды
7

Соңғы жылдары қазақ киносы толымды табыстарымен көзге түсіп, ауызға іліге бастағаны белгілі. Алайда, соның бір бағыты – бүлдіршіндерге арналған мультфильм саласы әлі күнге дейін өз арнасына түсе қоймағаны шындық. Бұл туралы сала мамандары салмақты мінбелерден салиқалы сөз айтып, баспасөз беттерінде сан тарау мақалалар жарияланғаны, бұл тақырып теледидарда талай рет әңгіме өзегіне айналғаны бар.

«Бала тәрбиесі бесіктен басталады» демекші, бүлдіршіннің есейіп ер жеткеніне дейінгі тәрбиесіндегі анимациялық фильм­дер­дің рөлінің орасан зор екені белгілі. Ас­та­надағы Журналистер үйін­де өткен басқосуда осы бір өзекті мә­селе тағы да әңгіме ар­қауы­на айналды. Оны ұйымдастырушы жаңадан құрыл­ған «Қа­зақстан аниматорлар ассо­циа­ция­сының» мақсаты – бұқаралық ақ­па­рат құ­рал­дары арқылы жұртшылықты еліміздегі анимация саласының қал-жағ­дайынан хабардар ете отырып, бала тәр­биесіндегі осы бір өзекті проб­ле­маларға қоғамның да назарын аудару екен. Шара барысында, жаңадан құ­рыл­ған бірлестік басшысы, танымал режиссер Батырхан Дәуренбеков, Т.Жүргенов атын­дағы Өнер академиясы анимация кафед­ра­сының меңгерушісі Қайырғали Қасы­мов, аниматорлар Нуриддин Паттеев пен Адай Әбілдинов мультфильм мәселелері төңі­ре­гін­дегі ой-пікірлерін ортаға салып, журналистер тарапынан қойылған сұ­рақ­тарға жауап қай­тарды.
Сондай-ақ басқосу барысында «Қа­зақ­стан аниматорлар ассоциациясы» «Ба­­лаларға ба­зар­лық» атты мульт­фильм­дер жинағынан тұ­ра­тын мың дана дискілерді балабақшалар мен балалар үйіне тарту ететіндерін айтып, «ani-mator.kz» сайтының таныстырылымы өтті.
Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан»

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. шынымен өте қуантарлық хабар,бүлдіршіндеріміздің санасын мұхит асқан елдердің нәресте санасына кері әсерін тигізетін мультфильмдер жаулап жатқан заманда өз ұлттық нақышымызбен өрнектелген өнегелі тәрбиеге баулыйтын туындылар күтеміз

  2. Болар елдің баласы бесіктен, – демекші, бұл көтеріліп отырған тақырып өте орынды мәселенің бірі. Бүлдіршіндеріміздің санасына шетелдік Шрек секілді мультиктерді құйғанша, қазақтың таза, асыл Ана тіліндегі Балапан арнасын, Алдар Көсе анимацияларын көрсетсек – Отансүйгіш, рухы мықты, таза тілді ұрпақ өседі. Дегенмен, қазақ тілді балаларға арналған танымдық бағдарламаларды көбейту керек.

  3. Мөлдірдің сөзімен келісемін, себебі әлі де сол Батысқа қарап еліктеп келе жатқанымыз ащы шындык, “Алыстан дорбалағанша, жақыннан дорбала” демей ме еліміз. Меніңше қазақ көрермендері қазақ мультфильмін аз көретін себебі туындының сапасында секілді.Бәрі бірден болмайды гой!! уақыт емші,уақытпен бәрі реттеліп, Молдир кызымыз айтпакшы Тәрбиеге баулитын кинотуындылар кутеміз Рахмет!!!

  4. көмек, қолдау көрсетілсе, қазақ мультфильмі де алі болашақта танымал болатынына сенемін. көптеген керемет, қызықты аңыз – ертегілеріміз бар. кім білед алдағы уақытта біздің ұлттық мультфильмдеріміз әлемдік масштабта орын табатын шығар

  5. Мультфильм – бала тәрбиесінде үлкен роль ойнайиыны жасырын емес. Біз бала кезімізде жапон, ағылышын мультфильмдерін көріп, сол мультфильмдерді шығарған елдерді қатты құрметтейтінбіз. Сол елге саяхаттап барғымыз келетін. Яғни, мультфильм-бала санасына оңай, қарқынды әсер етеді. Сол себепті, біздің елдің Қазақ мультфильмдері жиынтығые балалар үйіне таратылғанына шынында да қуаныштымын! Енді осы қазақ мультфильмдері қазақ телеэкранынан жиі берілсе нұр үстіне нұр болар еді !

  6. Бұл жобаның қолға алынып жатқанына өте қуаныштымын. Бөбектерімізді сырттың идеологиясымен улағанша, өзіміздің төл тумаларымызды анимация ретінде шығарған тиімді. Сәттілік!

  7. Казирги кезде мультфильмдер коп бирак, балаларга арналгандар санаулы ак кана.шетелдин атыс-шабысынан кори озимиздин мультфильмин дамытса екен…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар